Операциядан кейінгі және рецидивтеуші жарықтар Орындаған: Жантілесова а а



бет3/5
Дата02.04.2024
өлшемі1,69 Mb.
#200449
1   2   3   4   5
Байланысты:
ХИРУРГИЯ ж

Диагностикасы:

  • Науқасты тік тұрғызып және жатқызып тексереді. Вертикаль жағдайда тексергенде бұрын көзге көрінбейтін жарықты науқастарды күшендіргенде немесе жөтелдіргенде анықтайды, егер де үлкен жарық болса, оның ұлғайған пішінін анықтайды. Жарыққа перкуссия жасағанда, егер де жарық ішінде газға толы ішек имегі болса, тимпаникалық дыбыс, ал үлкен шарбы май немесе газсыз ағза болса, тұйық дыбыс естіледі.
  • Пальпация жасағанда жарық құрамының консистенциясын анықтайды (ішек имегі – тығыз эластикалық консистенциялы әр бөліктерге бөлініп тұрса – үлкен шарбы).
  • Науқастарды горизонталь жағдайда тексергенде жарықтың түзелуін анықтайды.Үлкен жарықтарды түзету кезінде ішек шұрылына тән шуылдарды естуге болады.
  • Жарықты ішке түзеткен соң саусақпен жарық қақпасының көлемін, пішінін анықтайды. Науқасты жөтелдіргенде тексерушінің саусағы іш перденің және ағзаның итерген толқынын сезеді – оны “жөтел түрткісі” симптомы деп атайды. Науқастарға міндетті түрде құрсақ қуысы ағзаларының жалпы шолу рентгенографиясын, жылжымалы жарыққа күдіктенгенде қуықтың контрастты рентгенографиясын жасау керек.

Шаптан болған жарықтар. Шап жарықтары үлкен адамдарда жиі кездеседі. Олар көбінесе ер адамдарда болады. Пайда болуына қарай олар туа және жүре пайда болған шап жарықтары деп екіге бөлінеді. Шап каналы элементтеріне байланысты олар қисық, қия және түзу жарықтар болып бөлінеді. Шап жарығы бар жағында және екі жағында болуы мүмкін.

  • Шаптан болған жарықтар. Шап жарықтары үлкен адамдарда жиі кездеседі. Олар көбінесе ер адамдарда болады. Пайда болуына қарай олар туа және жүре пайда болған шап жарықтары деп екіге бөлінеді. Шап каналы элементтеріне байланысты олар қисық, қия және түзу жарықтар болып бөлінеді. Шап жарығы бар жағында және екі жағында болуы мүмкін.
  • Қисық, қия шап жарығы жиі кездеседі. Шап каналының ішкі тесігінде іш пердесінің томпаюынан басталып, ол ұрық бауымен (семенной канатик) қатар жүреді және онымен бірге шап каналының сыртқы тесігі арқылы шығады. Ер адамдарда жарық үлкейе келе ұманың қабына, ал әйелдерде үлкен жыныс еріншесіне түсуі мүмкін.
  • Жүре болған жарықтар, оның қалташасына ұрық бауы жәнее жұмыртқадан өз алдына бөлек жатады.
  • Клиникалық көріністері. Енді ғана басталған қисық шап жарығында томпақтың шап каналына кіретін жерде орналасады. Науқас ауыр жүк көтергенде сырқырап ауыратындығына шағым етеді. Шап каналына сыртқы тесігі арқылы саусақ ұшын сұққанда науқас жөтелгенде оған сәл соғылу сезімі білінеді. Толық түспей, тек қана каналдың ішіне орналасқан жарық оны томпитып тұрады. Толық қисық шап жарығының томпақтығы шап каналының сыртқы тесігіне айқын шығып тұрады немесе ұма қалтасына түседі.
  • Жарықтың ішіндегілері әдетте науқастың жатқан жағдайында да өз бетімен ішке қайтпайды. Әдетте жарықты орнына салу, жарықтың ішіндегілерді қолмен басып салынады.
  • Емі. Жүрек, қан тамыр жүйесінің айтарлықтай бұзылған болса, жасы үлкен адамдарға операция жасау мүмкін болмаса жарықты тартып тұратын ерекше белбеу (бандаж) пайдаланылады. Жарықтың негізгі емдеу түрі операция болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет