Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытудың педагогикалық шарттары


оқушылардың шығармашылығын дамыту процесін орта мектепте ұйымдастыру



бет20/53
Дата22.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#198727
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53
Байланысты:
Орақова амангүл шахарбекқызы оқу процесінде оқушылардың шығармаш-emirsaba.org

2 оқушылардың шығармашылығын дамыту процесін орта мектепте ұйымдастыру
2.1 Оқушылардың шығармашылығын дамытуға мектепті басқару жүйесінің әсері
Бұл 2.1 параграфта тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыс негізінде оқушылардың шығармашылығын дамытуға мектепті басқарудың әсерін ашып көрсетуге әрекет жасадық.
Оқыту процесін гуманизациялауды жақсартуда мектептi басқару қызметін менеджмент тұрғысынан жетiлдiруде мектеп практикасындағы субъектiлердiң өзара қарым-қатынасын гуманизациялау қағидасына сүйену негізге алынды. Бұл қағида мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің өзара біріккен және жеке іс-әрекетері деңгейінде қарастырылды.
Эксперименттік жұмыстың мақсаты – ұсынылып отырған білім беру процесін гуманизациялау арқылы шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру тұжырымдамасының тиімділігін тексеру және сынақтан өткізу болды.
Эксперименттік жұмыс барысында бiз мынадай үш негiзгi бағытты айқындадық.

Бiрiншi бағыт – бiлiм беру процесiн басқару арқылы мектеп ортасында шығармашылықты дамытуға оңтайлы жағдайлар құру.

Екiншi бағыт – оқыту процесіне модульдiк интерактивтi технологияны қолдану арқылы шығармашылықты дамыту.

Үшiншi бағыт – оқушы тұлғасының шығармашылығын дамытудағы психологиялық-педагогикалық мониторинг рөлiн талдау.
Эксперименттік жұмыс бөлiгi үш кезеңде өттi:


I кезеңнақтылау, педагогикалық тәжiрибеде тексерiлетiн мәселенiң жағдайын анықтау;

II кезеңталдау, бiлiм беру процесiнде оқушылар шығармашылығын дамыту тұжырымдамасының негiзгi ережелерiн сынақтан өткiзу;

III кезеңтүзетушi, алынған сараптама мәлiметтерiн талдау; сараптама нәтижелерi бойынша статистикалық мәлiметтер өңдеу; бiлiм беру процесiнде оқушылар шығармашылығын дамытуды ұйымдастыру жөнiнде мұғалiмдерге әдiстемелiк нұсқаулар әзiрлеу,
Эксперименттік сынақ 1998-2005 жж. аралығында iске асырылды және барлық мектептерде бiр мезгiлде жүргiзiлдi. Бұған Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназия, №30 орта мектеп, Ақтөбе облысы Темiр ауданының Кенқияқ және Шұбарши орта мектептерi, Алматы қаласындағы №34 көпсалалы мектеп-гимназия, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының №1 Ю.Сареми атындағы өзбек гимназиясы, Петропавл қаласындағы №20 орта мектеп алынды.
Зерттеу жұмысы бойынша тәжірибелік-бақылау жұмыстары Ақтөбе қаласындағы №№24, 40 орта мектептерде, Шалқар қаласындағы №№1, 4, 5, 40 орта мектептерде, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы №№9, 17 мектеп-гимназияларда, Ақтау қаласындағы №13 мектеп-гимназия, №№12, 14 орта мектептер пен экономикалық лицейде, Жамбыл облысы, Талас ауданы Ақкөл орта мектебінде, Алматы қаласындағы №№146, 173 мектеп-гимназияларда, №59 орта мектептерінде жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименттік осы жұмыстарды (1998-2005жж.) жүргізген кезде барлығы 2873 оқушы, 612 мұғалім қатыстырылды.
Бастапқы жағдайын нақтылау бойынша сараптамалық жұмыс жалпы бiлiм беретiн 31 мектептiң 2981 оқушысы мен 718 мұғалiмiн қамтыды.
Нақты эксперименттiк дәлелдерді Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназиясы мен Ақтөбе облысы Кеңқияқ орта мектебінің материалдары негізінде келтірейiк. Сонымен қатар, бұл эксперимент негізінде алынған нәтижелерді мектеп басшыларының мектепті басқару жүйесінде қолданып, ол нәтижелерді оқыту процесін гуманизациялауға бағытталған өзге де білім беру мекемелерінiң қолдануларына болады.
Біздің зерттеулерімізде П.И.Третьяков жасаған циклдық функциялар қолданылды[148]. Енді оқыту процесін гуманизациялауға бағытталған орта мектептегі түрлі функцияларды жүзеге асыру ерекшеліктерін қарастырайық:
Ақпараттық-талдау функциясы оқу-тәрбие процесін бағалауға, оқыту мен тәрбиенің қалыптасқан деңгейін айқындауға, даму тенденциясын, жүйенің өзін-өзі қозғаудағы шынайы мүмкіндігі мен қажеттілігін көруге көмектеседі. Бұл функцияның міндеті – ұжым жұмысының сипатын жасауда негізге алынған ақпарат жинау мен оны өңдеу.
Талдау әрекетінің формасы мен әдісі оқыту процесінде оқушылар шығармашылығын дамытудың проблемасын педагогикалық ұжымда, ғылыми-әдістемелік кеңестерде, әдістемелік бірлестік немесе кафедраның, шығармашылық топтардың отырысында, педагогикалық консилиумдарда талқылауға негізделген.
Келесі функция ретінде мектеп әкімшілігі жүзеге асырып отыратын мотивациялық-мақсаттық функция алынды. Мақсатты қалыптастыру процесіне баса назар аударылуы керек. Себебі, анық қойылған мақсат қана нақты әрекеттерді туғызып, дұрыс нәтижелерге жеткізеді.
Эксперименттiк жұмыстың мақсаттарын нақтылау педагогикалық кеңестерде, оқушылар ұжымында, ата-аналар комитетінде жүзеге асырылып отырылды. Педагогикалық ұжымның мақсат және міндет жүйелері мыналардан құрылды: 1) мектептің оқыту процесін технологияландыру мақсаттары; 2) жалпы мақсаттардан туындайтын әдістемелік бірлестіктің немесе кафедраның міндеттері; 3) әрбір мұғалімнің жеке міндеттері.
Біздің алдымызда бiз ұсынған мектеп тұжырымдамасымен сәйкес келетін пікірлес ұжым құру мәселесі тұрды. Бұл функцияны жүзеге асыруда мектеп басшылары мақсатының құрылымын, оған жетудің мотивациялық қажеттілігін қамтамасыз етуге және ұжымның интеллектуалдық дайындығына көңіл бөлінді.
Педагогикалық контингент тұрақты болғандықтан, тұжырымдық негіздерді сәйкестендіру жұмысы тұрақты жүргiзiлдi және ол 1998 жылдан 2005 жылға дейін жүйелі түрде талдау жасалып отырылды.
Басқару дегеніміз – ЖҰББ (жоспарлау-ұйымдастыру-басқару-бақылау жасау) арқылы мақсатқа жетуге негізделген, мақсатқа бағытталған іс-әрекет.
Қазіргі заманғы мектепті басқару, біздің көзқарасымыз бойынша, 3 маңызды қағидамен ерекшеленеді. Біз оны Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп- гимназиясының басқару жүйесінде толық ашып көрсете алдық. Бұл мақсатта мектептің материалдық-техникалық базасы, даму болашағы, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері ескерілді.
Мектептің болашақта дамуы мен мектепте тәжірибелiк эксперименттiк жұмысты ұйымдастыру үшін арнайы жағдайлар жасалғандығын педагогикалық-психологиялық диагностиканың нәтижесі көрсетті.
№32 мектеп-гимназияның дамуы тәжірибелiк эксперименттiк жұмыстың бағдарламасы негізінде мектеп-гимназияның педагогикалық ғылыми тұжырымдамасы дайындалды. Әрбір атқарылатын жұмыс ұжымда талқыланып, ғылыми тұрғыдан негізделіп, жұмыс бағдарламасына енгізіледі. Әрине, атқарылатын жұмысқа күнделікті бақылау және басқару іс-әрекеті біртұтас және жүйелі жүргiзiледi (7, 8 суреттер).
Біздер басқару жүйесінің бірінші сатысы ретінде педагогикалық диагностиканы енгіздік. Ол мынадай алгоритмдік жүйеде жүзеге асырылады (9 сурет).
Басқарудың келесі функциясы – жоспарлы-болжау функциясы. Жоспарлы-болжау функциясы міндеттерді нақтылайды, жұмыстың формасы мен әдісін айқындауды көздейді. Жоспарлау және болжау бірнеше деңгейде жүзеге асырылды (тұтастай мектеп, әдістемелік бірлестік немесе кафедра, әрбір жеке мұғалім).
Мектептің іс-әрекетін жоспарлауда оқыту процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған жаңашылдық іс-әрекетті жеке бөліп қарастырдық. Сонымен қатар жаңашылдық іс-әрекет мұғалімнің жеке жоспарына енгізілді.
Iс-әрекеттің тағы бір түрі – қосымша нұсқауларды баспадан шығарып отыру. Мектепте шығарылатын газет педагогикалық ұжымның оқушылармен, ата-аналармен тығыз байланыста болуына септігін тигізді. Ал шығарылып отырған әдістемелік нұсқаулар мен құралдар мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибелерін таратуды қамтамасыз етеді.

Ұйымдастыру-орындау функциясы құрылған жоспарлар бойынша қабылданған шешімдерді орындауды көздейді. Бастапқыда оқу процесін гуманизациялауға бағытталған мектеп тұжырымдамасының негізгі құжаттарын дайындау бойынша педагогикалық ұжым әрекетін ұйымдастыру жүргізілді. Атап айтсақ, эксперименттiк жұмыстың өзектілігі анықталып, ғылыми-педагогикалық тұжырымдамасы дайындалды.


І деңгей


(стратегиялық
басқару)
ІІ деңгей
(тактикалық
басқару)

ІІІ деңгей


(тактикалық
жүзеге асыру)
Қамтамасыз ету қызметі:

  • психологиялық-педагогикалық диагностикалар;


  • педагогикалық консилиумдар;


  • психологиялық қызмет көрсету;


  • ғылыми әдістемелік семинарлар;


  • жинақтарды басып шығару қызметі.


Ғылыми-практикалық конференция


7 сурет - Мектеп-гимназияны басқарудың деңгейлiк жүйесі.


8 сурет – Мектеп-гимназияны басқарудың жаңашылдық іс-әрекетінің жүйесі.
9 сурет – Педагогикалық диагностиканың алгоритмі

Осы мәселе бойынша зерттеудің теориялық маңыздылығы мен ғылыми жаңашылдығы - оқушының шығармашылығын дамытуға бағытталған әр түрлі педагогикалық жүйедегі мектептердің белгілі бір негізгі және жалпы құрамдарын құрауы; мектеп пен оқушының жеке тұлғасының негізгі педагогикалық үйлесімділігінің көрінуі; модульдік оқыту технологияларының нұсқаларын өңдеу; әр түрлі мектептердің педагогикалық жүйесін құру.


Тәжірибелiк-эксперименттiк жұмысты өткізу үшін зерттеуші топтар құрылды.
1 топ - теориялық-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
2 топ - мониторингті өңдеу және құру.
3 топ - жеке тұлға туралы психологиялық диагностика әдістемесін өңдеу.
4 топ - оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық диагностика әдістемелерін өңдеу.
5 топ - мектеп ұжымы мен оқушының жеке тұлғасының өзара қарым-қатынас процесін басқару алгоритмін құру.
6 топ - сынып жетекшісінің іс-әрекет алгоритмін құру.
Эксперименттің күтілетiн нәтижелерін бағалау өлшемдері:
1. Оқушының жеке тұлғасының мектеп ортасында болған кезде эмоционалдық қанағаттануының жоғарғы деңгейі (бақылаушы мектептермен салыстырғанда).
2. Мектеп ортасының тұрақты эмоционалдық жылы атмосферасы.
3. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жандандыру және оқушылардың білім сапасын көтеру.
4. Педагогикалық іс-әрекетте мұғалімдердің психологиялық дайындығын көтеру.
5. Мұғалімдерге оқушыны психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістерін меңгерту.
6. Мұғалімдер мен оқушылардың зерттеу іс-әрекетіне тұрақты қызығушылығының көрінуі.
7. Мектептің әрбір оқушысының қажеттілік-себептілік сферасының өзгеруін бақылау жүйесін құру.
8. Жеке тұлғаның дамуында психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оның дамуына жағдай туғызатын қолайлы іс-әрекеттердің түрін таңдау.
Бұл ретте педагогикалық іскерлік ойындар, оқытудың белсенді формалары мен жұмыс әдістері қолданылды. Сонан соң белгіленген міндеттердің практикалық шешіміне бағытталған теориялық дайындық әрекеттері іске қосылды. Педагогикалық ұжым оқу процесін гуманизациялау идеясымен терең танысып, алдағы жұмыстардың әдіс-тәсілдерін меңгерді. Ол үшін түрлі тақырып пен мазмұндағы оқу-әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды.
Мектеп жұмысы мен оның нәтижелері мектеп әкімшілігінен, психологтан, педагогикалық қызметкерлерден тұратын педагогикалық-психологиялық қызмет көрсетуші тұлғалар тарапынан бақыланып отырды. Олар бала туралы барлық ақпаратты жинап, жүйелеп, бағалап, саралап отырды: баланың көңіл-күйі бақыланып, онымен жұмыс жасау жолдары педагогтарға түсіндірілді. Сонымен қатар, мектептің алға қойған мақсатына жетуіне үлкен әсер ететін факторлардың бірі – педагогтардың әрекеттеріне түзетулер енгізілді. Мониторинг жүйелі, мақсатты бағытталған сипатта болды.
Зерттеу жұмысының дайындық кезеңінде педагогикалық ұжым мектеп тұжырымдамасымен танысып, оны жүзеге асырудың практикалық тәсілдерін меңгерді, оқу процесін гуманизациялауды пән арқылы қамтамасыз етуші тұжырымдамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін іс жүзінде тексерді. Көрсетілген проблема бойынша алдыңғы қатарлы озық тәжірибелермен таныстырылды.
Екінші кезеңде оқу процесіне интерактивтік модульдік оқыту технологиясын енгізу бойынша ұжыммен мақсатты түрде жұмыс жүргізілді.
Басқарудың келесі функциясы – диагностикалық-бақылау. Бұл функция оқу-процесінің барысы мен нәтижелерінің қойылған міндеттерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Жоспарлау психологиялық-педагогикалық қызметтің жетекшілерімен, психологпен, дәрігермен, мектеп әкімшілігімен және ата-аналармен тығыз байланыста жүзеге асырылды. Бұл жерде мектеп әкімшілігінің міндеті – жоспарлаудың кешенділігін, өмірге сай екендігін, орындалу мүмкіндігінің бар екендігін, оңтайлы оқыту процесін гуманизациялауға бағытталған жалпы мектеп жоспарына сәйкес екендігін бақылап, бағалап отыру болды.
Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы оған мұғалімдердің теориялық, әдістемелік жағынан дайын болуымен тікелей байланысты болды. Сол мақсатта педагогтар мен әртүрлі білім көтеру жұмыстары тұрақты ұйымдастырылып отырды. Олар: арнайы курстар, кеңестер, нұсқаулар, баспа материалдарымен қамтамасыз ету т.б.
Кеңқияқ орта мектебінде біздің экспериментіміз 5 жыл бойы (1998 жылдан 2005 жылды қоса алғанда) өткізілді. Бұл мектепте барлығы экспериментке 74 мұғалім мен 572 оқушы қатыстырылды. Эксперимент 4 кезеңде өткізілді:
  1. дайындық (1996-1998 оқу жылы);


  2. дамытушы (1998-2000 оқу жылы);


  3. құрастырушы (2000-2003 оқу жылы);


  4. қорытынды (2003-2005 оқу жылы).


Дайындық кезеңде мектептің материалдық жағдайына проблемалық талдау жүргізу, қазіргі мектептердің тенденцияларын айқындап, соның негізінде гумандық педагогика идеяларына сәйкес басым педагогикалық тұжырымдамаларды сараптау, эксперименттің қажетті материалдарын дайындау iске асырылды. Мектеп әкімшілігі жүргізген талдау мектепте білікті педагогикалық ұжымның қалыптасқанын көрсетті. Дегенмен педагогикалық ұжым оқыту процесін гуманизациялауға ұмтылғанымен, бұл ұмтылысты жүзеге асырушы факторлар жүйесінің жоқтығы айқындалды. Осыған байланысты біздің тарапымыздан тиiстi дайындық шаралары жүргізілді. Интерактивтi әдістер негізінде педагогикалық кеңесте және шығармашылық топтарда жұмыстың жаңа формалары мен әдістері талқыланды. Педагогтар мен оқушылар үшін асауалнамалар, түрлі тесттер дайындалды, сабақтар мен iс-шаралардың аспектілік талдаулары жасалып, таңдалды.


Бiз әдiстемелiк бiрлестiк бекiткен базистiк оқу жоспарын талдап, онда шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға қажет едәуiр мүмкiндiктер бар екенiн анықтадық, өйткенi онда пәндердi тереңдете оқытуға бағытталған бiрқатар шаралар кешенi қарастырылған.
Базистiк оқу жоспары мен психологиялық-педагогикалық зерттеу мәлiметтерiнiң талдауына сүйене отырып, оқытудың теориялық негiзiнде шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкiндiктерi бар деген қорытындыға келдiк.
Оқушылардың шығармашылығын дамытудың шынайы жағдайын айқындау үшiн мектептiң жұмыс тәжiрибесiнде мұғалiмдерге сауалнама жүргiзiлдi. Алынған нәтижелердiң талдауы мектеп мұғалiмдерiнiң оқушы тұлғасының шығармашылығын қалыптастыру әдiстемесiн меңгеру дәрежесi төмен екенiн көрсеттi. Мұғалiмдер оқу-танымдық қызметтi ұйымдастыру әдiстерiнiң қатарына проблемалық мәселелердi, шығармашылық тапсырмаларды, оқушылардың қажеттiлiктерi мен мүдделерiн есепке алу мақсатындағы жеке жұмыс iстеудi жатқызуға болады деп көрсетедi. Бiрақ сабақта топтық жұмысты ұйымдастыруды, пiкiрталас, рөлдiк ойындар және де басқа тек интеллектiнi дамытуға ғана емес, эмоциялық-ерiк аясын жандандыруға да бағытталған әдiстер сирек аталды.
Екінші кезеңде оқу процесіне интерактивтік модульдік оқыту технологиясын енгізу бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлік деңгейінің бастапқы күйiн, өзара қатынастарды гуманизациялаудың бастапқы деңгейін анықтау, оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту жүзеге асырылды.
Сонымен, сауалнама материалдарының талдауы көрсеткендей, мектеп мұғалiмдерi негiзiнен қазiргi бiлiм берудiң басты мiндеттерi қатарына оқушыны шығармашылық дамыту процесiн қамтамасыз ету мiндетiн атап көрсеттi, алайда шығармашылықты дамытуға қажеттi психологиялық-педагогикалық жағдайлар туғызу әдiстемесiн нашар меңгергенi байқалды. Яғни, қазiргi мектептiң жұмыс тәжiрибесiнiң талдауы қоғамды шығармашылық дамыту мәселесiнiң өзектiлiгiн дәлелдедi.
Сараптама барысында алынған мәлiметтер жалпы бiлiм беретiн мектеп жағдайында шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру процесi жетiмсiз берiлгендiгiн, көбiнде ол тек мәселе түрiнде ғана қойылатынын және оны мұғалiмдердiң кей кездерде ғана, еш жүйесiз iске асыратыны байқалды.
Шығармашылық қабiлетiн айқындау мiндеттерiн шешу үшiн оқушыларға:

  • шығармашыл жеке тұлға туралы түсiнiгiн;


  • оқушылардың шығармашылық қабiлет-қуатын дамытудағы мектептiң бiлiм беру процесiн анықтау мақсатын көздейтiн сауалнама ұсынылды.


Сауалнама мәлiметтерi оқушылардың көпшiлiгiнiң өз шығармашылық мүмкіндіктерін ашу деңгейi төмен екенiн көрсеттi. Бiршама оқушылардың өзiн-өзi бағалауы төмен. Оқушылардың көпшiлiгi (60%-ы) өздерiнiң шығармашылығын дамытудағы басты рөл өздерiнде, 30%-ы – мұғалiмдерде және 10%-ы – ата-аналары мен жақындарында деп есептейдi. Оқушылардың басым бөлiгiн (48%) шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру бағытындағы мектептiң оқу-ұйымдастырушылық қызметi қанағаттандырмайды.


Қазiргi педагогикалық практикада шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелерiн зерделеудi және оларды терең түйсiнудi бiз шығармашыл жеке тұлғаны тиiмдi қалыптастыру үшiн жағдай жасауға бағытталған педагогикалық өзара ықпалдастық әрекеттердiң түрлi формаларын даярлап, оларды iс жүзiнде сынақтан өткiзу арқылы iске асырдық.
Диагностика нәтижелерi аталған мәселенi шешудiң тиiмдi жолдары мен құралдарын анықтау, оларды қорыту және бiлiм беру процесiнде шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруды педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етудiң үлгiсiн жасау, оны тәжiрибеге ендiру, ұсынылған нұсқаның тиiмдiлiгiне көз жеткiзу қажеттiлiгiн айқындады.
Осы бағытта мектептің шығармашылық зертханасының ережесі мен тұжырымдамасын дайындап, Ақтөбе қаласындағы № 32 мектеп-гимназия мен Темір ауданының Кеңқияқ орта мектебінде мынадай форма мен мазмұнда жүргіздік:
Мектеп-шығармашылық зертхананы құрудың негiзiне мынадай идеялар алынған:
  • дарынды балаларды оқытуға, оқушылардың бiлiм алуын жекешелеу мен дифференциялау үшiн, әрбiр оқушының жеке тұлғасын дамыту үшiн және оқушылардың аналитикалық ойлауын дамытуға арналған қазiргi заманғы оқыту технологияларын өңдеу және тәжiрибеден өткiзу (болашақта әртүрлi типтегi мектептердiң жұмыстарына енгiзу) үшiн;


  • оқушының креативтi (шығармашылық) ойлауын дамыту мақсатында зерттеп оқыту технологиясын тәжiрибеден өткiзу;


  • жалпы бiлiм беретiн мектеп жағдайында оқушының жеке тұлғасын дамытудың қолайлы жолдарын iздестiру мақсатында мұғалiмдердiң жеке педогогикалық зерттеулерiн ұйымдастыру;


  • қазақстандық патриотизмге, азаматтық пен жеке тұлғаның рухани дамуының қалыптасуына бағытталған сабақтан тыс iс-әрекет жүйесi мен жаңа оқыту технологияларын өңдеу және тәжiрибеден өткiзу;


  • оқу iс-әрекетiнде оқушының жеке тұлғасының даму мониторингiн құру;


Мектеп –шығармашылық зертханасының iс-әрекетi мынадай бағытта жүзеге асырылады:


  • мұғалiмдердiң жеке педагогикалық зерттеулерi: жалпы бiлiм беретiн мектептерге арналған авторлық бағдарламалар мен оқушыларды өңдеу және тәжiрибеден өткiзу;


  • оқушының жеке тұлғасының дамуына бағытталған мектептi педагогикалық модельдеу;


  • мұғалiмдердiң шығармашылығын дамытуға, зерттеу жұмысымен айналысуға қабiлеттiлiгi мен қызығушылығын тудыруға, жеке тұлға туралы теориялық (ғылыми) бiлiмдерiн тереңдетуге және оқу-тәрбие процесiнде оны дамытуға, бiлiм беру саласында мектеп жасындағы баланың, жеке тұлғаның дамуын зерттеу үшiн ғылыми-зерттеу жұмысын өткiзуге жағдай туғызу және қолайлы жолдарын iздеу.


Осындай жағдайда ғана мектеп-шығармашылық зертхана оқу-тәрбие процесiнде оқушының жеке тұлғасын дамытудың қолайлы жолдарын iздестiру мақсатында ғылыми деңгейде тәжiрибе–эксперименттiк және зерттеушiлiк жұмыстарды ұйымдастыруға арналған.


Мектеп–шығармашылық зертханада бiлiм беру жүйесi оқушыларға бiлiм берудiң 3 сатысы негiзiнде берiледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет