Онкологиясы


Сүйектің қатерлі ісіктері



Pdf көрінісі
бет171/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Сүйектің қатерлі ісіктері
қолдану арқылы науқастың зақымданған жерін ғана ке--
сіп алып, орнын жаңағы айтқандармен ауыстыру арқылы 
науқастың қол – аяғы сүйектерін аман сақтауға мүмкіндік 
туды (Button S., 1987. Hіrano T., Іwasakі K., 1991).
Сурет – 34. Сол жақ сан сүйегінің дистальды 
метафизінің ОС-ы.
Зақымданған бөлігі кесіп алынып, трансплантатпен 
ауыстырылған
Сонымен қатар, операцияны – өкпеге шапқан метастаз 
ошағын алу үшін де қолданылуда, әрі үлкен нәтижелі болу--
да. Химиотерапиядан кейін, егер өкпедегі метастаз 1-2 ден 
аспаса, оларды кесіп алып тастау арқылы баланың өмірін 
ұзартып қана қоймай, толық жазылып кетуіне мүмкіндік 
жасалуда (Beattіe T.І., Harvey І.C., 1991). 
Операция нәтижесінің болжамына ісіктің алғашқы 
анықталған кезі мен метастаздың шыққан уақыты көп әсерін 
тигізеді. Сондықтан, метастазды дер кезінде анықтауда ком--
пъютерлі томографияның (КТ) орны ерекше. 


282
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
КТ арқылы өкпедегі метастаз ошақтарын (микро мета--
стаздарды) рентгенографиядан бұрын байқауға болады (Ma--
rіna N.M., Pratt C.B., 1992).
Сәуле терапиясы
- өз алдына соңғы кезде көп елдерде 
қолданылмай келеді, себебі бұл ісіктің оған төзімділігі, әрі 
берілетін жоғары мөлшердегі (50-100 Гр) сәуледен кейінгі 
асқынулардан арылу, қиынға соғуда. Сондықтан, сәуле те--
рапиясы басқа ем тәсілдерімен үйлестірілген жолмен бері--
леді. Бизер В.А. (1990) айтуынша, ОС емдеу екі кезеңнен 
тұруы қажет. Біріншісі – сәуле емі мен химиотерапияны 
үйлестіріп беріп, 3-6 айдан кейін екінші кезеңде – операция 
түрін қолданған жөн. 
Сәуле емі – ісік біріншілік жамбас сүйектері мен 
омыртқаны зақымдаған жағдайда, немесе басқа ағзаларда 
метастаз ошақтары болса, сонымен қатар операциядан кей--
ін ісік толық алынбай қалса, міндетті түрде беріледі. Бұл ем 
– жоғарғы энергетикалы гамма-терапиялық аппараттар «Ро--
кус, және т.б да әр-түрлі тездеткішті сәуле қондырғылары 
арқылы беріледі. 
Химиотерапия
қазіргі таңдағы негізгі ем тәсілі болып 
отыр. Себебі, ОС-ң соңғы кезде қолданыла бастаған – ци--
сплатин(Pl), адриамицин(Adr), метотрексат(Mtx), ифосфа--
мид-(Іph), циклофосфан(Ctx) дәрілерінен кейін беті бері 
қарай бастады. Бұған дейін науқастардың 80% ісіктің толық 
алынып тастағанына қарамастан денеде метастаз ошақтары 
анықталатын (Campanaccі 1990., Huvos 1991). Жоғары 
мөлшердегі метотрексат дәрісін химиотерапия схемасына 
қосу арқылы, науқастың 5-10 жылдық өмір сүру ұзақтылығы 
60-70% көтерілді. 
ОС анықтап алғаннан кейін, операция алды – неоадью--
вантты химиотерапия жүргізіледі. Оны көктамырға (в/в) 
немесе артерия тамырына (в/а) дәріні егу- құю арқылы 
жүргізеді. Артериялық инфузия – зақымданған ортаны 


283


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет