ОҚО,Сайрам ауданы,Ақбастау ауылы №33. Н. Шойынбаев атындағы жом-нің бастауыш сынып мұғалімі


«Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты ҚР Президенті



бет5/6
Дата20.11.2016
өлшемі0,95 Mb.
#2153
1   2   3   4   5   6

«Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты ҚР Президенті

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауына

арналған жиналыс.

Хаттама № 1

№33.Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 11.09.15ж сағат 10-00

Жиналысқа қатысқандар:


  1. Ардагерлер кеңесінің төрағасы- Ә.Байназаров.

  2. Қарасу ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы- Мұратбекова Ү.

  3. Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы -Жақыпбеков Е.

  4. Жастар ісінің маманы- Байдалиева Г .

  5. Мектеп мұғалімдері. 8-11 сынып оқушылары.

Қаралатын мәселе:

  1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын талқылау.

Баяндаушы: Ә.Байназаров.

Тыңдалды:

Алғашқы сөз кезегін ардагерлер кеңесінің төрағасы- Ә.Байназаров алды. Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалын тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және, тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда.

2.Қарасу ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы-Мұратбекова Ү Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 және одан кейінгі екі жылда әлемдік экономиканың дамуында болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, сондай-ақ, алдағы кезеңдердің жоспарларына түзетулер енгізу қажет. Бүгін айтылатын шараларды 2015 жылдың1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз.Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Біз 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қайта қарадық. Бұл дұрыс, өйткені, біздің экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет - барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.

3.Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жақыпбеков Е

Дағдарыс жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұған дейін болған. Біздің 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы табысты шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізуде. Және біз партияның тұғырнамасын бүгінгі күн шындығы тұрғысынан қарай отырып жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз.

Қаулы:


  1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол -

болашаққа бастар жол» атты жолдауына қолдау көрсетілсін және сол жолдауды негізге ала отырып жұмыс күшейтілсін.

Жиналыс төрайымы: Суранчиева А

Хатшы: Мамбетқұлова А

бие жұмысы және оқушының игілігі

Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін үздіксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу.

Тәрбие берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет.

Тәрбие қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана адам болып қалыптасады. Қазіргі таңда еліміздегі оқу- тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселенің бірі- өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық- адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті- рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындау қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет- салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп- тамырында жататыны белгілі.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше тәрбие ауадай қажет. Ия, егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі алға қойған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушысы.Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда да болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Тәрбие мәселесі адам баласының ғұмырындағы көнермейтін, ажырамайтын баға жетпес құндылық, бала тәрбиелеу мәселесінің негізгі өзегі -өмір тәжірбиесі, өз халқының әдет-ғұрпы.

Мектеп - білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп- тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек- зертелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға құсамайтын қасиетін тани білу- ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»,- деген болатын.

Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізетін дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірбиеде сынала келе нәтижеге ие болады. Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс» Тәрбие үрдісін ізгілендірудің және мектептен тыс тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі шарты- оқушыларға даралап ықпал ету тәсілі болып саналады

Оқу - тәрбие үрдісінде әрбір шара ата-аналардың қатысуымен өткізілетінін ерекше атағым келеді. Ата-ананың балаға өнегесі - барлық жағдайдағы ең күшті бағдар екені сөзсіз. Отбасындағы шынайы ұлттық тәрбие қолға алынбай, бала ұлттық тәрбиенің нәрін татпай, оның ұлттық менталитеті қалыптаспайды. Ондай жағдайда ол өзін де, сыйлап, құрметтеп, отбасының, елінің намысын ойлап жарытпайды. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды тәрбиелеуде ата-аналарды оқу- тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс. Біз мектептің ата-аналар, оқушылар мен мұғалімдердің өзара әрекет жасауы үшін бар күшімізді саламыз .Осы орайда ата-аналармен «Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, баршаның міндеті» конференция, «Бала ата-ананың бауыр еті» , « Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі», «Тәрбие бастауы отбасы», «Ата-ана отбасы тірегі» атты ата-аналар жиналысы әр тоқсан сайын өткізілп отырады.

Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру- барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу үшін тек қана мектеппен шектелмейді. . Оқудан бос уақытында жасөспірім ортақ істің ұйымдастырушысы, белсенді қатысушысы болуға үлкен мүмкіндік алады. Іске қатысушы ретінде ол алдына міндеттер қояды, оларды шешу жолдары мен құралдарын таңдайды ақпарат алады, яғни жеке тұлғаның дамуы, ержетуі және әлеуметтік бағытталуы іске асады демекпіз. Оқушының демалуы, сауығуы мен бос уақытын өткізу тәрбие ісінде маңызды функцияны атқарады, оны тек әлеуметтік тұрғыдан қорғау ғана емес, сондай-ақ шығармашылық дамыту, рухани байыту мен интелектуалдық ахуалын кеңейту үшін жағдай жасаған. Әрбір ата-ана өз баласының толыққанды демалуын ғана көздеп қоймайды, сонымен қатар олардың қажетті дағды мен біліктерді меңгеруін, ой –өрісі мен іс-әрекетінің кеңейгенін қалайды. Мектепте оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін мәдени іс шаралар, спорттық ойындар, мазмұнды мерекелермен әр түрлі конкурстар фестивальдар, өнертапқыш клубтар ұйымдастырылып отырады.

« Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды.» ,- дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады.»,- деген В.А. Сухамлинский сөзін басшылыққа алуымыз керек. Тәрбие арқылы білім беру- үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды.

Дербес Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы- бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тікелей тәуелді. Өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек,» көкірек көзін оята тәрбиелеу»- ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып ат салысатын жауапты міндеттердің ең бастысы.

1Мектепте ата-ананың оқушылардың академиялық өміріне қатысуы бойынша қандай жұмыс атқарылды?

Мектепішілік ата-аналар жиналыстары, сыныптан тыс іс-шаралар, мерекелер, ашық тәрбие сағаттар, кездесулер, концерттік бағдарламалар өткізілді.

«Бекітемін:»

«Бекітемін:»

Мектеп директоры: А.Суранчиева

№33.Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінің 2015-2016 оқу

жылындағы ұлдар жұмысының жоспары.



р/с

Атқарылатын жұмыстар

Мерзімі


Жауапты

1

Ұлдардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру

Қыркүйек

Омаров С

2

Тәртіп сапасы бойынша ай сайын жиналыстар өткізу

Үнемі

ДТЖО

Омаров С


3

Әр сыныптан тәрбиесі қиын оқушылардың тізімін алып мектепішілік есепке алу

Жылына екі рет

ДТЖО

Омаров С


4

Тәрбиесі қиын оқушыларды үйірмелерге тарту

Үнемі

ДТЖО

Омаров С


4

ИДН қызметкерлерімен кездесу

Жылына екі рет

ДТЖО

Омаров С


5

КТК көңілді тапқырлар кеші

Қараша

Үсіпбекова Р

6

«Жігітке жеті өнер де аз» сайыс

Сәуір

Асанбаев Н

7

Ауыл ішінде рейд ұйымдастырып отыру

Үнемі

ДТЖО

Омаров С


8

Тәрбиесі қиын ұлдардың тізімін алу олармен тәрбие жұмысын жүргізу құқық бұзушылыққа жол бермеу

Қыркүйек

ДТЖО

Омаров С


9

«Спорт –денсаулық кепілі» волейбол жарысы

сәуір

Омаров С

10

«Арақ аздырады, темекі тоздырады» баяндама

қаңтар

Мамешова Г

Ұлдар ұйымының жетекшісі: Исабеков Ә

«Бекітемін:»

Мектеп директоры: А.Суранчиева

№33.Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінің 2015-2016

оқу жылындағы қыздар жұмысының жоспары.

/рс

Атқарылатын жұмыстар

Мерзімі


Жауапты

1

Қыздар кеңесінің төрайымын сайлау, комиссия жұмысын жандандыру

Қыркүйек

ДТЖО

Еркебаева Қ



2

Әр сыныпта қыздар комитетін түзу

Қыркүйек

ДТЖО

Еркебаева Қ



3

Қыздардың тәртібі туралы ай сайын жиналыстар өткізу

Ай сайын

ДТЖО

Еркебаева Қ



4

«Күз аруы» сайыс 5-10сынып

Қазан

Үсіпбекова

Сынып жетекшілер



4

Қыздардың мектептің іс-шараларына белсене араласуын нығайту

Үнемі

ДТЖО

Еркебаева Қ



5

Дәрігерлермен кездесуді жүйелі түрде ұйымдастырып отыру

Жылына екі рет

ДТЖО

Еркебаева Қ

Мамешова Г


6

Тәрбиесі қиын қыздардың тізімін алу олармен тәрбие жұмысын жүргізу құқық бұзушылыққа жол бермеу

Үнемі

ДТЖО

Еркебаева Қ



7

Тәрбиесі қиын қыздарды үйірмелерге тарту

Үнемі

ДТЖО

Еркебаева Қ



8

Ауыл ішінде рейд ұйымдастырып отыру

үнемі

ДТЖО

Еркебаева Қ



9

«Қызға қырық үйден тыю» дөңгелек үстел

қазан

Есімбекова А

10

«Қыз қылығымен көркем» пікір талас


қаңтар

Даутова А

Қыздар ұйымының жетекшісі : Даутова А

Үшінші бағыт-Ұлттық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этикалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.

Бағалау критерилері (қарым –қатынас арқылы)

-Этникалық өзіндік санаға, этикалық сәйкестікке;

- Мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне;

Өз халқының мәдени мұрасына

Қазақ халқының және өз халқының дәстүрі мен әдет-ғұрпына;

-Қазақстанның этномәдениетіне;

-Этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту арқылы жүзеге асырылады.

р/с

Атқарылатын жұмыстар


мерзімі

жауапты

1

«Туған тілім- бабам тілім, өз тілім» онкүндік

қыркүйек

Маликова Ш

3

Өнер фестивальі

ақпан

Үсіпбекова Р

4

«Қош келдің, Наурыз!»

наурыз

Момынова Ж

Пед ұйым-



5

«Дос болайық бәріміз» тәр/сағ

мамыр

Тоққұлова Г

6

«Мемлекеттік рәміздерім мақтанышым» тәр/сағ

маусым

Тәлімгер

7

« Ең үздік ту» сурет байқауы

маусым

Тәлімгер

8

Жас туристер стансиясымен бірге тарихи мұражайларға саяхат

Әр тоқсан сайын

Сынып жетекшілер

Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі

Мақсаты: Ата- аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық- педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.

Бағалау критерилері (қарым –қатынас арқылы)

-Этон әлеуметтік рөлдерге;

-Өз отбасына және ұрпақты жалғастыруға;

-Адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен , ұқыпты қарау.



р/с

Атқарылатын жұмыстар

мерзімі

жауапты

1

«Ұлт жанды ұрпақ тәрбиелеу, баршаның міндеті» ата-аналар жиналысы1-11сынып

әр тоқсан сайын

Сынып жетекшілер

2

КТЖБ инспкеторымен кездесу

жылына 2 рет

ДТЖО сынып жетекшілер

3

«Отбасы бақыт мекені» атты апталық өткізу

кыркүйек

Пед ұйым-ы тәлімгер

4

«Алдымен сүй ардақта ата-анаңды» тәр/сағ

наурыз

Ниясқұл Ғ

5

«Бала ата-ананың бауыр еті» ата-аналар жиналысы 1-2 сынып

қараша

Бимурзаева Г

Каримова А



6

«Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі» ата-аналар жиналысы 5-7сынып

қаңтар

Маликова Ш

Сабирова Қ



7

«Тәрбие бастауы отбасы» ата-аналар жиналысы 8-10 сынып

сәуір

Журашова Б

Жолдасова Ы



8

«Ата-ана отбасы тірегі» ата-аналар жиналысы 1-11сынып

мамыр

Мамбетқұлова А

Бесінші бағыт- Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптоастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

Бағалау критерилері (қарым –қатынас арқылы)

-Экологиялық даму саласында мемлекеттік саясатқа, атап айтқанда «Жасыл ел» бағдарламасына;

-Экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне;

-«Адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;

-табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;

-Кәсіби білім мен өнімді еңбекке;

-Мамандық таңдауына:

р/с

Атқарылатын жұмыстар

мерзімі

Жауапты

1

«Эколгия балалар көзімен» сурет байқау

Кезінде

Сурет пәні мұғалімі

2

«Шебер қолдар» көрме

кезінде

Кемелбекова Г


3

«Кесте тоқу, тағам әзірлеу» сайыс

сәуір

Кемелбекова Г

4

« Жігітке жеті өнер де аз» сайыс

сәуір

Асанбаев Н

5

«Бір тал кессең, он тал ек» мектеп ауласын көкалдандыру

наурыз

Еркебаева Қ

6

«Экология ж/е біз» шығарма байқауы

кезінде

Шойынбаева С

7

«Таза жағалау», «Жасыл ауыл» акция

наурыз

Еркебаева Қ

8

«Мамандығым мақатнышым» дөңгелек үстел

қараша

Табирова Э

9

«Мамандықтың бәрі маңызды» пікір талас

қаңтар

Түңғышбаева А


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет