Органикалық синтез


Бейорганикалық синтездеуге ұсынылған заттардың тізімі



бет21/21
Дата19.12.2021
өлшемі102 Kb.
#103506
түріПрактикум
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Химич синтез ТУП

Бейорганикалық синтездеуге ұсынылған заттардың тізімі:


  1. Металлдар мен бейметаллдар: мыс, күміс (күміс қалдықтарын өңдеу де кіреді), мырыш, азот, күкірт (тазалау), хлор, бром, йод, хром, марганец, темір, никель.

  2. Сілтілік және сілтілік жер металлдарының, күкірттің, хлордың, бромның йодтың гидридтері, гидразин.

  3. сілтілік және сілтілік жер металлдарының, мыстың, күмістің, магнийдің, мырыштың, хромның, марганецтің, темірдің, кобаль пен никельдің оксидтері.

  4. Асқын тотықтар мен асқынтоптық тұздары: сутегінің асқын тотығы, сілтілік және сілтілік жер металлдарының, мыстың асқын тотықтары, сілтілік және сілтілік жер металдарының пероксохроматтары және пероксодихроматтары.

  5. Сілтілік және сілтілік жер металлдарының, мыстың, мырыштың, алюминийдің, қалайының, қорғасынның, хромның, кобальттың және никельдің гидроксидтері.

  6. Оттекті қышқылдар және оның тұздары. Бор кремний, қалайы, азот, фосфор, күкірт, хром, молибден, хлор, йодты қышқылдар және оларды тұздары.

  7. Сілтілік және сілтілік жер металдарының, мыстығ күмістің, магнийдің, бордың, алюминийдің, фосфордың, хромның, марганецтің, темірдің, кобальт пен никельдің галогенидтері (сусыз және кристаллогидраттары).

  8. Сілтілік және сілтілік жер металлдарының, мыстың, күмістің, магнимйдің, бордың, алюминийдің, фосфордың, хромның марганецтің, темірдің, кобальт пен никельдің сульфидтері мен полисульфидтері.

  9. Сілтілік және сілтілік жер металлдарының, бордың, алюминийдің, фосфордің, хромның, марганецтің, темірдің нитридтері.

  10. Литий, мыс, күміс, сілтілік жер металлдарының, алюминий, хром, марганец, темірдің карбидтері мен ацетиленидтері.

  11. Комплексті қосылыстар: а) гидроксотұздар сілтілік және сілтілік жер металлдарының куприттері, алюминаттары, станнитері, станнаттары, плюмбиттері, ферриттері, ферраттары; б) қос тұздар – алюмо және хромокалиймагнийхлориді, аммоний және темір (2) сульфаты; в) мысғ хром, мырыш, темір аммиакаттары гидразинаттары және аминаттары, мыс, темір, никель купферронаттары, никель диметилглиоксиминаты.

Кейбір жағдайда алынған заттардың физикалық тұрақтылыраны (тығыздығын, балқу температурасын, спектрлі анализін) өлшеу әдісімен идентификациялау қажет болады.

Студенттержің жұмысын бақылау жұмыс жасағанда байқау әдісімен, жұмыс журналдарындағы жазбаны қарау және синтезді бітірген соң әңгімелесу арқылы жүргізіледі. Әр бір сабақтың соңында синтездің әр түрлі бірнеше әдістері енгізілген бақылау жұмысы жүргізіледің. Сынақ тапсыру үшін студент алынған зат туралы мағлұматтарды білуі керек, жасалынған жұмыстардың есебін беруі керек және сынақтық жұмыс жасау қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет