Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет34/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)
SIW ICT 2020
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
шағымданулары сияқты белгілер қатар жүреді. Ісіктің өсуі, 
өрши түсуі оның айналасындағы өмірге аса қажетті орталық 
нүктелерін қысуымен болатын жүйкелік белгілермен қатар 
баланың психикасының өзгеруі, көз қырағылығының 
төмендеуі кейде толық көрмей қалуына әкелуі мүмкін. Бұл 
жастағы балаларда құрысу белгілері аз көрінеді де, егер 
көрінсе эпилепсия ауруына ұқсас келеді. Құрысу кезінде 
науқастың көздері алшақтап, шарасы үлкейіп, шалқая, басы 
артқа кетіп, жүре алмай құлай беретін болады.
Басқа клиникалық белгілері, ісіктің орналасуы--
на байланысты болады. Мишық зақымдағанда қозғалыс 
координациясының бұзылуы байқалады. Науқас жүре ал--
май, төрттағандап қалып, бір жағына қарай қисая (жығыла) 
береді. Нистагм, қол-саусақтарының дірілдеуі т.с.с. белгілер 
анықталады. Жалпы белгілермен қатар (тәбетінің төмендеуі, 
жатаған келуі т.б) көз түбінде «көлшікті емізіктелу» көрінеді. 
Ал, соның зардабынан көз нерві атрофияға ұшырап, баланың 
көру қырағылығы төмендеп, соңынан толық көрмей қалуына 
апарады. Яғни, ісіктің шүйде аймағында орналасуы, оның 
тез арада көз қырағылығын төмендеуіне әкеледі. 
Бастың ауру сезімі
– мидың ісіктерінде 80-90% кез--
деседі. Бұл ісіктің негізгі және алғашқы белгілерінің бірі. 
Бастың ауру сезімі тұрақты, ұзақ болуы мүмкін. Бастың ау--
руы сезімі, егер де ертеңгілік құсу белгісімен бірге көрінетін 
болса, онда ми ісігінен сезіктену керек болады. Ауру сезімі 
ісіктің алғашқы сағаттарынан-ақ көріне бастайды. Бастың 
ауырған жерінен кейде ісіктің орналасуын да анықтауға бо--
лады, яғни маңдай немесе шүйде бөлігінде орналасқан ісік--
тердегі ауру сезімі, сол орналасқан жерінен көрінуі (сезі--
луі) мүмкін. Ауру сезімі – бас ішілік қысымының көтерілуі 
арқылы немесе жергілікті нерв орталықтарын тітіркендіру--
ден (мысалға үштік нервін) туындайды.
Құсу белгісі 
– балаларда 70-80% кездесетін негіз--


53


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет