Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет21/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

I сатысы – бастауыш мектеп (1-4 сыныптар) – оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етедi, қалыпты сауаттылық негiзiн, жалпы iскерлiгi мен дағдысын қалыптастырады, ұлттық және әлемдiк мәдениеттiң алғашқы бастамасына шолу жасайды.

II сатысы – негiзгi мектеп (5-9 сыныптар) – оқушыларға негiзгi орта бiлiм алуға, оқушының жеке тұлға ретiнде қалыптасуына жағдай туғызады, қызығушылығына қарай оны дамыту үшiн және әлеуметтiк орнын анықтауға бейiмдейдi.

III сатысы – кәсiптiк мектеп (10-11 сыныптар). Кәсiптiк мектептiң мақсаты – оқушыларға жеке пәндерге деген қызығушылығы мен қабiлетiне қарай тереңiрек теориялық және практикалық бiлiм беру. Үшiншi саты жалпы бiлiм беретiн мектептiң соңғы сатысы болып табылады.
Мектеп–шығармашылық зертхананың оқу жоспары жалпы бiлiм беру бағдарламасының мемлекеттiк стандартының негiзiнде жасалады.
Оқу жоспарының базистiк құрылысы мемлекеттiң, аймақтың және жеке тұлғаның қызығушылығына сәйкестендiрiледi, яғни, бiлiм берудiң мазмұны негiзгi екi бөлiктен құралады: инварианттық және вариативтiк.
Инварианттық бөлiгi бiлiм берудiң барлық мектепке бiрдей мiндеттi құрамдарын қарастырады. Ол мектеп–зертхана үшін де негiзгi және мiндеттi болып табылады.
Мектептiң жағдайына, ата–ананың ұсынысы мен баланың қажеттiлiгiне қарай жоспардың вариативтiк бөлiгiн қолдану мектеп–шығармашылық зертханада кәсiптiк пәндердi нормадан жоғары меңгеруге жағдай туғызатын дәстүрсiз балама курстарды құруға (жаңа жағдайда бiлiмiн қолдану бiлу шеберлiк деңгейiнде) және оқу–тәрбие процесiнде оқушының жеке тұлғасын дамытуға жағдай туғызады (гуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндердi таңдау).
Мектеп–шығармашылық зертхана мәртебесіне сәйкес оқу бағдарламалары мектептiң базистiк жоспары шеңберiнде жеке эксперимент ретiнде құрылады және мектеп–шығармашылық зертханада тәжiрибеден өткiзiледi. Ол негізінен 10 суретте көрсетілгендей, мектептiң шығармашылық зертханасын басқару жүйесi жүйелі түрде ұйымдастырылғанда ғана өз нәтижесін көрсететіндігіне көз жеткіздік.

10 сурет –Мектептiң шығармашылық зертханасын басқару жүйесi


Мектеп–шығармашылық зертхананың мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес оқу–тәрбие процесi жүйелi оқыту негiзiнде құрылады (құрылған эксперименттiк бағдарламаға сәйкес).
Оқу-тәрбие процесiнде мынадай операциялар жүзеге асырылады:

  • мұғалiмнiң талап қою деңгейiне сәйкес оқушылардың бiлiмiн жан–жақты бағалауды ескере отырып, жүйелiк оқыту технологиясының қазақстандық модификацияланған нұсқасын құрастыру (қарапайым еске түсiруден бiлiмiн басқа салаға ауыстыруға, оқушының ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға дейiнгi). Берiлген оқу модульдерiнiң құрылымы оқу процесiн технологизациялауға негiзделген, оқу–тәрбие процесiнiң нәтижелiлiгiне кепiлдiк бередi, әрбiр оқушының толық орта бiлiм алуына, кейбiр пәндердi жоғары деңгейде меңгеруiне және оқушылардың жекелеген пәндер бойынша ғылыми–зерттеу жұмыстарымен айналысуларына жағдай туғызады;


  • оқу–тәрбие процесiнiң нәтижелерiн педогогикалық диагностика арқылы жүйеге келтiру;


  • оқу–тәрбие процесiнде оқушының жеке тұлғасының дамуын зерттеу мақсатында оқушының жеке тұлғасын тұтастай жан–жақты зертеудi ұйымдастыру (таным процесiнiң ерекшелiктерi мен жеке тұлғаның негiзгi қасиеттерi);


  • жеке тұлғаның рухани және эстетикалық дамуына бағытталған оқушылардың iс-әрекетiнiң жүйесiн құру (қосымша қызмет көрсету арқылы) (11-12 суреттер).



11 сурет – Шығармашылыққа бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жүйесі

12 сурет- Шығармашылық зертханада жүргiзiлетiн жұмыстардың оқу-әдiстемелiк жүйесiнiң құрылымы

Ғылыми-шығармашылық зертхана iс-әрекетiнiң негiзi былайша болжанды:


а) әртүрлi пәндер бойынша оқытудың мазмұнымен қатар мақсатына да өзгерiстер енгiзiп, қазiргi заманғы оқыту технологиясын құру және жаңа әдiстемелiк және оқыту құралдарын, оқулықтар дайындау;
ә) мектеп мұғалiмдерiне жеке тұлғаның қасиеттерi мен таным процестерiн дамытуға бағытталған, жоғары бiлiм деңгейiн қамтамасыз ететiн бейiмделген, модификацияланған оқыту технологиясын меңгерту;
б) эксперименталдық мектептiң мұғалiмдерiмен зерттеушiлiк оқыту технологиясын игеру және оны оқу процесiне енгiзу;
в) бiлім берудiң мақсатын өзгерту – «бiлiм, iскерлiк, дағды» парадигмасынан оқу–тәрбие процесiнде оқушының жеке тұлғасын дамыту мақсатына көшу;
г) орта мектепте оқушының жеке тұлғасының рухани дамуына бағытталған бiртұтас бiлiм беру жүйесiн құру.

Олар мынадай кезеңдер мен деңгейлерде ұйымдастырылды:



I кезең. Ұйымдастыру - бiлiм беру процесiне жаңашылдықты ендiруге, нәтижелерiн сараптауға және оны қамтамасыз етуге қажеттi жағдайларды жасау:
  • бөлменi таңдау және дайындау, құрал–жабдықтар алу (компьютер, дискеттер, көшiрме машинасы, жазу машинкасы, бейнеоаппаратуралар және т.б.);


  • жаңашылдықпен жұмыс жасау үшiн арнаулы педагог кадрларды дамытуға, оқытуға арналған жұмыс (мұғалiмдердi зерттеу мен эксперимент жүргiзуге дайындау әдiстемесiне, жаңашылдық iс-әрекет технологиясына және т.б. оқыту);


  • жаңа бағдарлама, технология, әдiстеме мәтіңдерiн, тесттер нұсқасын, сауалнамалар мен дидактикалық материалдарды т.б. алу, өңдеу;


  • мұғалiмдердiң шығармашылық iс-әрекетiнiң жаңашылдық және зерттеушiлiк iс-әрекетке қызығушылығын ынталандыру үшiн арнаулы жұмыс және осы жұмыс үшiн қолайлы моральдық-психологиялық климат туғызу және т.б.);


  • мектеп мұғалiмдерiнiң зерттеушiлiк және эксперименттік iс-әрекетiнің бағдарламасын құру және бекiту.




II кезең. Практикалық – эксперимент жұмыстары жүргiзiлетiн объектiлердiң бастапқы жағдайын белгiлеп алу, жаңа технологияны, болжамда берiлген идеяларды iске асыру (әдiстеме бағдарламасы, iс–шаралар жүйесi және т.б.), процестi, нәтижелерiн, бақылау қимылдарын салыстыру.

III кезең. Жинақтап қорыту - қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми және эксперименттiк жұмыстардың нәтижелерiн өңдеу, барлық нәтижелерiн талдау, болжамның алынған нәтижесiне сәйкес етiп түзету, өңделген жаңашылдықтың меңгертiлу нәтижелерi мен жүру барысын жүйелеу, зерттеу материалдарын шығару.
МЕКТЕП–ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫҢ ЕРЕЖЕСІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет