Тәжірибелік бөлім
Қауіпсіздік сақтау ережелерінің инструкциясы.
Синтездеу бойынша жеке тапсырмалар алу.
Лабораториялық практикумға бөлінген сағаттың көлеміне сәйкес 6-8 заттарды синтездеу ұсынылады. Тапсырмаға әр түрлі кластардың заттарын синтездеуді енгізу керек, мысалы: а) металл немесе бейметаллды; б) гидридті; в) сусыз галогенидтерді немесе кристалогидратты (металдан немесе бейметалдан алынған);
г) оксидтерді, пероксидтерді немесе асқын тұздарды; гидрокситерді немесе оттекті қышқылдарды; е) оттекті қышқылдар тұздарын, гидроксотұздары; ж) сульфидтерді, натридтерді, карбидтерді; з) комплексті қосылыстарды.
Нақты бір затты алу бойынша тапсырманы орындағанда, студенттерді сол затты синтездеудің бірнеше әдістерімен таныстыру қажет. Кейбір жағдайда затты синтездеудің әр түрлі әдістері ұсынылады, мысалы, металлдарды синтездеуде: оксидтерді және хлоридтерді сутегімен тотықсыздандырып, алюмотермиялық және электролитті әдістермен және т.б. әдістермен. Алынған затты тазалау керек (қайта кристалдау, зонтық балқыту немесе бағытталған кристаллизациялау, возгонкалау, хромотографиялы тазалау).
Достарыңызбен бөлісу: |