Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет16/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

Біріншіден, егер білім беруді адамзат жинақтаған құндылықты бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жеткізу деп танитын болсақ, онда білім берудегі басты көзделетін нысана – жас ұрпақтың білім алу процесін гуманизациялау мәселесі болуы керек деп санаймыз. Өйткені, Қазақстан Республикасының Конституциясы атап көрсеткеніндей, қоғамның ең құнды байлығы – адам. Ал адамның өмірін бағалау, сақтау сезімі оқушыда тек гуманизацияланған оқу процесі арқылы ғана қалыптасады.

Екіншіден, оқу процесін гуманизациялаудың көздейтін түпкі мақсаты – оқушының шығармашыл тұлғаға айналуы десек, онда осы мақсатқа сай келетін оқыту технологияларын жасау жолдары қарастырылуы керек. Себебі шығармашыл тұлғаны тану, оған білім беру, оны жан-жақты дамыту дәстүрлі оқыту жүйесінен өзгеше, сол мақсатқа арнаулы түрде бағыт алған оқыту технологиясы арқылы ғана мүмкін болады.

Үшіншіден, қазіргі кезеңде жинақталған оқыту технологияларының өзіндік табиғаттарына талдау жасай келе, олардың әрқайсысының маңызды орны бар екеніне көз жеткіземіз. Олай айтуға себеп болатын мәселе – барлық жаңа оқыту технологияларының өз заманының талабынан туындап, соған лайықты мақсаттар қойып, сонымен сәйкес міндеттерді шешу жолдарын таңдағандығы. Атап айтатын болсақ, дәстүрлі білім беру жүйесіндегі шашыранды білім мазмұнын жүйелеп, тұтас дүниетаным әдістерін қалыптастыру арқылы жеке тұлғаны дамыту мақсатын қойған Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың, В.М.Монаховтың, В.Ф.Шаталовтың, Н.Н.Нұрахметовтың, Ж.Қараевтың, Г.Галиевтің, Г.К.Нұрғалиеваның, М.М.Жанпейісованың, Ә.Жүнісбековтың, П.М.Эрдниевтің, Ш.А.Амонашвилидің, М.Чошановтың, Г.К.Селевконың, П.И.Третьяктың, В.В.Фирсовтың және т.б. оқыту технологияларының оқушылардың шығармашылығын дамыту потенциалы мол әрі жүйелі деп танимыз.

Төртіншіден, оқушының шығармашылығын дамытуға бағыт алып отырған оқыту технологияларының өзіндік ерекшелігі, Е.В.Бондаревская атап көрсеткендей, олардың құрамында акмеологиялық, когнитивтік, шығармашыл-әрекеттік, тұлғалық құрамдар болуымен танылып отыр. Сондықтан оқушының өзіндік ойы, өзіндік шешім қабылдай алу қабілеті, өз бетімен ізденімдік-зерттеу әдістерін қолдана алатын дағдыларын қалыптастыру оқыту технологиялары жүйесінің негізгі нысаны болып табылады.

Бесіншіден, оқушының шығармашылығын дамыту процесі, Абай айтқан «Ақыл, Қайрат, Жүрегін» бірдей ұстайтын «толық адам» болмысын қалыптастыру мақсатына сай келетіндіктен, оның прогрессивтілігі, гуманизациялық мақсаты айқын таныла түседі.
Сонымен, оқыту технологиясы мектепте оқыту процесіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімдердің интеллектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие процесінің басты күре тамырының ролін атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет