3. Зерттеушілік процесті ұйымдастыру негіздері
Зертхана өзінің Жарғысына сәйкес жеке құрылымын әзірлеуге құқы бар.
Зертхананың эксперименттiк оқу жоспары мен бағдарламалары мектеп директоры мен мектепте эксперименттiк жұмысты ұйымдастырушының ғылыми сараптауынан кейін бекітіледі.
Зертхананың эксперименттiк жұмысы зертхана базасы негізінде өңделген, ата-аналар мен педагогикалық ұжымды, мектеп басшыларын, мұғалімдерді практикалық және ғылыми-теориялық тұрғыда дайындалған материалдармен таныстырып, талдауға негізделген.
Зертхананың эксперименттiк жұмысының қорытындысы бойынша оқу жылының соңында ғылыми-практикалық конференциялар өткізіліп, онда эксперименттiк жұмыс бағдарламасының орындалған жұмыстары мен олардың нәтижелеріне талдау жасалып, экспериментті дамытудың келесі кезеңдері анықталады.
Эксперименттiк жұмыстың қорытындысы бойынша 3 жылда бір рет эксперименттiк жұмыстардың жетекшілері Темiр аудандық білім басқармасына толық түрде эксперименттік жұмыстардың нәтижелері мен болашағы туралы, осы эксперименттік кесте оқушының психофизиологиялық дамуына, олардың денсаулық жағдайына қандай әсер еткендігі туралы аналитикалық есеп дайындайды.
4. Зертхананы басқару
Зертхананы басқару жалпы адамдық қасиеттердің артықшылығымен, ашықтық, жариялылық қағидасымен жүзеге асырылады.
«Білім беру туралы» ҚР-ның заңында мектеп директорының құқы мен міндеттері көрсетілгендей және ҚР білім беру мекемелерінің типтік құжаттарына сәйкес, зертхананы басқару ісімен тікелей мектеп директоры айналысады.
Темiр аудандық білім басқармасының бекітуімен эксперменталдық жұмыстар ғылыми жетекшінің тікелей басқаруымен жүзеге асырылады.
Эксперименттiк бағдарламалардың орындалуына, олардың жүзеге асырылуына қажетті жағдай туғызуға, экспериментке қатысушылардың құқықтарын, талаптарын орындауға мектеп директорының жауапкершілігі эксперименттiк жұмыс жетекшілерімен бірдей деңгейде болды.
Мектеп–шығармашылық зертхананың iс-әрекет жоспары құрылған бағдарламаға, белгiлеген уақытқа және зерттеушiлiк және эксперименттiк iс-әрекеттiң мазмұнына сәйкес етiп құрылды.
Осы жоғарыда берілген зертхана ережесі мен тұжырымдамасын тәжiрибеге ендiру, бiрiншiден, жалпы бiлiм беретiн мекемелерде сараптамалық алаңдар ұйымдастыру, екiншiден, тұжырымдаманың негiзгi ережелерiн мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн арттыру процесiне ендiру арқылы iске асырылды. ББЖ КБАРИ-дің 07.12.1999 жылғы №1-13-912 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 16.11.2000 жылғы №1085 бұйрығына сәйкес, бiз бiлiм беру процесiне ендiру бойынша зерттеушiлiк қызметтiң үш кезеңнен тұратын бес жылдық бағдарламасын жасадық.
Әзiрленген шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру тұжырымдамасын сынақтан өткiзу мақсатында осы мәселенi шешуге қажеттi мұғалiмдердi теориялық және практикалық даярлау формалары (лекциялар, семинарлар, практикумдар, тренингтер және т.б.) өткiзiлдi.
Тренингтердiң негiзгi мiндетi мұғалiмдерге өзiнiң кәсiби қызметiнде оқушылардың шығармашылық даму процесiн ұйымдастыруға ықпал ететiн жаңа, жағымды психикалық ахуал тудырудың оңтайлы ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайын жасау болып табылады.
Тәжiрибелiк-сараптамалық зерттеу барысындағы өзгерiстер туралы мәлiметтер алу үшiн бiз бiрiншi бағытқа тоқталамыз, бұл бiлiм беру процесiн басқару арқылы шығармашылықты дамыту үшiн оңтайлы жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
Бір жылдың ішінде бізде стандарттық шекараны нақты, дәл анықтауға мүмкіндік туғызатын, қазіргі уақытта біз қандай деңгейде екендігімізді анықтайтын арнаулы әдістемелік блок құрылды. Бұл әдістемелер мектеп-шығармашылық зертханасында жинақталып, біздің жағдайымызға сәйкестендіріліп, педагогикалық-психологиялық диагностика жүргізуге бейімделді (А қосымша).
Эксперимент бағдарламасына сәйкес базалық мектептерде жүргізілген анықтаушы эксперимент нәтижелері мынадай болды:
Зерттеу педагогтардың дарынды балалардың ерекшелігін түсіне алмайтындығын, олармен жұмыс жүргізуді білмейтіндігін көрсетті. Бірақ барлық мұғалімдер уақыт талабына сай оқыту процесінде жаңашылдықпен жұмыс жүргізу қажеттігін атап көрсеткен. Мұның барлығы педагогтардың оқушылардың жеке тұлғасының әлеуметтік ортаға бейімделуін дамыту бойынша біліктіліктерінің жетіспейтіндігінің куәсі деуге болады. Жалпы осы және өзге зерттеулердің негізінде педагогтардың кәсіби шеберліктерінің 6 деңгейі (Плахов бойынша) бөлініп көрсетілді.
І деңгей - Әдістемелік дайындығы нашар
ІІ деңгей - Дәстүрлі оқулықтар мен бағдарламаларды қолдануда тұрақты нәтижесі бар
ІІІ деңгей - Оқу сабақтарының жаңа түрлерін дайындау
ІV деңгей - Білім берудің мазмұнын біртіндеп өзгерту арқылы әдістемелік өңдеу
V деңгей - Пәннің идеологиясын өзгертпей, курстың мазмұнына өзгерістер енгізу
VI деңгей - Бөлімдердің мақсатын және мағынасын өзгерту арқылы авторлық курстар құру[149].
Плахов жүйесіндегі деңгейi - педагогтың даму баспалдағын, ал әрекеті - басшы үшін оның бағалау көрсеткішін бiлдiредi.
Эксперимент басында педагогтардың деңгейлер бойынша бөлінуі былай болды (13 сурет):1999-2000 оқу жылы: 0 деңгей – 2%; 1 деңгей – 8%; 2 деңгей – 16%; 3 деңгей – 32%; 4 деңгей – 2%; 5 деңгей – 0%; ал 2004-2005 оқу жылында 0 деңгей – 1%; 1 деңгей – 29%; 2 деңгей – 17%; 3 деңгей – 25%; 4 деңгей – 21%; 5 деңгей – 7%-ға өскенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |