Жарық құрамы – жарық қапшығы ішінде орналасқан ішкі ағзалар. Оларға үлкен шарбы май, ащы ішек, сигма ішек, құрт тәрізді өсінді енуі мүмкін, көбіне оған қозғалмалы ағзалар енеді: үлкен шарбы май, ащы ішек, сигма ішегі, құрт тәрізді өсінді. Жарық құрамы құрсақ қуысына қайта оңай енеді (енетін жарық), кейбіреулерінің бір бөлігі ғана енеді немесе мүлде енбейді (енбейтін жарық). Жарық құрамы – жарық қапшығы ішінде орналасқан ішкі ағзалар. Оларға үлкен шарбы май, ащы ішек, сигма ішек, құрт тәрізді өсінді енуі мүмкін, көбіне оған қозғалмалы ағзалар енеді: үлкен шарбы май, ащы ішек, сигма ішегі, құрт тәрізді өсінді. Жарық құрамы құрсақ қуысына қайта оңай енеді (енетін жарық), кейбіреулерінің бір бөлігі ғана енеді немесе мүлде енбейді (енбейтін жарық). Этиологиясы: Жарықтың дамуына әкелуші факторларды бейімдеуші және тудырушы деп бөлуге болады. Бейімдеуші факторларға тұқым қуалаушылық,(мыс:нәрестелердің алғашқы жылында құрсақ қабырғасының әлсіздігі, қарт адамдардағы құрсақ қабырғасы тіндерінің атрофиясы) жынысы (әйелдер жамбасының құрылым ерекшелігі және сан сақинасы көлемінің үлкен болуы), іш қабырғасының жарақаты, жүктілік кезіндегі құрсақ қабырғасының созылуы, құрсақ қуысына операция жасау, семіздік жатады. Тудырушы факторларға құрсақ ішілік қысымының көтерілуі жатады. Оған ауыр жұмыс, қиын босану, зәр шығарудың қиындауы, іш қату, ұзақ мерзімді жөтелу.
Классификациясы
Анатомиялық орналасуына байланысты:
Медиальды- ортаңғы, төменгі ортаңғы, жоғарғы ортаңғы
латеральды – оң жақты, сол жақты, төменгі шет жақты, жоғарғы шет жақты
Көлеміне қарай:
Кіші көлемді- 4см дейініштің сыртқы пішінін өзгертпейді;
Орта көлемді—5-15 см іштің бір ғана бөлігін алып жатады:
кеңейген —15-25 іштің үлкен көлемін алып жатады
алып —25тен көп іштің бірнеше бөлігін алып жатады.
Типіне қарай:
Түзетілетін жарық — операциясыз түзетуге болатын жарық;
Түзетілмейтін жарық —оперативті жарықты қайта тігумен жүзеге асырылады;
біркамералы;
көпкамералы.
Клиникалық көрінісі:
Іштің бір бөлігінде немесе операция орнындағы тыртықта томпаюдың пайда болуы. Формасы домалақ, сопақ пішінді болуы мүмкін.
Пациент оны өзі қайтадан ішіне кіргізе алады, пациент орнын ауыстырса жоғалып кетуі мүмкін.
Тері асты май қабаты жоғары дамыған адамдарда байкалмауы мүмкін.
Жөтелгенде, іштің тік бұлшық етін қатайтқанда томпаю пайда болады.
Киім киген кезде ауыру сезімі болуы мүмкін
Кейде жүрек айну, құсу болады
Ішек жұмысы бұзылады(іш қату, іш кебу)
Достарыңызбен бөлісу: |