Сүйектің қатерлі ісіктері қамтамассыз ететін артерияны катетеризациялау арқылы
құйылады. Бұл әдістің нәтижелері остеогенді саркомада 18-
ден 62%-ке жетіп отыр (Л.А. Дурнов және т.б 1996).
Операция алды Химиотерапиясы төмендегі схема
арқылы жасалынады:
Pl – 100 мг/м 2 в/а –3 сағаттық инфузия арқылы - 1 күні Adr –30 мг/м 2 в/а – 2- 4 күні // БДМ – 90 мг/м 2 Осы әдіспен әр 3 апталық демалыспен 4 курс операция
алды химиотерапия емі жүргізіледі, немесе 4 курстық хи--
миотерапияны әр 3 апталық демалыспен мына – төмендегі
схемамен (2001ж) жасаған дұрыс.
а) 1 және 3 курс химиотерапиясында:
Платидиам – 40 мг/м
2
– 1,2,3 күні
Aдриамицин – 30 мг/м
2
– 1, 2,3 күні 24 сағаттық
инфузиямен көк тамыр арқылы беріледі- құйылады.
б) 2 және 4 курс химиотерапиясында:
Вепезид – 100 мг/м 2 – 1-5 күні // БДМ – 100 мг/м 2 Ифосфамид – 2,4 г/ м 2 – 1-5 күні // БДМ – 12 г/м 2 уриметоксан – 2,4 г/ м 2 – 1-5 күні // БДМ – 12 г/м 2 көк тамырға құю арқылы беріледі.
Осыдан кейін барып, ісіктің патоморфозы тексерілінеді.
Патоморфоз – ісік торшаларының химиотерапия--
дан кейінгі жайы, яғни ісік жасушаларының қаншалықты
өлі немесе
тірі қалғандары туралы мәлімет. Ісіктің
гистологиялық әртүрлілігіне қарамастан, қолданылған ем--
нен кейін, егер зақымданған жерде – 10%-ға дейін тірі ісік
жасушалары қалса, онда бұл жасалынған химиотерапияның
дұрыстылығын көрсетеді. Ал, тірі ісік жасушалары – 10%-
дан көбірек болса, онда ісіктің емге көнбегендігін байқатады.