БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ Клиникалық көрінісі Аурудың клиникалық көрінісі әртүрлі және ол ісіктің
мөлшеріне, орналасқан жеріне және өсу түріне тәуелді.
Алғашқыда ісік тор қабықта орналасады. Содан соң біртін--
деп өсе келе шыны тәрізді пластинканы бұзып, ары қарай
тамырлы қабық пен шыны тәрізді денеге қарай ақшыл-cұр
түсті домалақ немесе сопақша келген түйін түзеп өседі.
Ретинобластоманың түйіндері бір немесе бірнеше болуы
мүмкін. Ісік көз түбінің ортасында орналасса, онда көру
өткірлігі ерте және тез төмендеп, қитарлық пайда бола--
ды. Егер ісік тор қабықтың шетіне қарай орналасса, онда
көру өткірлігі ісіктің көз түбінің орталық аймағына қарай
жайылуына байланысты баяу төмендейді. Ісік өсе келе көз
алмасының қуысын толтырып, қан тамырлы қабыққа да
өседі. Көздің трабекулярлы аппаратының зақымдануына
байланысты көз ішілік сұйықтықтың айналысы бұзылып,
көзішілік қысым жоғарылайды. Көзде ауру сезімі пайда
болады, іркілісті инфекция, қабықтың ісінуі, қарашықтың
кеңеюі және жарыққа реакцияның болмауы байқалады.
Кіші жастағы балаларда жоғары офтальмотонус әсерінен
көз алмасы үлкейеді. Ісіктік тіндердің дистрофиялық
өзгерістері мен некрозы кезінде қабыну үрдісі (иридоци--
клит, увеит) дамиды. Орбиталды клетчатканың ісінуінен эк--
зофтальм қалыптасады. Ісіктің көз алмасынан тыс көз ша--
расына өсуінен ауру белгілері ерте және тез өршиді. Ісік көз
шарасының сүйек қабырғасын бұзуы, мұрын маңына қарай
өсуіне жол береді. Ретинобластоманың көру жүйкесі бойы--
мен бас іші қуысына (субарахноидальды кеңістікке) қарай
өсуі мидың зақымдануына, ауру белгілерінің көрінуіне (бас
ауруы, жүректің айнуы, құсу т.б) әкеледі. Көз алмасының
қабырғасы арқылы өскен ісік экстрабульбарлы түйін
түзілуіне апарады.