Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет15/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

6. Модульдік оқыту технологиясы
Модульдiк оқыту негiзiне П.Я.Гальпериннiң тұжырымдамасы, оның ақыл-ой әрекетiн кезең-кезеңмен бiртiндеп қалыптастыру теориясы алынған. Бұл теорияның негiзiнде отандық психологияның iргелi қағидасы – психикалық жаңа түзiлiмдер процесiнiң әрекеттiлiк тәсiлi, адам психикасы мен iс-әрекетiнiң бiрлiгiн тану жатыр [126].
Оқу модулi – оқу ақпаратының бiршама дербес блогы, оған оқу мақсаттары мен мiндеттерi, әдiстемелiк нұсқаулар, шамамен алғандағы iс-әрекеттер негiзi, оқу қызметiн атқару жетiстiгiн бақылау (өзiн-өзi бақылау) құралдары енедi. Модульдiк оқытудың мәнiн неғұрлым тереңiрек түсiну үшiн оның қағидаларына кеңiнен тоқталу қажет.
В.М.Монахов технологиясының негізгі қағидалары:

  • мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне сенім білдіру;


  • оқушы жұмысының физиологиялық-гигиеналық нормаларын міндетті түрде сақтау;


  • оқу процесінің кез келген бөлігінде оқушылардың міндетті дайындығына кепілдік беру;


  • оқушы мен мұғалімге жайлы жағдай жасау.


Бұл технологияны ендіру екі кезеңмен өтеді:


1. Жобалау кезеңі.
2. Жобаны оқу процесінде жүзеге асыру кезеңі.
Жобалау кезеңі оқыту жетістігін қамтамасыз ететін технологиялық карта құруды меңгертуге негізделген. Атап айтқанда, бұл:

  • мақсат қою;


  • диагностика;


  • үй тапсырмасын мөлшерлеу;


  • жобаның қисынды құрылымын жасау;


  • түзету[127].


Мысалға, П.А.Юцявичене модульдiк оқыту идеясын жасау негiзiнде төмендегiдей дидактикалық қағидалар жатыр деп есептейдi:


Модульдiк қағида - оқытуды ұйымдастырудың барша тәсiлiн: оқыту мақсаттарын, мазмұнын, формалары мен әдiстерiн iрiктеудi анықтайтын басты қағида.


Модульдiк қағиданы жүзеге асыру оқушылардың өз бетiмен дербес жұмыс iстеуiн талап етедi. Сонымен қатар оқушылардың оқу модульдерiмен өзiндiк жұмысы оқу қызметiнiң негiзгi түрiне айналады.
Тепе-теңдiк қағидасы туралы да бiр ауыз сөз айта кету қажет. Бұл қағида төмендегiдей ережелердiң сақталуын талап етедi:
  1. модульдiк бағдарлама мұғалiмдi оқытудың ақпараттық функциясынан босатып, кеңес берушiлiк-үйлестiрушiлiк функцияларын атқаруына жағдай жасайды;


  2. модульдiк бағдарлама педагог пен оқушының бiрлесе отырып, тиiмдi оқыту жолдарын таңдап алуына жағдай жасауы тиiс;


  3. педагог модульдiк бағдарламаны педагогикалық басқарудың кейбiр функцияларын өз мiндетiне алады, сонда бұл функциялар өзiн-өзi басқару функциясына ауысады.


Осындай жеке тұлғаның дамуына бағытталған оқыту технологиясына жасалған талдаулардың нәтижесінде, біздің көзқарасымыз бойынша, оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда тиімдісі – М.М.Жанпейісова ұсынған интерактивтік модульдік оқыту технологиясы.


Бұл технологияның ерекшелігі – білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның таным қабілеттері мен таным процестерін арнайы жасалған оқу және танымдық жайлар арқылы дамытуға, жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі көрсетуін, маңыздылығын анықтауға, өзара қарым-қатынас, ойын арқылы шығармашылық қажеттіліктері мен белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша) дамытуға бағытталуы.
Осыдан келіп мұғалімнің жұмысында және оқу процесінің құрылымында өзгерістер болды. Атап айтсақ, білімді толық меңгерту әдістемесінде мұғалімнің жұмысы мынадай жүйеде құрылады:
  1. Оқушыларды білім беру мақсатымен таныстыру;


  2. Сыныпта белгілі бір бөлім бойынша жалпы оқу жоспарымен таныстыру;


  3. Оқытуды жүргізу;


  4. Диагностикалық тест арқылы ағымды тексеру жүргізу;


  5. Оқушылардың бөлім мазмұнын толық меңгергендігін тексеріп, нәтижесін бағалау;


  6. Толық меңгермеген оқушымен жеке жұмыс жасау;


  7. Оқушылардың бөлім мазмұнын толық меңгергендігін тексеру үшін диагностикалық тест жүргізу.


Ал, М.М.Жанпейісованың нұсқасында ол әлдеқайда өзгеше:


  1. Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру;


  2. Сыныпта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;


  3. Мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.);


  4. Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;


  5. Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;


  6. Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;


  7. Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы т.б.) жүргізу [129].


Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқу модулінің құрылымы кіріспеден, диалог (сөйлеу) және қорытынды бөлімнен тұрады.


Психологтардың пікірі бойынша, әрбір жеке тарауды (тақырыпты) оқу негізгі 3 кезеңнен тұру керек: кіріспе–себептілік; танымдық іс-әрекет; рефлексивті бағалау.
Зерттеу жұмысымызда аталған оқыту технологияларына талдау жасау нәтижесінде олардың барлығына дерлік ортақ ерекшелік:
  • оқу материалының жүйелі түрде берілуі (жеңілден күрделіге қарай өсу бағытымен);


  • оқу процесінде оқушылардың шығармашылық ізденіс жұмысымен айналысуы;


  • оқушылардың іс-әрекетінің үнемі бақылауға алынуы;


  • оқушы білімінің бағалануы (ынталандыру және нақты бағалар арқылы) деген тұжырым жасаймыз.


Ал айырмашылықтарына тоқталатын болсақ, оларды мынадай 2 суретте көрсетiлгендей үш топқа бөлуге болады.



1 топ

Оқу материалдарының блокпен, тірек сызбамен берілуі



В.И.Шаталов, Л.В.Занков, П.М.Эрдниев, С.Н.Лысенкова, М.М.Жанпейісова, Ж.А.Қараев










2 топ

Оқытудың ойын формалары арқылы қарым-қатынас жасау, сұхбаттасу арқылы оқу материалын меңгерту



Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.К.Дыяченко, Г.Ю.Крензова, М.М. Жанпейісова, Ш.А.Амонашвили










3 топ

Оқушының мүмкіндігіне сәйкес оқу материалының сараланып берілуі



Дж.Кэрол-Б.Блум, В.М.Монахов, В.В.Фирсов, Т.Т.Галиев, Ж.А.Қараев, М.М.Жанпейісова



  1. сурет – Жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиялары



Демек, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту әрбір оқушының өзін танып білуге, оқу процесінде өзінің қызығушылығы, қабілеті мен мүмкіндігіне сәйкес білім алуға және көрсете білуге мүмкіндік туғызады.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту - оқу процесінде бейімділігіне, қызығушылығы мен қабілеттеріне сәйкес өзін танып білуге, өзін-өзі көрсетуге оқушыға мүмкіндік туғызады.
Сонымен, оқушылардың шығармашылығын жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясы арқылы дамытудағы ғылыми-практикалық тәжірибенің рөлін талдай келе, мынадай түйіндер жасауға болады деп ойлаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет