Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет28/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

3-ші сабақ. Жеке-топтық жұмыс формасы
Құрал-жабдығы:
1. Бағалау парағы.
2. Үш күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар бар парақ.
3. Жауап үлгілері.

Ойынның жүру барысы:
Оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Әр оқушының алдында үстелде барлық үш күрделілік деңгейіндегі сұрақтары бар парақтар жатыр.
Оқушылар деңгейді таңдайды:
ІІІ деңгей - тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.
ІІ деңгей - материалды талдай білуін талап етеді.
І деңгей - (күрделі деңгей) шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.
Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады. Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға 2 минут уақыт беріледі.
І деңгейді таңдап алған балалар бөлек отырады. Әрбір сұраққа дайындалу үшін уақыт 5-7 мин. беріледі. Оқушылар жұп-жұбымен отырады.
ІІІ-ІІ деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.
Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. І күрделілік деңгейінің тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды.
Бұдан әрі 2, 3 сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады. Жұмыс аяқталған соң, ІІ және ІІІ деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптасына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.
І деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.
ІІ –ші деңгей

  1. Жетісу сақтарының осындай үлкен обаларымен қатар кіші обалар да зерттейді. Оларды ғалымдар қатардағы қарапайым адамдардың қабірлері деп есептейді. Көлемі жағынан да, биіктігі жағынан да сақ патша обаларынан әлдеқайда кіші. Әдетте мұндай ұсақ обалар қиыршық тас, кейде малта тас араласқан топырақ үйіндіден тұрады. Қабір жер астынан қазылады. Сақ дәуірінің бастапқы кезінде қола дәуіріндегі сияқты мейітті тас сандықшаларға, кейінірек жер қабірге жерлеген. Қабір үстін көбінесе ағашпен жапқан.


  2. Ұлыбай –Тасмола мәдениеті өз дамуында үш хронологиялық кезеңнен өткен.


Бірінші кезең – б.з.б. ҮІІІ-ҮІІ ғ.


Екінші кезең – б.з.б. ҮІ-Ү ғ.
Үшінші кезең - б.з.б. ІҮ-ІІ ғ.-ды қамтиды.
Сақтар заманының алғашқы кезеңінің бұл өңірде жақсы зерттелгендері мынандай обалар: Бірлік, Алыпқали, Пакровка, Бектеңіз. Бұл ескерткіштерден садақ жебелері, жалпақ пышақтар, қыш ыдыстар т.б. заттар табылды. Жебелер екі, үш қырлы, Масаққа орнататын жері ұңғылы. Үш қоныс зерттейді Олар: Қарлыға, Бөркі және Кеңөткел.
Б.з.б. ҮІ-Үғ., яғни екінші хронологиялық кезеңге жататын жерлеу ескерткіштеріне Сарғара, Бектеңіз, Ақшиат обалары жатады. Бұл обалардан табылған заттар: үш қырлы, ұңғылы жебе ұшы, мүйіз тәріздес, алқымында көбелекке ұқсаған ойығы бар қанжарлар, қола айналар.
Үшінші хронологиялық кезеңді қамтитын ескерткіштерге Бірлік –6, Бағанаты, Өрнек обалар кешені, Бөркі , Ақтау қоныстары жатады.
Бұл ескерткіштердегі кездесетін жебелер темірден жасалған. Қола заттарының толық ығыстырыла бастағанының дәлелдейді. Бұл кезеңге тән керамикалық ыдыстардың ерекшелігі – олардың дөңгелек және жалпақ түпті, бүйірлі болуы.
О- І –ші деңгей
1. – шығармашылық жұмыс сақтар, адай т.б. тайпалар туралы.
2.Қазақстанды (қазақ Совет Энциклопедиясында 6т. 359 бетте) қоныстанған ежелгі тайпалар тас дәуірінен -ақ белгілі, Бұған айғақ болатын ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың тұрақтары – Қаратау, Бетпақдала, Орталық және Шығыс аймақтарда кездеседі.
Б.з.б. 9-8 ғасырлардан бастап Қазақстан территорисын мекендеген ежелгі тайпалар көшпелі тұрмысқа ауысып, бірнеше тайпалыө одақтар құрыла бастады. Олар туралы ежелгі парсы, элам және аккау тілдерінде жазылған Дарий мен Парс патшалардың сыналы жэазбаларында , ежелгі ирандықтардың зороастрия дінінің топтама кітабы- Авестадағы жазбаларда, Геродаттың тарихында мол кездеседі.
Сақтар – б.з.б. 1- мың жылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгіі тайпа. Геродот, грек тарихшысы Страбан «азиялық скифтер» деп атаған. Рим жазушысы үлкен Плений де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «соға», «сақа», «сақ» осыдан шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет