Тік шап жарығы. Бұл шамамен жарықтардың ішінде 5-10 процент кездеседі. Бұндай жарықтар көбінесе қарын қабаты әлсіздіктен, жасы үлкен адамдарда жиі кездеседі
Тік шап жарығы. Бұл шамамен жарықтардың ішінде 5-10 процент кездеседі. Бұндай жарықтар көбінесе қарын қабаты әлсіздіктен, жасы үлкен адамдарда жиі кездеседі.
Тік шап жарығы. Бұл шамамен жарықтардың ішінде 5-10 процент кездеседі. Бұндай жарықтар көбінесе қарын қабаты әлсіздіктен, жасы үлкен адамдарда жиі кездеседі.
Тік шап жарығы шап каналының артқы жағын азғантай томпитып басталады және оның сыртқы тесігі арқылы шығып тұрады. Іш пердесімен шықса сірі қабық (фасция) томпайып шығады, ол жарықтың қалтасының сыртынан қапталып тұрады. Осыған байланысты тік шап жарығы әдетте ұмаға немесе жыныс еріндеріне түспейді. Тік жарыққа сырғанаушы жағдай тән болады және бұнда жарық ішіндегілер, зәр қалтасы, соқыр ішек, кейде зәр аққыш болуы мүмкін.
Клиникалық көрінісі. Көбінесе жарықтар екі жақты болады. Жарық томпағы, домалақ, шар тәрізді түрде болады. Жұмыртқа бауы жарықтың сыртында жатады.
Сан жарықтары. Шап жарықтарымен салыстырғанда, едәуір сирек кездеседі. Сан каналындағы, көбінесе сан көктамырының ішкі жағындағы сан-қасаға сіңірі (пупарта) байламының төменгі жағында шұңқырда орналасады. Сан жарығы көбінесе жамбастың едәуір кең болуына, оның айырықша қиялануына, сопақ тесіктердің көлемінің үлкеюіне, сондай-ақ қарын ішінің қысымының ұлғаюына байланысты, әйелдер арасында жиі кездеседі.
Клиникалық көрінісі. Санның қасаға сіңірінен төмен пайда болған кішкене томпақтықпен сипатталады. Кейде осы жерде ауыр сезімі, жел шықпау, үлкен дәреттің болмауы байқалады. Орнына салынбатын жарықтарда оның ішіндегілер көбінесе шарбы болып келеді.
Емі. Тек қана операциялық жол болып есептеледі. Қысылып қалуға бейімділігі бар жарықтарда мүмкіншілігінше тезірек операция жасалынады. Сан қуысын жабу үшін сан қасаға сіңірін купер байламына және айдар тәрізді бұлшық ет сіңіріне тігіледі.