Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет33/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)
SIW ICT 2020
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ІХ. ГИПОФИЗДІҢ АЛДЫҢҒЫ БӨЛІГІНІҢ ІСІКТЕРІ:
1. Гипофиздің аденомасы
2. Аденокарцинома
Х. ЖАҚЫН ЖАТҚАН ТІНДЕРДЕН ІСІКТЕРДІҢ ӨСУІ:
1. Хордома
2. Хондрома
3. Хондросаркома
ХІ. МЕТАСТАТИКАЛЫҚ ІСІКТЕР.
ХІІ. ЖІКТЕЛМЕГЕН ІСІКТЕР 
Клиникалық көріністері
Супратенториалды ісіктер негізінен жергілікті 
клиникалық, жүйкелік (неврологиялық) өзгерістермен 
көрінеді. Мидың жарты шарынан шыққан ісіктерде (мысалға 
төбе бөлігінде орналасқан) құрысу (судароги) белгілері 
басымырақ көрінеді. Ал, бір жақты жүйкелік (қозғаушылық 
және сезімділік нервтерінің) өзгерістері – гипоталамус ісік--
терінде, олар негізінен бас іші қысымының көтерілуімен 
байқалады. 
Супрацеллярлы ісіктер (глиялық ісіктер, хиазма-көз 
нервінің ісіктері және терминальды ісіктер) Монро те--
сігін жауып (бекітуінен) қалуынан бас іші қысымының 
(БІҚ) жоғарылауына, сонымен қатар көз қырағылығының 
төмендеуіне және эндокриндік өзгерістерге (өсу гармоны 
кортизолдың, немесе қалқанша безді қозғаушы гармондардың 
аз немесе толық бөлінбеуіне т.с.с) әкеледі. Соның әсерінен 
«үштік» белгі → қантсыз диабет, жыныстық белгілердің ерте 
немесе кеш дамуы және көз қозғалғыштығының өзгерістері 
пайда болады.


51
Орталық жүйке жүйесінің қатерлі ісіктері
Томпақ безінің де ісіктері сильвиев су жолын қысуынан 
БІҚ көтерілуіне, су миға (гидроцефалия) және көздің 
қырағылығының төмендеуіне және Парино синдромына (көз 
шарасының жоғары қарай қимылдамауы, көз қарашығынан 
патологиялық белгілердің білінуі, конвергенцияның 
бұзылуы) апарады.
Клиникалық көріністері баланың жасына және ісіктің 
шыққан орнына, яғни орналасқан жеріне, оның жанындағы 
«өмірлік негізгі орталықтарды» қысуынан туындайды. 
Бәріне тән негізгі клиникалық белгілеріне: бас сүйек іші--
лік қысымының жоғарылауына байланысты туатын бастың 
ауру сезімі (ауру сезімінің күшеюі) жатады. 
Кішкентай сәбилерде (3 жасқа дейін) бас сүйек ішілік 
қысымының көтерілуінен – ауру сезімі, сонымен бірге құсу, 
лоқсу пайда болады. Олар жиі мазаланғыш, емшекті ембей 
аза бастайды. Ісік көлемінің – өсуі, бас шеңберінің және 
қысымының ұлғаюына әкеліп, оның бас сүйек еңбегінің 
кеш жабылуына немесе ажырауына соқтырады. Сонымен 
қатар, кішкентай сәбилерде «құрысу» белгілері жиі көрінеді. 
Сәбилерде аурудың клиникалық көрінісі ерте байқалғанымен 
олардың «компенсациялық» мүмкіндіктеріне байланысты 
ауру дер кезінде толық анықталмай, кешеулеп жатады.
Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы ба--
лаларда ауру сезімі ұстамалы (периодты) – бір болып, 
жоғалып, 1-2 мәрте қайталанып барып басталады. Ісіктің 
көлемінің ұлғаюымен, бас сүйегі ішілік қысымының 
жоғарылауы, ауру сезімінің күшеюіне, тұрақтылығына 
апарады. Бас шеңберінің көлемі ұлғайып, тері асты қан 
тамырлары кескіндері анықтала түседі. Бастың тері бетте--
рі бозарып, тәбеті нашарлап, әлсізденіп, еш нәрсеге зауқы 
болмай науқастың жата бергісі келеді. Оларға таңертеңгі 
ұйқыдан және күндізгі ұйқыдан кейін болатын құсу белгіле--
рі тән. Құсумен қатар лоқсу, науқастың ішінің ауру сезіміне 


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет