нің әсерінен бірте-бірте қирап, қопсыған жыныстарға айнала-
ды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атай-
ды. Сөйтіп ол топырақтың түзілуіне өзгеше жағдай жасайды.
Бұл құбылысқа табиғат күштерінің, әсіресе температураның,
судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздарының әсері
ерекше.
Ғылыми тұрғыдан қарайтын
болсақ тау жыныстарының
үгілуі
физикалық, химиялық, биологиялық
болып бөлінеді
.
Физикалық жолмен үгілу
– тау жыныстарының химиялық
құрамы өзгермей, тек әртүрлі
механикалық бөлшектерге
бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі
күштер – температура, жел күші, тасқын сулар, көшпелі мұздар.
Мысалы – тау аймақтарында жиі жауған жаңбырдың немесе
қар қабаттарының көктемде еруінен сел тасқындары болады.
Оның күшімен ірі-ірі тастар домалап, бір-біріне соғылып,
майда жыныстарға айналады.
Химиялық үгілу –
тау жыныстары құрамындағы әртүрлі
тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда,
қышқыл мен
сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда
болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы
жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Алайда
химиялық үгілудің бір түрі екіншісіне қарағанда басым болады.
Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық
үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы
аса суық тундра
немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физи-
калық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.
Физикалық және химиялық үгілулердің нәтижесінде тау-
лар бұзылып, шыңдар мүжіледі. Құм мен балшық суға жуылып-
шайылып, су күшінің кемуіне және жер бедерінің ыңғайына
қарай шөгеді. Физикалық үгілу болсын, химиялық үгілу болсын
өзінше топырақ түзіле алмайды. Топырақ түзілу құбылысы –
физикалық та емес, химиялық та емес, биологиялық құбылыс.
Достарыңызбен бөлісу: