Онкологиясы


Сүйектің қатерлі ісіктері



Pdf көрінісі
бет167/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Сүйектің қатерлі ісіктері
ОС - ң метастаз ошақтарын беруі
Остеосаркома өте тез өсуімен, дене ағзаларына жай--
ылуымен, яғни метастаз ошағын жылдам беруімен ерек--
шеленетін ісіктердің қатарына жатады. Ісіктің негізгі ме--
тастаз ошақтары алғашқы 6 – 8 ай ішінде өкпеге шабады. 
17% жуық ОС қаңқа сүйектеріне де метастаз ошағын бе--
реді. Дурнов Л.А (1998) айтуынша, ОС метастаз ошағын 
шыққан сүйегіне байланысты, мысалыға: асықты жіліктің 
шыбығыннан шықса – 29%-ға жуық; жамбастың ОС-да – 
20%; сан сүйегінің ОС – 19%; асықты жіліктің ОС – 17%; 
ал ОС тоқпан жіліктен басталса – 6%-ға жуық береді,– дей--
ді. Бұл метастаздардың көбісі түтікше сүйектерге берілетін 
бірошақтық және олардың 2/3-і аурудың екінші жылында, 
яғни (отдаленный метастаз) ұзағырақ уақыттан кейін бері--
летін метастаздар. 
Метастаз гемотогенді және лимфогенді жолмен беріледі.
Гемотогенді 
жолмен алғашқы 6-8 айдың ішінде, ісік жа--
сушалары өкпе тініне шабады. Метастаз ошақтары өкпенің 
екі жағында да бірдей, кейде біржақты – біреу немесе бір--
нешеу болып шығуы да мүмкін. Рентген суретінде ОС ме--
тастазы басқа ісіктердің метастаздарынан айырмашылығы 
жоқ, дөңгелек тәріздес, шеткі қырлары өте дұрыс болып 
келеді. Ал мөлшері әртүрлі, яғни метастаз уақытына бай--
ланысты диаметрі 0,5 см-ден 2-3 см-ге дейін болуы мүмкін. 
¤кпедегі метастаз ошақтары бір-екіден аспаған жағдайда
3-4 курстық химиотерапиядан кейін оны операциялық жол--
мен алып тастауға болады. Ал, өкпенің екі жағында да бір--
нешеуден метастаз ошақтары болатын болса, онда химиоте--
рапиямен қатар, өкпеге сәуле емі қолданылады.
Лимфогенді 
метастаз – 1-2% кездеседі. Негізінен 
аймақтық лимфа түйіндеріне беріледі. Кейбір уақытта лим--
фа түйіндерінің ұлғаюы метастаз - емес, реактивті ұлғаю 
болуы да мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайда лимфа 
түйіндерін кесіп алып, морфологиялық зерттеуден өткізген 
жөн.


278


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет