1. Бастау
(тақырыбын, мақсатын анықтап, шығармашылық топтар құру)
Мұғалім оқушы
2. Жоспарлау 6. Қорғау
(проблемаға талдау жасау, (жүргізілген жұмысқа ұжым-
міндеттер қою, қосымша дық талдау жасау)
ақпараттар жинау)
3. Шешім қабылдау 5. Тексеру, нәтижесін бағалау
(пікірталас, баламаларын тал- (аяқталған жұмысқа талдау
қыға салу, тиімді жолдарын жасау, жетістіктері мен кем-
табу) шіліктерінің себептерін
анықтау)
4. Орындау
(жоба бойынша жұмыс жасау)
Осы мәселені зерттей келе, бiз төмендегідей түйінге келдiк:
оқу әрекетіндегі ықпалдастық оған қатысушылардың өзара қарым-қатынасының жақсаруына әсерiн тигiзедi;
топта бірлесе жасаған жұмыс барысындағы оқушылардың өзара ықпалдастығы олардың оқуға қызығушылығын күшейтіп, “күш қорын” жұмылдырады;
оқу әрекетіндегі ықпалдастық сыныптағы психологиялық ахуалға және оқушылардың өзін-өзі бағалауына жағымды әсер береді;
топтарда жұмыс жасау оқу материалын меңгеруге де жағымды ықпал етеді.
Диалог бөлімінде оқушылардың танымдық қабілеттеріне таным процестерін дамытуға үнемі адамның 2 сигналдық жүйесі қарастырылады (тыңдау, жазу, көру, айту). Диалог бөлімінің 3, 4 кезеңдерiнен бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай тапсырмалар беріледі (ІІІ - ∆) және (ІІ - ) деңгей.
Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
М.Жанпейісова бойынша, оқытуды саралау – интерактивті модульдік оқыту технологиясы аумағында оқу процесін ұйымдастырудың маңызды факторларының бірі. Сараланған тапсырмалар оқу модулінің сөйлесу бөлімінің 3-4 сабағында беріледі және ол 3 деңгейде құрастырылады яғни, «оқушының өзі үшін қиындық туғызатын деңгейде құрылған оқу неғұрлым пайдалы әрі дамытушы болып есептеледі». Оқыту әдістерін дұрыс қолданған жағдайда ғана оқушылардың ой-өрісін тереңірек дамытуға мүмкіндік туады, бұл оқушылардың интеллектісін, зейінін, ойлауын арттырады.
Оқу процесінде шығармашылық ұғымын бірінші кезеңде жеке бастың қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс-әрекетінің құралы және табыстың белгісі деп білу керек. Яғни, оқу процесіндегі негізгі мәселе - оқушылардың белсенді іс-әрекеті және ол шығармашылықтың дамуына негіз болады деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде оқушылардың іс-әрекеті неғұрлым үйлесімді, кемелденген, тиісті оқыту әдістерімен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де соғұрлым жоғары болып, шығармашылық дамуы қарқынды түрде көрінеді.
Оқушы білімді өз дәрежесінде игермесе немесе оны іс жүзінде
қолдана алмаса, онда танымдық белсенділік те көрсете алмайды. Бұл олардың шығармашылығының дамуына кері әсер етеді.
М.Ж.Жадрина мектептегі білім беру процесінде кездесетін
қайшылықтардың басты себептерінің бірі оқушылардың жеке
танымдық мүмкіндіктерін жете танып, ескермеу деп есептейді.
Ғалым бұл оқушылардың оқуға деген қызығушылығын төмендетеді
деген пікір айтады. Осыдан келіп, жеке бір пән аумағында
оқушылардың даярлық деңгейін саралау мәселесі өзектілене
түседі. Оқушылардың жеке танымдық мүмкіндіктерін ескеру - әр
сыныпта әр пән бойынша олардың жалпы білімдік даярлығына
қойылатын оқу талаптарын саралауды білдіретінін дұрыс атап
көрсетеді[143].
Бұл үшін тек пән бойынша аз көлемдегі білім мазмұны ғана емес, сонымен қатар қандай да бір жас кезеңінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес мазмұн мөлшері де қажет. Осыдан келіп, автор әр пән бойынша оқыту нәтижелерін үш даярлық деңгейі негізінде жоспарлауды ұсынады:
- шағын көлемдегі (міндетті);
- көтеріңкі (ілгерілетілген, оздырылған);
- тереңдетілген.
Осындай оқыту нәтижелерінің деңгейлер жүйесін автор пәндер бойынша даярлық сапасына қоғам тарапынан қойылатын жаңа талаптар ретінде қарастырады. Мұндай жүйеде шағын көлемдегі даярлық деңгейі пәнді оқытудың міндетті нәтижесін сипаттайды. Көтеріңкі және тереңдетілген деңгейлер оқытудың неғұрлым жоғары нәтижесін білдіреді. Бұл жүйе білімді меңгеру деңгейін есепке алуды қамтамасыз етеді.
В.Симонов бойынша: "Оқытылу деңгейі дегеніміз - бұл оқушылардың меңгеретін белгілі бір білім, іскерлік және дағдысының жиынтығы". Мұғалімнің оқушыға жасаған жұмысына қойған бағасының сапасы (көрсетілген) берілген талап деңгейіне сәйкес келуі.
В.П.Симонов мұғалімнің білім беру іс-әрекетін және білім беру процесінің тиімділігін бақылаудың негізіне оның нәтижесін көрсету үшін 5 көрсеткіш жүйесін алған.
1-ші көрсеткіш - "айыру" (түсініп білу) немесе танысу деңгейі. Бұл көрсеткіш төменгі оқытылу деңгейін сипаттайды. Бұл деңгейде оқушы нақты объектіні, құбылысты, іс-әрекетті ажырата алады.
2-ші көрсеткіш - "есте сақтау". Бұл кезеңде оқушылар қандай да бір заңды тұжырымдап, ережелерді жатқа айтып, белгілі бір мәтіннің мазмұнын айта алады (кейде жаттанды түрде). Негізінен оқушылар сұраққа репродуктивтік түрде жауап береді.
3-ші көрсеткіш - "түсіну".
"Түсіну - бұл зерттеліп отырған құбылыс пен тақырыптың байланысын және маңызды белгілерін анықтау, талдау мен топтау негізінде бірнеше кездейсоқ, мардымсыздардың арасынан олардың көрінуі, логикалық ойша пайымдау ережелерін қолдану, ұқсастығы мен айырмашылық себептерін анықтау, алынған мағлұматты негізгі біліммен салыстыру процесі".
Оқытылудың 4-ші көрсеткіші – «қарапайым іскерлік пен дағды» (репродуктивтік деңгей).
ООД-дың 5-ші көрсеткіші - білімді көшіру [144].
Оқытудың осы кезеңінде оқушы алған теориялық білімін
практикада жаңа, стандартты емес жағдайда шығармашылықпен
қолдана алады. Оқушылар оқытылудың осы деңгейінде жалпы шолу жасай алады, оқу материалын жүйеге келтіре алады, бағдарламадағы талапқа сәйкес оған қойылған кез-келген сұраққа жауап бере алады, сонымен қатар іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін құрастырып және оның алдына қойылған міндетті шешуде ерекше жол таба біледі.
Психологтардың дәлелдеуі бойынша белсенді және өз бетінше іс-әрекетте оқушы қажеттілігін қанағаттандырғанда ғана білім, іскерлік, дағды толық көлемде меңгеріледі. Сапалы меңгеруге бірден-бір мүмкіндік беретін деңгейлік оқыту тәсілін енгізу деп ойлаймыз.
Дүниежүзілік тәжірибеде оқыту мақсаттарының таксономиясы кеңінен таралып отыр, оны әзірлеуші Б.Блум басқарған америкалық ғалымдар тобы.
Бұл эталон, ойлаушы (когнитивтік), сезімдік (аффективті) және психомоторлы сфералар үшін жасалынған педагогикалық мақсаттар иерархиясының көмегімен үндестірілген түрде беріледі. Мақсаттың категориялары эталонға жеткендігін дәлелдеу үшін оқушы орындауға тиісті нақты іс-әрекеттер мен операциялар арқылы құрылады (3 кесте)
Бұл таксономия оқушы тұлғасының танымдық саласы мен эмоциялық аясын бағалауға бағытталған. Авторлар танымдық қызметтің күрделендіру дәрежесіне қарай орналасқан алты деңгейін айқындайды. Бұл таксономия өзінің мұқият ойластырғандығымен және бір мағыналылығымен керемет. Жекелеген танымдық категориялар арасындағы айырмашылықты тап басып, анық көруге болады, ал бұл оқыту нәтижесін неғұрлым нақты бағалауға қөмектеседі.
3 кесте - Танымдық қызмет мақсатының категориялары
Деңгейлер
|
Анықтама
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Білім
|
Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру
|
Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды
|
Түсіну
|
Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасау
|
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады
|
Қолдану
|
Жаңа білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді таба білу, бүтінді бөліктерге жіктеу, арасындағы байланысты айқындау
|
Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, талдайды, ашады, іздейді
|
Талдау
|
Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінін бөліп көрсету
|
Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді
|
Жүйелеу
|
Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау
|
Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады
|
Бағалау (сын, пайымдау)
|
Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтау
|
Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады
|
Оқушыларға оқу модулінің диалог бөлімінде берілетін тапсырмалардың күрделілік деңгейін анықтауда М.М.Жанпейісова Б.Блумның таксономиясына сүйенуді ұсынады: «III деңгей - білім стандартының қарапайым білу мен түсіну деңгейіндегі талаптарын қанағаттандыратын тапсырмалар; II деңгей - білім стандартының білімді қолдану және талдау деңгейіндегі талаптарын қанағаттандыратын тапсырмалар; I деңгей - шығармашылық ізденушілік сипаттағы тапсырмалар». Технология авторы атап көрсеткендей, нәтижесінде соңғы баға қойылатын қорытынды тапсырмалар тек мемлекеттік білім стандартының талаптары аумағында әзірленеді.
Б.Блум таксономиясы негізінде анықталған білімді меңгеру деңгейлері жоспардағы оқыту нәтижелерін сараландыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл мәселені зерттеу барысында оқу пәніндегі білім мазмұнын сараландырудағы маңызды факторлардың бірі - жоспарланған оқыту нәтижесі түріндегі меңгеру деген қорытындыға келеміз.
Осыдан келіп оқу процесін құрудағы мүғалімнің жұмысында өзгерістердің қажеттілігі шығады. Әрбір оқу бірлігінің шегінде толық меңгеру әдістемесіндегі мұғалім жұмысы мынандай дәйектілікпен құрылады:
- балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру;
- сыныпты, сол бөлім бойынша жалпы оқу жоспарымен
таныстыру (оқу бірлігіне);
- оқытуды жүргізу (материалды мұғалімнің беруі түрінде);
- диагностикалық тестің ағымдық тексеруін жүргізу;
- тексерудің нәтижелерін бағалау және бөлімнің мазмұнын толық меңгерген оқушыларды анықтау;
- толық меңгеруге жетпеген оқушылармен коррекциялық оқыту процедурасын жүргізу;
- диагностикалық тест жүргізу және оқу бірлігінің мазмұнын толық меңгерген оқушыларды анықтау.
Технология ауқымында оқу процесі мынадай бастапқы жағдайда құрылады: баланың көптеген жеке тұлғалық психикалық қасиеттері оның жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады.
Н.М.Зверева шағын топтарда жұмыс жүргізудің басты талабы – оған жайлы жағдай жасауға ұмтылу деген пікір айтады [145]. Бұл жолдастарын бөлмей, оларды ренжітетіндей ескертулер жасамай тыңдап, өз ойларын қысқа да нұсқа айта білуді білдіреді. Яғни, автордың ойынша, бір-біріне шыдамдылық таныту қажет; қарапайым сұрақтар қойып, нақты ескертпелер жасаудан қорықпау керек, пікірталас барысында топ мүшелерінің өзара әңгімелесіп кетуі алаңдатып, кедергі келтіретінін естен шығармаған абзал.
Шығармашылық мақсат қою жұмысы өз бетімен білім алуды және өзін-өзі бақылай білуді талап етеді. Біздің пікірімізше, автордың өзін-өзі бақылау (қадағалау) мәселесіне көзқарасы аса қызықты. Ол “оқушыларды жоспарлы түрде түрлi жұмыс істеу және өз жұмысының нәтижелерін өзі қадағалау білігіне баулу – оларды тапсырмаларды орындау тәртібі мен тәсілдерін анықтауға сабақта өз жұмысын жоспарлай білуге, ұсынылған өлшемдер негізінде өз жұмысының нәтижелерін талдауға және бағалауға әрі мұндай өлшемдерді өзі де құра білуге үйрету” деген пікір білдіреді.
Модульдiк технологияда бұған ерекше мән беріледі. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану - әр оқушының соңында жоғарғы нәтижеге қол жеткізуінің маңызды факторларының бірі. Сондықтан да сөйлесу бөліміндегі бағалар және бағалау ынталандырушы сипатта болады. Оқу модулінің бұл бөлімінде оқу еңбегінің нәтижесін бағалауда «тәтті лимон» (оқушы атқарған әрекеттің құндылығын асыра көрсету) және «жасыл жүзім» (оның теріс нәтижесін құнсыздандыру) қағидалары кеңінен қолданылады [146].
Бұл технологияның маңызды шарты – оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы.
Жоғарыда атап өткеніміздей, баланың көптеген жеке тұлғалық психикалық қасиеттері, психологтардың пікірінше, жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі айқындалып, қалыптасады. Егер оқушының жеке өзіндік қызметі, оның үстіне жоғарыда айтылғандай қиындықты жеңіп, жаңалық ашып, жақсы нәтижеге жетуіне және, ең бастысы, танымдық қызметінің өзінен жағымды эмоциялар алатындай қызметі ұйымдастырылмаса, онда мұғалімнің баланы танымға «жетелеп енгізбек» болған әрекеті күтілген нәтиже бермейді, яғни, жеке тұлғаны дамытпайды.
Бұл үшін мұғалім сабақта әр балаға психологиялық қолдау көрсетуі, психологиялық жайлы (ыңғайлы) орта туғызуы қажет.
К.Роджерстің пікірінше, мұғалім ондай жағдайды жасай алады, тек сол үшін келесі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
Балаларға әрқашан сенім көрсетуі;
Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектесуі;
Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беруі;
Әртүрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы;
Мұғалім әрбір оқушы үшін осындай рөлде болуы;
Өзінде топтың көңіл-күйін сезіну және оны қабылдау қабілетін дамыту;
Топтық өзара әрекетке белсенді түрде қатысуы;
Топта өз сезімін ашық білдіруі;
Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатиялық дәрежеге ұмтылуы;
Өз-өзін жақсы білуі тиіс [147].
Бірқатар ғалымдардың талдау нәтижесінде шығармашыл тұлғаның төмендегідей негізгі қасиеттері анықталды:
- шығармашылық мақсат қоя білуі және өз қызметін соған қол жеткізуге бағындыруы;
- өз қызметін жоспарлай және өзі бағалай (қадағалай) білуі;
-еңбекке төзімділігі жоғары болуы;
- мақсатының негізгі мәселелерін тауып, оларды шеше білуі;
- өз көзқарасын, пікірін қорғай білуі.
Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, тек оқу процесі осындай жүйеде ұйымдастырылғанда ғана танымдық, ізденушілік, зерттеушілік оқытуды қамтамасыз етеді, өйткені іздеу де, зерттеу де тек қана жылы пейілді, ашық ортада; жеке тұлғаның ішкі толық ашылуы мен оқушылардың өзара қатынасы, сөйлесу негізінде болуы мүмкін.
Яғни, мұны оқушының шығармашылығын дамытудың негізгі жүйесі деп түсінуге болады және оны сызба түрінде былайша көрсетеміз (6 сурет):
Жоғарыда берілген екі жүйені (3, 6-суреттер) басшылыққа ала отырып6 біз оқу процестерін гуманизациялау негізінде оқушының шығармашылығын дамытудың жүйесiн құрдық.
Білім беруді гуманизациялау арқылы шығармашыл тұлғаның моделін жасауда мынадай қағидаларға жүгіндік:
жүйенiң біртұтастығы;
қойылған мақсатқа жету үшін жүйенiң қайта шығарылуы;
жүзеге асырушы процестерге әсер етуші факторлар мен жағдайлардың басымдылығы;
білім беру процесі мен оқушы тұлғасының бейімделуі;
жүйенi iске асырудың нәтижелілігі.
Аталған жүйенi біздер қазіргі қоғамға шығармашыл тұлғаның қажеттілігін ескере отырып жасадық. Мұны білім беру туралы заң актілері мен ресми материалдардан көруге болады. Осыған орай білім беру практикасын қоғам талабы мен жеке тұлға мұқтаждығына сәйкестендіру қажеттілігі туындап отырғанын айтпақпыз.
Жүйенi жасау барысында оқу әрекеті мазмұнының практикалық бағытын күшейту арқылы оқыту процесін гуманизациялау деген тұжырым жасалды (4-сурет). Сонымен қатар оқушылардың интеллектуалды дамуына бағытталған оқу әрекетін ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту мен өз бетінше білім алуға арналған тапсырмалар көлемін кеңейту қажеттілігі туралы тұжырымдар жасалды.
6 сурет – Интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытудың жүйесi.
Бұл жүйе білім беру процесінде шығармашыл жеке тұлға қалыптастыруға бағытталған оқу әрекетін ұйымдастыруды талап етеді. Ал шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру үшін берілетін тапсырмалар жүйесі дифференциалануы, оқулық, оқу құралдары және өзге де қосымша әдебиеттерді қолдануды талап етуші оқу материалдарымен жұмыс жасау жүйесінің болуы, сөйлесу, оқытудың ойын формалары арқылы жүргізілуі тиіс.
Оқушылар тұлғасының шығармашылық қабiлетiн дамыту мәселесi бойынша қазiргi психологиялық-педагогикалық әдебиеттi талдау негiзiнде бiз шығармашылықты дамытудың құрылымдық-компоненттiк құрамын анықтадық, оған қызығушылық, әрекетшiлдiк, бағалаушылық құрамдары кiргiзiлдi және мұнда әрбiр құрамның өлшемдік сипаттамасы берiлдi (4 кесте).
4 кесте – Оқушылардың шығармашылықты дамытуының өлшемдік сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |