Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет36/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
кейде қалыпты брадикардия байқалады. Мұндай белгі--
лер тыныс алу жүйесіне әсер етеді. Ісіктің өсуімен, бұл 
белгілер айрықшалана түседі. Ал, сопақша ми ұзақ уақыт 
бойы қысылатын болса, тыныс алу орталығының «сіресіп» 
қалуынан науқастың өліп кетуі де мүмкін. 
Бас ішілік қысымының көтерілуі (БІҚК).
Ісік бас 
миының қай бөлігінен шықпасын, ликвор айналысының 
өзгеруіне, ликвордың қарыншалар мен субарахноидал--
ды бөліктерінде жиналуына әкеледі. Соның салдары--
нан БІҚК-не, яғни ми бөліктерінде ликвордың жиналу--
ынан сумиға айналады. БІҚК-мен жоғарыда айтылған 
барлық белгілер: бастың ауру сезімі, құсу, көлшікті емізік 
айқындала, қарқындай түседі. Бұл белгілер пароксизмалды 
түрде көрінеді. Сумидың өршуі балалардың бас көлемінің 
ұлғаюына, еңбегінің ісінуіне, сүйек жіктерінің ажырауына 
апарады.
Шүйде аймағында орналасқан ісік, осы қуысқа 
веноздық синуспен келетін қанның іркілуіне (застой), 
бастағы қан айналымының бұзылуына, осыдан келе баланың 
ұйқышылдығы, бастың айналуы, ауру сезімі т.б. белгілерінің 
айқын көрінуіне апрады.
Ісікті анықтау әдістері
Ісікті анықтауға негізгі клиникалық тексерулермен қатар 
бас сүйегінің рентгенографиясы, компьютерлік томография 
және МРТ жасалуы қажет. Науқасты кешенді түрде тексеру 
арқылы, бұл әдістермен ісіктің шыққан жерін, топография--
сын біліп, қандай ем түрін қолдану керектігін айқындауға 
мүмкіндік аламыз.
Ауруды анықтауда, әсіресе кішкентай сәбилердегі ісікті 
анықтау өте күрделі. Себебі, оларда кездесетін ауру белгі--
лері: құсу, құрысу мен баланың мазасыздануы, азуы т.б-лар 
– балаларда кездесетін басқа да ісік емес жалпы ауруларға 


55
Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері
тән. Сондықтан, науқас баланы уақытында, өте мұқият тек--
серіп, зерттеген жөн. 
Ми ісігінде кездесетін негізгі ауру белгілерін жинақтап, 
яғни осындай белгілер білінген жағдайда, дер кезінде 
анықтау шараларын қолға алу қажеттігін көрсетер болсақ:
1. Көру, көз қырағылығының төмендеуі. Науқастың көру 
кезінде бір нәрсенің 2-у болып немесе бұлыңғыр (в ту--
мане) болып көрінуіне шағымдануы. Қайсібіреулері кі--
тапты оқудан көзінің тез шаршауына шағымданады.
2. Науқастың қозғалысының (жүруінің) бұзылуы, яғни 
мұндай балалар «мас» адамша қисаңдап (кейде құлап) 
жүреді.
3. Баланың тамақ ішуден бас тартуы. Себебі, олардың 
жүрегі айнып кездейсоқ құсып жіберуіден және көп 
құсудан қорқуынан.
4. Балалардың психикалық өзгеруі, бұл белгілер басқа да 
ауруларда кездесетініне қарамастан, ісік ауруында ба--
сымдау байқалады. Науқас ұйқышыл, тез шаршағыш, 
жатаған келуі және ұйқы кезінде шошып оянуы
эпилепсияға ұқсас ұстамалардың кездесуі.
5. Бастағы ауру сезімі. Ол алғашқыда жәй және тез 
тоқталуымен ерекшеленсе, ісік өрши келе ауру сезімінің 
күшеюі мен ұзақтылығы арта түсуімен сипатталады
Ия, бұл айтқан белгілер, балалардағы басқа да ау--
руларда кездескенімен, науқасты дер кезінде дәрігерге 
қарату және оны уақтылы тексеріп анықтау үшін, яғни 
дер кезінде ем қолданылатын болса, ісіктің болжамының 
жақсаруына көп көмегін тигізеді. Мұндай балаларды тек--
серуде тек бала дәрігері (педиатр) ғана емес, офтальмолог, 
неврапотологтардың қатысуы және науқасты уақытында 
нейрохирург пен онкологқа көрсетіп, ем тактикасын дұрыс 
жоспарлаған жөн.


56


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет