Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет19/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

Құрамдары

Өлшемдері


Көрсеткiштерi


1. Қызығушылық


  1. Өзiнiң шығармашылығын дамыту қызығушылығы мен қажеттiлiгi.


  2. Өз шығармашылығына құндылық қатынасы.


  1. Жауапкершiлiгiнiң, шығармашылық қажет


тiлiгiнiң болуы.


  1. Мақсатты түрде бiлiм iзденуi.


2. Әрекетшiлдiк


  1. Өзiн шығармашылық қызметтiң субъектiсi ретiнде тануы.


  2. Өзiнiң жеке тұлғалық ерекшелiктерi мен өзiн-өзi шығармашылық дамытудың тәсiлдерiн бiлуi.


  3. Өзiн-өзi дамытуы.


  4. Шығармашылық қызметтi iске асыру iскерлiгi.


  1. Өзiнiң жеке-дара ерекшелiктерi туралы бiлiмдi меңгеру дәрежесi.


  2. Өзiн шығармашылықтың субъектiсi ретiнде тануы.


  3. Шығармашылық дербестiк танытуы.


  4. Коммуникабелдiлiгi (сұхбаттасуға ашықтығы).


3. Бағалаушылық


1. Талдау жасау қабiлетi.


  1. Жетiстiктерi мен сәтсiздiктерiнiң себептерiн талдай бiлуi.


  2. Жеке жауапкершiлiгi.





Қызығушылық құрамы өзiнiң шығармашылығын дамыту қызығушылығы мен қажеттiлiгi болуымен; әрекетшiлдiк – өзiн шығармашылық қызметтiң субъектiсi ретiнде тануымен, өзiнiң жеке-дара ерекшелiктерiн және өзiн-өзi шығармашылық дамытудың тәсiлдерiн бiлуiмен; шығармашылық қызметтi iске асыру iскерлiгiмен сипатталады; бағалаушылық құрамға рефлексияға қабiлеттiлiгi, яғни жетiстiктерi мен сәтсiздiктерiнiң себептерiн талдау қабiлетi енедi.
Деңгейлер мен көрсеткiштердi айқындауда бiз Л.С.Выготскийдiң, В.В.Давыдовтың, П.Я.Гальпериннiң, Д.Б.Элькониннiң еңбектерiне сүйендiк.


Төмен деңгей оқушылардың өз шығармашылығын дамытуға белгiлi бiр жағдаяттарда ғана қызығушылық танытуымен, өйткенi оларда өздерiн шығармашылықтың қайнар көзi ретiнде түйсiнудiң болмауымен сипатталады. Олардың өз шығармашылығын дамыту тәсiлдерi туралы түсiнiгi жоқ. Олар өзiн-өзi талдауға қабiлетсiз, өз сәтсiздiктерi мен жетiстiктерiн сыртқы жағдайлардың нәтижесi ретiнде қарастырады.

Орташа деңгей өзiн-өзi тануға деген қызығушылығының тек әуестенушiлiк деңгейiнде ғана танылуымен сипатталады. Олардың өзiн-өзi бағалауы тұрақсыз, көбiнесе ол төмен. Бұл деңгей оқушыларының өзiн-өзi дамыту туралы бiршама түсiнiгi бар, кейде оларда рефлексияға қажеттiлiк туындайды. Сәтсiздiктерi мен жетiстiктерiн жағдайлардың ағымымен байланыстырады.

Жоғары деңгей шығармашылығын дамыту мәселесiне деген жағымды қатынасымен сипатталады. Ол деңгейлер 4 кесте бойынша бағаланады.
Олар рефлексия арқылы өз тұлғасына тұрақты қызығушылық бiлдiредi, өзiн-өзi дамыту тәсiлдерiмен танысады. Белгiлi адамдардың шығармашылық процесiне белсендiлiгiне қызығушылық танытады. Тапсырмаларды орындауда шығармашылық қызмет түрлерiне басымдық бередi.
Шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру процесін осылай ұйымдастыру танымдық процестерді дамытуды, шығармашылықты таныту, танымдық негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Жүйеде көрсетілген шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру процестерін жүзеге асыру үшін, біріншіден, мына қағидалар қажет:
  • гуманизациялау қағидасы (білім беру процесінің орталығы – оқушы);


  • білім беру процесінің барлық кезеңдерінің жүйелілігі мен бірізділік қағидасы;


  • оқытудың дамытушы сипатта болу қағидасы;


  • жеке тұлғаға бейімделген бағыттағы дараландыру қағидасы.




Екіншіден, мазмұны бойынша жеке тұлғаға бейімделген бағыты бойынша дамытушы технологиялар.

Үшіншіден, педагогикалық жағдайлар, атап айтқанда, оқушыларға жеке тұлға ретінде қарау, олардың жеке тұлғалық дамуын арттыру; білім беру процесінде өзін өзі айқындау, өзін өзі дамыту мүмкіндіктерін туғызу; қолайлы психологиялық климат жасау; оқуға оң мотивациялық жағдай жасау. Бұл көрсетілген мақсаттарға жету үшін оқыту технологиялары гумандық сипатта болуы тиіс. Оған жоғарыда сараланған интерактивтік модульдiк оқыту технологиясын жатқызуға болады.
Сонымен қорыта келе оқу процесiн гуманизациялау арқылы оқушы тұлғасының шығармашылық қасиеттерiн дамыту мәселесiнiң жай-күйiне, «дарындылық», «шығармашылық», «жеке тұлғаға бағдарланған оқыту», «технология», «гумандылық», «гуманизация» және т.б. ұғымдарға, оқушы шығармашылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық негiздерiне теориялық талдау жасадық. Әр заманның адам баласына қоятын өзіндік талабы – заман дамуы барысында туындайтын ерекше бір қажеттілік деуге болады. Оқыту процесінде осы қажеттілікті жіті аңғарып, оқушыларды қазіргі заманға ғана емес, болашақтың енді өркендеп келе жатқан талаптарына сай бейімдеу, соған сәйкес икемділігі мен бiлiктiлiгін дамыту – олардың шығармашылық қабiлетiн дамыту деп танылып, оқыту процесін солай қарай бұрып отыру үшін соған қажетті делінетін қолайлы жағдайлар жасау керек. Сондай қолайлы жағдай оқыту процесін гуманизациялау арқылы ғана туындайды деп есептейміз. Шығармашылықты дамыту процесiн философиялық-педагогикалық тұрғыдан талдай келiп, оның даму кезеңдерiн жүйеледiк, жеке тұлғаның даму деңгейлерiн айқындадық.
Зерттелiп отырған мәселе бойынша көпшiлiк психологиялық-педагогикалық практиканы терең зерделеу оқушы шығармашылығын дамытудың әлеуметтiк-педагогикалық шарттарын айқындау қажеттiлiгi бар екенiн көрсеттi. Осындай шарттардың бiрi - бiлiм берудi гуманизациялауды жолға қоятын жаңа бiлiм беру технологиялары болып табылады. Оқушылардың шығармашылығын оқыту технологиясы арқылы дамытудағы ғылыми-практикалық тәжірибенің рөлі: біріншіден, адамның өмірін бағалау, сақтау оқушыда тек гуманизацияланған оқу процесі арқылы ғана қалыптасады; екіншіден – оқушылардың шығармашылығы дамуы үшін оқыту технологияларын жасау жолдары қарастырылуы керек; үшіншіден, оқушының шығармашылығын дамыту процесінің прогрессивтілігі гуманизация арқылы жүзеге асырылады.
Оқу процесiн гуманизациялаудағы педагогикалық технологиялардың ролiн анықтап, олардың түрлерi мен тәсiлдерi нақты пәндерге, тақырыптарға сай талданды.
Оқушының шығармашылығын дамытудың әлеуметтiк-педагогикалық шарттарын айқындау және бiлiм беру мекемесiнде осы процестi басқару жөнiндегi зерттеуiмiздiң негiзгi мәселелерiн iске асыру оқу процесiндегi гуманизациялау жүйесiнiң үлгiсiн қолдануға негiзделедi. Бұл жүйенi қолдану күрделi, өзiн-өзi дамытушы жүйе ретiнде адамға, оның әрекетшiл-шығармашыл мәнiне деген қазiргi ғылыми көзқарастарға сүйенедi. Бұл үлгi оқу қызметiнiң барлық құрамдарының өзара ықпалдастығына, ынтымақтастығына басты назар аудара отырып, белгiлi бiр мақсаттарға жету үшiн субъектiлердiң өзара ықпалдастығына бағытталатын педагогикалық жүйенiң бiртұтастығын қалыптастырады. Оқушы тұлғасының шығармашылығын жетiлдiру үлгiсi дамытушылық бiлiм беру ортасында оның шығармашылық қабiлетiн толық дамытуға мүмкiндiк бередi.
Оқушының шығармашылығын дамытуға бағытталған гуманизациялаудың құрылымдық жүйесiн құрдық (4-сурет). Оқушылардың танымдық қабiлеттерiн дамытудың деңгейлерiн анықтап (6-сурет), оларды бағалаудың ерекше жүйесiн айқындадық.
Оқытуды гуманизациялау қағидасы негiзiнде интерактивтік модульдiк технология арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытудың жүйесiн жасап, оны бағалаудың өлшемдерін анықтадық.
Сонымен, біздің тоериялық зерттеулеріміз бiздер айқындаған жүйеге сәйкес ұйымдастырылған білім беру процесі оқушыларға өзін-өзі дамытуға, мүмкіндіктерін өз бетінше іске асыруға, дара режимде жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады деп тұжырымдаймыз. Мұндай мақсатқа жетуді мектептегі дамытушылық орта, тиімді технология мен психологиялық жағымды ахуал қамтамасыз етеді демекпіз. Ұсынылған жүйе негізінде жүргізілген тәжірибе қорытындылары келесі тарауда баяндалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет