48
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Баланың анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне және
ОЖЖ компенсаторлық қасиетінің жоғары болуына байланы--
сты сәби балаларда ісік әбден ұлғайып, ІΥ қарынша қуысына
қарай өскенше білінбеуі мүмкін. Ал қарыншалардағы ісік
эпендимадан шығуы мүмкін. Бұл аймақтағы ісіктерге: ме--
дуллобластома, астроцитома және ми
діңгегінің ісігі мен
эпендимомалар жатады. Астроцитомалардың 65% жуығы
қатерсіз болады. Бұл ісіктердің ерекшелігі,
олардың қан
мен лимфа жүйесі арқылы метастаз ошағын бермеуі. Ісіктің
жайылуы ми қабықтары мен ликвор жолдары арқылы
жүреді. Ал медуллобластома,
герминогенді ісіктер және
анопластикалық эпендимомалар сүйекке метастаз беруі
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: