Байланысты: Инклюзивті (интеграцияланған) оқытудың пайда болу тарихы мен әлемдік тәжірибесі
2. КСРО-да интеграцияланған оқыту идеясы жалпы білім беру жүйесінде де, арнайы
білім беруде де ешқандай қолдау таппайды. КСРО ПҒА дефектология ҒЗИ эксперимент
жүзінде ұзақ жылдар бойы зерттеледі (70-ж. – Э.И.Леонгард проф. Ф.Ф.Раудың
жетекшілігімен; одан әрі – сол жерде 80-ж. бастап қазіргі кезге дейін Н.Д.Шматконың
басшылығымен зерттеушілер тобы айналысуда). ХХ ғ. 90-ж. бастап Россияның бірқатар
білім бері мекемелері (Москва, Санкт-Петербург, Новосибирск т.б.) интеграция
режимінде жұмыс істей бастайды, бірақ Россияда инклюзивті білім беруді жүйелі түрде
енгізу әлі жүзеге асқан жоқ. Көп жағдайда интеграциялық идеяларды дамыту
инициативасы арнайы педагогика өкілдеріне тән болды.