ОҚО,Сайрам ауданы,Ақбастау ауылы №33. Н. Шойынбаев атындағы жом-нің бастауыш сынып мұғалімі



бет4/6
Дата20.11.2016
өлшемі0,95 Mb.
#2153
1   2   3   4   5   6

Мектеп директоры: А.Суранчиева

Дүниетану

1.Тірі табиғатты тап

А). Ауа б) Жел в)Жануар г. )Тас

2. Өкпе адамның қай жерінде орналасқан

А.) Кеуде қуысында б.)Баста. В. ) Ауызда г жамбаста

3.Магнит тілінің қызыл ұшы қай тұсты көрсетеді?

А.) Солтүстік б.)оңтүстік в) батыс г). Шығыс

4. Мысырдағы Хеопс пирамидасының биіктігі неше метр?

А). 150метр б.) 148 метр в) 147 метр г.) 200метр

5. Ағаш қабығының солтүстік жағы қандай болады?

А теп-тегіс б жап-жасыл в өте құрғақ г бұжыр, күңгірттеу

6. Табиғатты зерттеуде өте ертеден қолданылып келе жатқан әдісті белгіле

А. ) Зеттеу әдісі б ) тәжірбие алмасу в) бақылау әдісі г) зерделеу

7.Тәжірбие алмасу деген не?

А.) Айналадағы дүниені бақылау

Б) Табиғат құбылыстарын байқау

В) Шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу

Г. )Табиғаттың сан қилы сырын ұғыну.

8. Мәдени - тарихи өнер мұралары немен қорғалады?

А) Халықаралық ережелермен б. )Шеберлер, күзетшілер қорғайды.

В). Ауыл, қала тұрғындары қорғайды

Г. )Мемлекеттік заңмен, халықаралық ережелермен қорғалады.

9. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында

А).9- орын б) 3-орын в). 1-орын г). 2-орын

10Қартада қоңыр түс нені белгілейді?

А) Қырат б). Үстірт в ) таулар г) жазық

11. ХІХ ғасырдағы ағылшын зерттеушісін ата.

А.) Чарльз Дарвин б) Ш. Уалиханов в). Қ Сәтбаев г.) И.Гутенберг

12. Алматы қандай таудың етегінде орналасқан?

А.)Жоңғар Алатауы б.) Іле Алатауы в.) Тянь-Шань г). Алтай тауы

13. Кен дегеніміз не?

А).Пайдалы қазбалары бар жер б.) Шахталық әдіспен қазылған пайдалы қазбалар

В) Жер бетіне жақын жатқан пайдалы қазбалар

Г). Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары.

14. Түсті металл түрлерін белгіле

А). Жез, қола, темір, алтын б). Боксит, күміс, жез, болат

В). Мыс, шойын, алюминий, қорғасын, мырыш г)Мыс, алюминий, қорғасын, мырыш

15. Каспий теңізінде не өндіріледі?

А) Көмір б) Мұнай в) алтын г). Балық

16.Қазақстандағы ең үлкен көлді белгіле

А.) Арал б)Балқаш в )Каспий г.) Жайық

17. Шалғын өсімдіктерін ата.

А. )Сексеуіл, селеубояу, уқорғасын

Б.) Жоңышқа, арпабас, атқонақ,, күреңот

В.) Сарғалдақ, мақта, жүгері, жұпаргүл

Г. )Қарақат, таңқурай, шеңгел

18. Дала жануарларын ата

А). Қарақұйрық, ақбөкен, бұлдырық б) Суаршын, қоңыз, үйрек, қаз, кәмшат

В). Суыр, тасбақа, ақбөкен, қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ

Г.) Бөдене, саршұнақ, көртышқан, ара

19. Жер бетінің қанаш бөлігін сау алып жатыр?

А).үштен екі бөлігін б.) Үштен бір бөлігін в.) Екіден бір бөлігін г) Төрттен бір бөлігі

20.Ауаны неге көрмейміз

А).тұман тәріздес б). Мөлдір түссіз в. ) Түссіз жарық г.)шаңмен көрінбейді.



Бала құқығы адам құқығы

«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады»
Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция деген - арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды .Осы ережелерді бұлжытпай орындау - біздің Отанымыз, еліміз, халқымыз алдындағы парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын білмейтіндігімізден туындап жататын секілді.Осыған орай Сайрам аудандық білім беру бөлімі Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясатя және тілдерді дамыту басқармасының тапсырмасымен мектебімізде 2015жылғы 10-20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған « Бала құқығы- адам құқығы» атты республикалық өнкүндік өткізілді. Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу шеңберінде мектебіміздің әлеуметтік педагогы Орынбекова А «Балаға мейірім сыйла» қайырымдылық акциясын, қазақ тілі пәні мұғалімдері Маликова Ш, Ниясқұл Ғ « Біз ХХІ ғасырдың балаларымыз» эссе жазды, тарих пәні мұғалімі Андасова И « Заң, құқық және міндет» дөңгелек үстел. Мектеп психологы Табирова Э « Отбасы тұрмысының қолайсыздығын қалай жеңуге болады?» ата-аналар жиналысында треннинг, әлеуметтік талдаушы Батырханова Ә « Мен және менің құқығым» треннинг. Қазақ тілі пәні мұғалімі Еркебаева Қ «Бала құқығы-асыл қазына» тәрбие сағаттарын өткізді. Балалар – еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата - ананың міндеті. Ананың бесік жырынан басталатын қарым - қатынасы, іс - әрекет, әдет - ғұрып, салт - дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана - сезімін, мінез - құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра.
Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары. А.Мамбетқұлова. Әлеуметтік педагог Орынбекова А.

Сабақтың тақырыбы: Түсті металл кендері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды түсті металлдың түрлерімен таныстыру,

олардың пайдасы, қасиеті тұрмыста қай жерде

пайдаланатыны туралы түсінік беру. Ойлау, сөйлеу

қабілеттерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын

арттыру, білімге деген құштарлығын ояту.

Сабақтың көрнекілігі: тест, сөзжұмбақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап , түсіндіру, әңгімелеу, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды жинақтап, сабаққа жұмылдыру, сабақты

оқушымен мұғалімге жағымды, ынтымақты ашық

қөзқарасты етіп ұйымдастыруға ықпал жасау.



Корольдік ережелер

  • Біз- өзімізді оқыту үшін тыңдаймыз

  • Бір ғана адам сөйлейді

  • Бір -бірімізді тыңдаймыз

  • Өз ойларымызбен бөлісеміз

  • Уақытты үнемді пайдаланамыз

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларды ребус шешу арқылы төрт топқа бөліп отырғызу

Әр топқа тест тарату.

І- топ Алтай

  1. Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал

А). Құбылнама Б). Флюгер С). Сағат Д). Термометр

ІІ-топ Тянь--Шань

2. Жыра қайдан пайда болады?

А). Қатты тау жыныстарының бөлшектенуінен Б.)Адам әрекетінен С.) Үгілудің нәтижесінде Д). Судың жер бетін жырып, тілімденуінен

ІІІ-топ Алатау

3. Үгілу дегеніміз не?

А.) Тау жынысының ұсақталуы Б). Тау жынысының кеңейуі

С). Тау жынысының бұзыуы Д. )Тау жынысының ұлғаюы



ІV-топ Мұзтау

4.Табиғатты зерттеудің негізгі әдісі

А.)Сынау Б.) Көру С). Бақылау Д). Бағдарлау

Тест сұрақтарын тақтадан көрсету.

Әр тоқа кеспе қағаз тарату

І- топ Алтай


  1. Қазақстан жерінде жазықтың қандай түрлері бар?

ІІ-топ Тянь—Шань

2.Қара металл кендерінен қандай металдар қорытылып алынады?



ІІ-топ Тянь—Шань

3.Алтайдың биік шыңы неліктен Мұзтау деп аталады?



ІV-топ Мұзтау

4. Қатты тау жыныстары қандай күштердің әсерінен бұзылады?



ІІІ Жаңа сабақ

Түсті металл кендері

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау



  • Балалар, бүгінгі сабақта біз сендермен түсті металл түрлерімен танысамыз.

  • Алдыңғы сабақта қара металл кендерімен танысқанбыз.

  • Енді түсті металл түрлерімен танысамыз .

М ұғалімнің түсіндіруі.


Мыс

Алюминий


Мысты сипаттау Алюминийді сипаттау

Оқулықпен жұмыс «Түсті металл кендері» мәтінін оқушылар дауыстап оқиды.

Сөзжұмбақ

  1. Маймыл тектес адамдардың пайдаланған құралы.

  2. Құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқаптары.

  3. Төбелер бір-бірімен жалғасса тұтасып жатса........құрайды.

  4. Басы үшкір қатты тау жыныстары.

  5. Қазақстан мыс қоры жөнінен қаншасыншы орында




М

ү

й

і

з

ж

а

з

Ы

қ










қ

ы

Р

а

т




ш

о

қ

Ы










ү

ш

і

н

ш

і

Сергіту сәті

Шынықтырып денесін

Үсті – басы тап-таза

Тісін жуып, тазалап,

Орамалы қалтада

Мектебіне барады

Отырады партада

Міне, нағыз Азамат!



ІV. Сабақты бекіту.

-Алған білімдерін тиянақтау

-Түсті металдардың қандай кендері бар?

-Мыс, алюминий, қорғасын және мырыштан не жасалады?



V. Бағалау. Өзін-өзі бағалау

VІ. Үйге тапсырма беру.

Пікір

Мамбетқұлова Айнұр Қылышбайқызы - №33.Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Ол өте ізденімпаз, жаңашыл, қазіргі заманғы жаңа технологияны күнделікті сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын оята алатын, өз пәнін жетік меңгерген білікті де, білімді маман. Мұғалім сабақтарында логикалық тапсырмаларды, жаңа заман технология үлгілерін тиімді қолданып, оқушылармен тез тіл табыса алады. Әрбір сабағын қызықты да, мазмұнды және үлкен шығармашылықпен өткізетін жан-жақты ұстаз. Дүниетану пәнінен өткізген «Түсті металл кендері» тақырыбында өткен ашық сабағын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Мектеп директоры: А.Суранчиева

«

«Бекітемін»

Мектеп директоры: А.Суранчиева

№33Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінің директордың тәрбие ісі орынбасарының 2014-2015 оқу жылындағы желтоқсан айында атқарылатын жұмыс жоспары.



р/с

Атқарылатын жұмыстар


мерзімі

сынып

жауапты

1

Апта қорытындысы бойынша лездеме өткізу

Апта сайын

1-11сын

Мамбетқұлова А

2

Кезекшілікті бақылау


Үнемі

1-11сын

МамбетқұловаА

3

«Тазалықты сүйеміз» сынып бөлмелеріне тазалық күнін ұйымдастыру

Әр жұма

1-11сын

Сынып жетекшілер

Мамешова Г



4

Рейд жүргізу, кітап, форма, күнделік, тазалық тексеру

Әр жұма

1-11сын

Штаб мүшелері

5

«Біз ЖИТС - ке қарсымыз» мерекелік іс шара

3.12.15ж

7сын

Даутова А

Сабирова Қ



6

«Желтоқсан - тәуелсіздігімнің бастауы» тәр/сағ

11.12.15ж

4асын

Төлешова Г

7

«Қош , бол сүйікті әліппем!» әліппемен қоштасу кеші

24.12.15ж

25.12.15ж



1 а ә сын

Хыдырова А

Бимурзаева Г



8

«Қоғамға қауіпті діни ағымдар мен олардың зардаптары» видеоролик көрсету

8.12.15ж

8-11сын

Андасова Э

9

Жаңа жыл ертеңгіліктері

«Аяз ата бізде қонақта»



29.12.15ж

1-4сын

Сынып жетекшілер

А.Даутова



10

«Шырша аясындағы әуендер»

29.12.15ж

5-7сын

Сынып жетекшілер

А.Даутова



11

«Жаңа жылдық балмаскарад»

29.12.15ж

8-11сын

Сынып жетекшілер

А.Даутова



12

Бір сынып , бір кітап оқу жобасының жүргізілуін қадағалау

Әр дүйсенбі

2-11сын

Мамбетқұлова А

Маликова Ш

Үсенбаева Ф


ДТЖО: А.Мамбетқұлова

«Бекітемін»

Мектеп директоры: А.Суранчиева

33Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінің күзгі

каникул кезінде атқарылатын жұмыс жоспары.



Атқарылатын жұмыстар


мерзімі

Жауапты

1

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» эстафеталық жарыс

4.11.15ж

Дене тәрбиесі мұғалімдері

2

«Білім көзі- кітапта» сайыс


5.11.15ж

Райымбердиева Г

3

«Физика жүрек үнімен» сайыс


6.11.15ж

Тлегенова К

4

«Жас математик» сайыс


7.11.15ж

Жорашова Б

5

«Шынықсаң шымыр боласың» мұғалімдер арасында эстафеталық жарыс

10.11.15ж

Дене тәрбиесі мұғалімдері

ДТЖО: А.Мамбетқұлова

Хаттама № 5

№33.Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінің сынып

жетекшілер жиналысы

Күні:18. 01.16ж. Қатысқаны : 17

Қаралатын мәселе:



  1. «Ерте жүктіліктің алдын алу» Мамешова Г.

  2. Мектеп ережесінің сақталуы Мамбетқұлова А

Тыңдалды:

Алғашқы сөзді мектеп медбикесі Мамешова Г алды. Кездейсоқ жүктілік- қазіргі біздің қоғамдағы ең бір түйткілді мәселелердің бірі. Дәрігерлердің деректеріне сүйенсек жылына елімізде 130 мыңға жуық жасанды түсік жасалады, соның 30 мыңға жуығы Алматы қаласында екен. Түсік жасатқандардың ең жасы 13-14 жастағы жасөспірім қыздар. Бүгінде 14 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы, 15-16 жастағы қыздардың 21 пайызы жыныстық қатынас тәжірбиесіне ие. Қазақстандағы жасөспірім қыздардың арасындағы жасанды түсік Еуропамен салыстырғанда 3-4 сее көп екенін айтып өтті.

Екінші сөзді ДТЖО Мамбетқұлова А алды.

Ол оқушылардың ережесінің мұғалімдердің есіне қайта түсірді. Сол ережені оқушылар сақтамай жатқандығын ескертті. Атап айтсақ 11 сынып оқушылары Бектұрғанов Т. Маликов Ж, Алменова Г, 9 сынып оқушылары Кувашбек С, Қалдыбек Д, Галямов Д, 7 сынып оқушылары Амангелді Е, Қарсыбай Г т.б оқушылардың кешігетінін ескертті. Мектеп формасын дұрыс кимейтін оқушыларды да атап өтті. 10 сынып оқушылары Джанқұлова Г,9 сынып оқушылары Кувашбек С 11сынып оқушылары Қожахметова А, Мылтықбек А

5 а сынып оқушылары Майлиева Ә, 8 сынып оқушылары Құдайбергенов Ғ

Сабақтан себебсіз көп қалатын оқушылар 6 сынып оқушылары Алчимбек Б, Юсупова А, 5 сынып оқушылары Ахашова А, Рустамов Н, Амангелді Е,

Қаулы:


  1. Ерте жүктіліктің алдын алу үшін , оқушылардың ережесі сақталу үшін

ата –аналармен, сынып жетекшілермен байланыс күшейтілсін

Жиналыс төрайымы: А.Мамбетқұлова

Хатшы: Қ.Еркебаева.

Хаттама№3

№33.Н.Шойынбаев атындағы жалпы орта мектебінің сынып

жетекшілер жиналысы

Күні:27. 11.15ж

Жиналысқа қатысқандар:

Сынып жетекшілер: 17

Қаралатын мәселе:



  1. «Кітапхана- халықтың қазынасы бабалар мұрасы» оқушылардың оқулықтары туралы.( Райымбердиева Г)

  2. «Тазалық саулық негізі» оқушылардың тазалықтары туралы.(Мамешова Г)

Тыңдалды:

1.Алғашқы сөзді кітапханашы Райымбердиева Г алды. Адам дүниеге келгеннен бастап білсем деп өседі. Сол білімнің бастауы кітапта, кітапханада. Ал кітапханашылар сол ұлы мақсатқа елдің ұрпағын білім дариясына бағыттау үшін қызмет етеді. Ғылым мен білімнің негізгі болып табылатын кітап, білім беру ошақтары- бірінен - бірі ажырағысыз рухани қазыналар. Өйткені оқу- тәрбие үрдісінде кітаптың қосар үлесінің өлшеусіз екендігі ақиқат. Білім нәрін алушы әрбір жасөспірімді рухани байыту- кітапхананың төл ісі. Кітапты сақтап қалу өз алдына , ал бүгінгі өскелең оқырман талабын қанағаттандыру- ең басты мәселе болып отыр. Сыныптағы оқулықтардың тазалығы бойынша , әр апта сайын тексерілген тазалық күнінде көзге түскен сыныптар 8,6,5ә, 7а,7ә, сыныптар, 1а,1ә, 2а,2ә, 3а,3ә,4а,4ә сыныптардың оқулықтары қапталған, таза күнделікті оқулықтарын сабақ әкеледі. 9, 10, 11 сыныптар оқулықтарын түгел алып келмейді.

2.Денсаулық-адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық –денсаулық деп тегін айтпаған. Аурушың адам толыққанды жұмыс істей алмайды,өзінің сүйікті кәсібімен айналыса алмайды,Ал дені сау адам еңбекке қабілетті». Халқымыз әрқашан «Тәні саудың –жаны сау»дейді .Сондықтан жеке бас гигиенасын ерінбей сақтаған жөн.

Тазалық бойынша 1 тоқсан қорытындысы:

Сыныптар тазалығы бойынша ,әр жұма сайын өткізілетінтазлық күнінде көзге түскен сыныптар 10,8сынып,7а,ә,6сыныптар тазалық жұмыстарын өз деңгейінде өткізді.

Оқушылардың тазалығына келетін болсақ,бастауыш сынып оқушылары таза,,жоғарғы сынып оқушыларына сынып жетекшілер көбірек көңіл бөлу керек сияқты.

Қаулы:


  1. Оқушылардың кітаптары, тазалықтары туралы айтылған кемшіліктерді сынып жетекшілер ата-ан

  2. алармен байланыс жасап түзетілсін.

Жиналыс төрайымы: А.Мамбетқұлова

Хатшы: Қ.Еркебаева.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет