Педагогикалық консилиум - бұл оқушылардың жеке тұлғасын тереңірек зерттеу мақсатында бір сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің кеңесуі және олармен алдағы уақытта жұмыс жасау мақсатында оқытуда анықталған кемшіліктерді жою үшін педагогикалық дұрыс жолдарын құру, жеке тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктерін ашу мақсатында оқушылармен жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру.
Педконсилиумның 2 негізгі мақсаты бар: біріншіден, сынып ұжымы мен әрбір оқушының жеке тұлғасының ерекшеліктерін зерттеу; екіншіден, әрбір оқушының жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдайларды ұйымдастыру, білімі мен бiлiктiлiк дағдысындағы кемшіліктерді жоюдың педагогикалық шаралар жүйесін, белгілі бір педагогикалық көзқарасын туғызу.
Педконсилиумның міндеттері:
Аталған сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерін әрбір оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік, өзіне тән психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
Мұғалімнің оқушыны білім беру барысында субъект ретінде түсінуін кеңейту.
Аталған сынып оқушыларының жеке тұлғасын дамытуда, тәрбиелеуде, білім беруде келелі мәселелерді айқындау.
Оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудегі, білім берудегі келелі мәселелерді шешуге және жұмыс барысындағы кемшіліктерді жоюға арналған ұсыныстарды жазу.
Мұғалімнің аталған сыныппен жүргізетін іс-әрекетінің негізгі педагогикалық-психологиялық бағыттарын анықтау.
Педконсилиумға сынып жетекшісі, пән мұғалімдері (аталған сыныппен жұмыс жасайтын), мектеп дәрігері, мектеп әкімшілігінің өкілі қатысады.
Педагогикалық-психологиялық консилиум тең жұмыс жасау және жеке жауапкершілігі негізінде психологтар мен педагогтардың өзара қарым-қатынасын жасау мүмкіншілігін туғызды. Бұл жерде аталған процестің тиімді болуына мүдделі барлық ересек адамдардың кәсіби және жеке потенциалдары іске қосылды (педагогтардың, ата-аналардың, психологтардың, мектептің медициналық қызметкерінің).
Эксперименттiк жұмыста өзге де қатысушылармен қатар (мектеп әкімшілігі, психолог, класс жетекшілері мен пән мұғалімдері) мектептің медициналық қызметкерлерінің қатысуы қажет болды. Өйткені консилиум шеңберінде оқушы туралы қажетті медициналық ақпараттың болуы қажет етілді.
Педконсилиумға дайындық барысы 3 кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезеңде, сынып ұжымын, топтарды зерттеу бағдарламасы мен оқушының жеке тұлғасын зерттеудің мақсаты мен міндеті, іс-әрекеттің бағдарламасы анықталады.
Екінші кезеңде, сынып пен оқушы туралы мағлұматтар жинау жұмыстары жүргізіледі. Бұл үшін сыныптың, ұжымның, топтың және оқушының жеке тұлғасын зерттеуге арналған әдістемелер блогы құрылады.
Үшінші кезеңде, топтық зерттеу мен сынып ұжымын (немесе топты) және оқушының жеке тұлғасын зерттеу нәтижелері талданады.
Педагогикалық-психологиялық консилиумды дайындау әрбір қатысушы тарапынан жеке жүргізілді: психолог – психологиялық минимум мен тереңдетілген диагностиканың мәліметтерін өңдеп отырды, жеке талқылауға қатысушы оқушыларды және оларға қарағанда психологиялық ахуалы жақсы оқушыларды айқындады. Эксперименттiк сыныптардың сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінен ақпарат жинап, өңдеп, өздерінің жеке бақылауларын жүйелеп отырды. Мектептің медициналық қызметкері – ата-аналар мен емханалардан қосымша ақпарат алып, оқушылардың медициналық карталарын дайындады. Сынып жетекшісі мен медицина қызметкерлері өздерінде бар ақпаратпен консилиумде талқыланатын балаларды бөліп отырды. Экспериментте сонымен қатар, балалардың шығармашылығын дамытудағы мектеп проблемаларын шешуде біріге жұмыс жасау үшін ата-аналар да қатыстырылды. Педагогтар мен ата-аналардың бірге жұмыс жасауын ұйымдастырудың негізгі формалары мыналар болып табылды:
психологиялық ілеспелердің қорытындысы бойынша топтық және жеке кеңес беру;
психологиялық ілеспелерді анықтау;
мұғалімнің сұранысы немесе бастамасы бойынша жеке кеңестер беру.
Ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді. Оған мектеп мүддесіне және мектеп жағдайына байланысты туындайтын баланың эмоционалдық ойлаулары, үйде оқу әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері, оқушылардың психикалық-физиологиялық күйлері туралы сұрақтар енді.
Бiздiң сараптамамызда жоспарлау барысында циклдың әрбiр кезеңiнiң өзара байланысты нақты iс-әрекеттерi болды. Әрбiр қадамның жүзеге асырылуы белгiлi бiр уақытты талап еттi. Жалпы алғанда жұмысты жоспарлау iс жүзiндегi нақты қадамдардың төмендегiдей бiрiздiлiгiн құруды бiлдiредi:
1. Циклды өткiзуге ұйымдастырушылық және әдiстемелiк даярлық. Бұл алдағы диагностикалық шараларды, консилиумдарды нақты сағаттарға бөлiп жоспарлау, қажеттi әдiстемелiк материалдарды – әдiстеме мәтiндерiн, қорытуға арналған кестелердi және т.б. даярлау жұмысының кезеңi.
Диагностикалық байқаудың бiрiншi кезеңiн өткiзу төмендегiдей бiрiздiлiкпен өттi: деңгейлерде оқушыларды байқап отыру, диагностикалық минимум әдiстемелерiн өткiзу, педагогтарға, ата-аналарға сараптамалық сұрау салу, нәтижелерiн қорыту (15 сурет).
3. Психодиагностикалық байқаудың үшiншi кезеңiне мәлiметтердi қорыту, байқау бойынша қорытынды дайындау енедi.
4. Психологиялық-педагогикалық консилиумға даярлық. Бұған сыныптар бойынша және жалпы параллельдер бойынша талдау ақпаратын даярлау жатады.
5. Психологиялық-педагогикалық консилиумды өткiзу. Жалпы параллельдер бойынша байқау стратегиясы әзiрленiп, жоспарланды.
6. Консилиум шешiмдерiн жүзеге асыру. Бұл кезеңде жалпы кеңес беру шаралары iске асырылды; ата-аналар жиналысы өткiзiлдi; әкiмшiлiкке кеңестер берiлдi; топ-топ бойынша пән мұғалiмдерiне кеңес беру жүргiзiлдi. Сынып жетекшiлерi мен психологтың бiрлескен iс-әрекетiн жоспарлау да осында кiрдi.
Достарыңызбен бөлісу: |