Заттарды алуға сәйкес жазбаны құрастыру.
Жазбада заттың физика-химиялық қасиеттері, оны алудың химиялық жолдары, сәйкес реакция теңдеулері, қондырғының схемасы және жұмыс жасау әдістері болу керек. Алғашқы және соңғы заттардың физико-химиялық қасиеттерінің берілгендерін анықтамалық әдебиеттерден алады.
Теориялық материалдық балансы құрастыру.
Заттың нақты мөлшерін алу тапсырмасы теориялық материалдық балансты есептеудегі алғашқы берілгендер болып табылады.
Синтез бойынша жұмыс жасау және жұмыс жазбасына мүмкін болатын коррективтер енгізу.
Заттың шығымын анықтау: тәжірибелік материалдық балансты құрастыру және заттың шығымын есептеу (пайыз)
Теориялық және тәжірибелік материалдық баланстың сандық берілгендерін құрастырғанда кестеге жазған дұрыс, себебі синтездің сипаттамасына қарай кестелер әр түрлі формада болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |