Операциядан кейінгі және рецидивтеуші жарықтар Орындаған: Жантілесова а а



бет5/5
Дата02.04.2024
өлшемі1,69 Mb.
#200449
1   2   3   4   5
Байланысты:
ХИРУРГИЯ ж

Кіндік жарықтары. Бұл көп босанған әйелдерде жиі кездеседі. Көбінесе 40 жастан асқан адамдарда болады. Томпақтықтың үлкен-кішілігі әр түрлі болып грек жаңғағының үлкендігінен баланың басының үлкендігіндей болады. Үлкен жарықтарда оның қақпасы болып қоймай қарынның барлық ортаңғы сызығы даболуы мүмкін (қарынның бұлшық еттерінің диастазы)

  • Кіндік жарықтары. Бұл көп босанған әйелдерде жиі кездеседі. Көбінесе 40 жастан асқан адамдарда болады. Томпақтықтың үлкен-кішілігі әр түрлі болып грек жаңғағының үлкендігінен баланың басының үлкендігіндей болады. Үлкен жарықтарда оның қақпасы болып қоймай қарынның барлық ортаңғы сызығы даболуы мүмкін (қарынның бұлшық еттерінің диастазы)
  • Клиникалық көріністері. Кіндіктің аймағындағы томпақтықтан басқа, бұл жерде ауыру сезіледі. Томпақтық әдетте түрегеліп тұрған жағдайда пайда болады, жатқанда жоғалып кетеді. Ішектер орамдары қысылғанда ішектің жүрмей қалуының клиникалық сипаты байқалады.
  • Емі. Кейде бандаж байлап жүрген көмек береді. Ең тиімді емі операция болып есептелінеді. Жарықтың қақпаларын жабу, сіңір шеттерін қосып тіге немесе сіңірдің бір шетін екіншісінің үстіне салып (дупликатура) Сапежко-Мейо жасалады.

Қарынның ортаңғы сызығының жарықтары. Бұл еркектерде жиі кездеседі. Олардың пайда болуының негізінде ақ сызықты пайда етуші шандыр талшықтарының таралуынан пайда болған тесік арқылы қарын алды майының шығуы жатады. Соңынан ала жарық қабы және ішіндегілер мен жарыққа айналады.

  • Қарынның ортаңғы сызығының жарықтары. Бұл еркектерде жиі кездеседі. Олардың пайда болуының негізінде ақ сызықты пайда етуші шандыр талшықтарының таралуынан пайда болған тесік арқылы қарын алды майының шығуы жатады. Соңынан ала жарық қабы және ішіндегілер мен жарыққа айналады.
  • Клиникалық көріністері. Қарынның ақ сызығы бойынша көбінесе тқс шеміршегі аймағына палтпация жасағанда ауыратын томпақтық пайда болады. Қарынның ақ сызық жарығы асқазан жарасы ауруының, холециститтің және панкреатиттің анықтау үшін науқасты мұқияттап тексеру талап етіледі.
  • Емі. Операция жасалуы қажет. Жарық қақпасын тігу орындалады.

Диагностика: Іш қуысының УДЗ;
Контрастты рентгенография
Ирригоскопия
Герниография
Сирек жағдайда ЭФГДС, КТ, МРТ
Операциядан кейінгі және рецидивті іштің жарықтары дегеніміз –атына сәйкес жарықтың бұл түрі іш қуысын ашумен яғни лапоротомия орындалатын операциялар және операциядан кейінгі тыртықтан немесе жазылып-біткен жарық орнынан қайта іш қуысындағы ағзалардың іш пердемен бірге сыртқа шығуын айтамыз.
Операциядан кейінгі іш жарығы
Олардың пайда болуына бірнеше себептер әсер етеді. Олар:
1) операциялық жараны тігу барысында жараның шеттерін дұрыс жанастырмаудан біртекті тіндер арасында басқа текті тіндердің
қалуы (интерпозиция);
2) ауру адамны әр түрлі себептермен байланысты жалпы әлсіз-
денуінен тіндер трофикасының өзгеруі, оларды жұқаруы т.б.;
3) іш қуысына тампон, дренаждар орналастыру;
4) операциядан соңғы кезеңде операциялық жараның іріңдеуі
және;
5) операциядан соң орын алатын асқынулар (ішек парезі, жиі құсу,
жөтелу т.с.с.).
Операциядан со пайда болатын жарықтардың клиникалық
көрінісі жарықтың басқа түрлеріне тән субъективтік және объективтік белгілермен сипатталады.
Бүгінгі таңда, ересек адамдарды жарықтан емдеудің негізгі және радикалды түрі хирургиялық жол болып табылады. Операция, көбінесе, жоспарлы түрде орындалады, ал ауру адамның өміріне қауіп тудыратын асқынулар туған жағдайда, операция дереу, яғни жедел түрде жасалынады. Жарық ауруында операция жасауға қарсы көрсеткіштер бар. Олар абсолютті және абсолютті емес (салыстырмалы немесе уақытша) деп бөлінеді.
Абсолютті қарсы көрсеткіштер: а) жедел инфекциялық аурулар; б) III–IV сатыдағы қатерлі ісіктер; в) декомпенсация сатысындағы қосымша сырқаттар. Абсолютті емес немесе уақытша қарсы көрсеткіштер: а) жасы үлкен адамдардың созылмалы ауыр сырқаттары; б) жүктіліктің екінші жартысы; в) жөтел белгісі бар сырқаттар (бронхит, созылмалы пневмония
т.б.); г) операция жасалатын аймақта анықталған іріңді процестер (пио-
дермия, іріңді лимфаденит, сыздауық, шиқан т.б.). Аталған қарсы көрсеткіштер анықталған жағдайда пациенттерге жарықты емдеу шарасы ретінде оның шығуына кедергі тудыратын арнайы белбеу (бандаж) қолданылады (
Жарықта жасалынатын операция (герниотомия) барысын бірнеше кезеқдерге (этаптарға) бөлуге болады.
  • Жарыққа жету. Тері және тері асты қабаттарын жарық томпашығының үстінен немесе соған жақын маңайдан кесу.
  • Жарық қабын оның мойын бөлігіне дейін жарық қабықтарынан бөліп, жеке шығару.
  • Жарық қабын ашып, ішіндегі ағзаларды іш қуысына орналастыру.
  • Мойын бөлігін (саға тұсында) тігіп байлаған соң жарық қабын кесіп алып тастау.
  • Жарық қақпасын физиологиялық қалыпты жағдайға келтіру немесе бітеп тігу (герниопластика).

  • Герниопластика операциясы дәстүрлі түрде немесе жаңа технологияларды қолдану (лапараскопиялық герниопластика) арқылы іске асырылады. Жарық қақпасын бекіту үшін ауру адамның өз тіндері (аутопластика) немесе жасанды, синтетикалық торлар (аллопластика) пайдаланылады

Емдеу. Сапежко, Троицкий, Вознесенский немесе аллотрансплантация операция тәсілдері қолданылады. Операциядан соң пайда болатын жарықтарда жарық қақпалары, көбінесе, .үлкен көлемді болу себебінен және жергілікті тіндерді дегенеративтік өзгерістерімен байланысты аллопластика, аллотрансплантация тәсілдері жиі қолданылады
Қолданылған әдебиеттер
Хирургические болезни М.И.Кузин
Хирургиялық аурулар А.Ж.Нурмаков
Интернет желісі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет