Оптоэлектрондық құрылғылар Халықаралық электротехникалық комиссияның ұйғаруы бойынша, оптоэлектрондық приборларға (ОЭП) оптикалық диапазонда жұмыс істейтін приборлар жатады. Оптикалық диапазонда көзге көрінетін сәулелердің алатын орны аз-ақ. Осы диапазонның өзі бірнеше бөліктерден тұрады, бұл түстерді адам көзі әр түрлі сезініп қабылдайды. Оның ең күшті сезімталдығы 550 нанометр шамасында, жасыл және сары түсті диапазондардың шекарасында орналасқан. Сондықтан көптеген индикаторлар осы түсті сәулелерде жұмыс істейді. Түн көрінісіне үйрене бастаған адам көзінің сезімталдығы толқын ұзындығының төмендеу шамаларына қарай ауысады да, шамамен 500 нм-ге сәйкес келеді. Фототранзистор мен фототиристорда сәуле орталық база аймағына түседі де, пайда болған жылжымалы зарядтар кәдімгі сырттан берілген база тогының әсеріне сәйкес қызмет атқарады. Фотодиод, басқа диодтар сияқты, р-п ауысуынан тұрады. Оның жұмыс істеуі екі түрлі: фотогенератор, фототүрлендіргіш режимінде өтуі мүмкін. Оптоэлектрондық приборлардың ерекшеліктері. Оптоэлектрондық прибор сәуле шығаратын және сәуле қабылдайтын приборлардан тұрады. Осы ерекшелік оптоэлектрондық приборларды мынадай артықшылықтарға ие етеді:
1. Өте жоғары жиілікте жұмыс істеуіне байланысты оптоэлектрондық приборлардың информациялық сыйымдылығы өте үлкен.
2. Өте қысқа толқын ұзындығында байланысты оптоэлектрондық прибордың аумағы массасы өте шағын
3. Оптоэлектрондық приборды өте тамаша гальваникалық алшақтау приборларының қатарына жатқызуға болады.
4. Оптикалық сигнал фотондар арқылы беріледі. Электрлік бейтараптығына байланысты оның қозғалысына не электр, не магнит өрісі әсер етпейді.
5. Оптикалық сигналды жарық ретінде, тіпті түрлі- түсті етіп те көрсетуге болады.