Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары



бет49/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

Нәтижелерін өңдеу.
Сұрақтар тізбегін қорытындылау үшін белгілер.
1) «Жалған» шкаласы:
6, 24, 36 - сұрақтарға «ИӘ» жауабы.
12, 18, 30, 42, 48, 54 - сұрақтарға «ЖОҚ» жауабы.
Жалпы балл сандары қосылып есептелінеді (Ж):
Ж - 9-ға тең болған жағдайда қорытынды жасалынбайды.
Ж - саны көбейген сайын нәтижелер растығы төмендей түседі.
2) «Экстраверсия-интроверсия» шкаласы:
Мына сұрақтарға «ИӘ» жауабы берілгенде: 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56.
Мына сұрақтарға «ЖОҚ» жауабы берілгенде: 5, 15, 20, 29, 32, 34, 37, 41, 51.
Балл қосындысы шығарылады (Э). «Э» саны көбейген жағдайда (0-ден 24-ке дейін) адамның экстраверсиялық қасиеті молая түседі.
3) «Эмоциялық тепе-теңдік - нейротизм» шкаласы:
Мына сұрақтарға «ИӘ» жауабы болғанда: 2, 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28, 31, 33, 35, 38, 40, 43, 45, 47, 50, 52, 55, 57.
Жалпы (Н) - Нейротизм балл қосындылары шығарылады. (Н) саны көбейген жағдайында (0-ден 24-ке дейін) адамның эмоциялық тепе-теңдік қасиеті көбейе түседі (Нейротизм).
4) Төменде көрсетілгендей график жасалынады:

НЕЙРОТИЗМ


24

4 1
ИНТРОВЕРСИЯ 12 ЭКСТРАВЕРСИЯ


3 2
0
ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДIК (тұрақтылық)

Бір-біріне вертикаль сызықтарға (шкалаларға) қолдағы бар нәтижелер жазылады Э және Н. Сызық шетіндегі нүктелер бір-біріне қосылып сызылады. Пайда болған (үшбұрыш, сызық, нүкте) фигура сынаққа түскен адамның классикалық қай темперамент түріне жататынын көрсетеді.


1 - холерик, 2 - сангвиник, 3 - флегматик, 4 - меланхолик.
Г.Айзенктің анықтамасына орай, қолдағы алынған нәтижелерге сүйене отырып, әр әріптің өзіне тән қасиеттері болатынын айта кеткен жөн. Мысалы:
1. Холерик - сезімтал, тынымсыз, агрессивті, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, басқамен қарым-қатынаста, иә сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист (болашаққа сеніммен қарайтын), белсенді, пысық, бейқам, сенгіш, ашуланшақ, т.с.с.
2. Сангвиник - ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, қысылып-қымтырылмайтын, өмір сүйгіш, уайымсыз, беймаза емес, көтеріңкі көңілді, басшылыққа бейім, т.с.с.
3. Флегматик - сақ, енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты т.с.с.
4. Меланхолик - беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист (өмірден түңілгіш), тұйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригидтік (кері тартпа) қасиеті бар т.с.с.
Темперамент типінің (түрінің) салыстырмалы тұрақтылық қасиеті жөнінде пікір қорытып, мінез және темперамент арақатынасын ажыратып алған жөн. Оқушылар мен оқытушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау жолындағы әр темпераменттік типтің атқарар ролі орасан зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет