Қорықбаева Б.І №9 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. Тіл дамытудың тиімді әдістері



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі112,79 Kb.
#39233
1   2
Ақтауова Г.Ж.
9 мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет
пәнінің мұғалімі.

Оқытудың жаңашыл әдісі

Қазақ тілі мұғалімдері-біздердің алдымызда тұрған үлкен міндет: орыс мектебіндегі оқушыларды қазақ тіліне үйретіп, оны құрметтеуге тәрбиелеу; қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.


Сондықтан мен өз алдыма «Қайткенде оқушыларды сөйлетуге болады»- деген мәселе қойдым.Оны шешу үшін не істеу керек?
1.Дәстүрлі оқулық материалдарын жүйелеп, мазмұндас тақырыптарды біріктіріп, блок құру керек.
2.Әр блок соңында нәтиже сабақ өткізілу керек, ауызша, не жазбаша түрде қорытынды жасалуы керек.
3. Қорытындылаған кезде міндетті түрде мемлекеттік стандарттың талабы- тіл әрекетінің 4 түріне:
-түсініп тыңдау;
-оқу;
-жазу;
-сөйлеуге көңіл бөлініп, нәтижесі көрсетілуі керек.
4.Тақырыпқа байланысты тыңдалып алынған белсенді сөздер саны көрсетілуі тиіс.
5.Оқыту барысында оқытудың әр түрлі формалары, түрлері қолданылуы тиіс.
6.Әр блокта грамматикалық материал жүйелі түрде өткізіледі.
7. Әр блокта диалогтар, әр түрлі жағдаяттар ұйымдастырылады.
8.Бір блоктан екінші блоққа белгілі бір белсенді сөздер қорымен, сөз тіркестерімен,сөйлеммен өтеді.
9.Етістікпен жұмысқа ерекше көңіл бөлу керек.Мысалы:француз тілінің әдістемесінде етістікті меңгеру бірінші орында екен.Тіл дамыту етістік және оның түрлерін білуге байланысты. Сондықтан бар етістіктерді есепке алып жүйеге келтіріп, оларды блоктарға бөліп, шағын, мезгілін, райын, етісін анықтап, сызба құру керек.
Мысалы: ромашка түрінде құруға болады,
10. Әр блоққа түрлі тапсырмалар нұсқасымен тест құру керек.
Бұл, әрине, үлкен еңбек, сонда ғана нәтижеге жетуге болады. Қорыта айтарым, оқу үрдісі мына жүйеде құрылуы тиіс.
Стандарт-Бағдарлама-Оқулық-Оқудың жаңа технологиясы. Қазіргі таңда білім берудің ескі жүйесі-Ян Амос Коменскийдің дәстүрлі объект-субъектті педагогикасының орнына жаңа жүйе қалыптасуда. Бұл жүйе оқушыға түбегейлі бет бұрған. Ол оқушыны жан-жақты дамитын, ізденгіш, өз бетімен білімге талаптанатын жеке тұлға ретінде қарастырады.Олай болса, бұл жүйеде мұғалім рөлі де өзгереді. Яғни, оқушыларға білім беріп қана қоймайды, оларды жан-жақты зерттеп, танымдық қабілеттерін, өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастырып, оларды ұйымдастырушы
( фасилитатор) рөліне ие болады.
Жаңа жүйенің айнымас бөлігі- бұл оқытудың жаңа технологиясы.
Біраздан бері кеңінен танымал болған Д.Д.Эльконин-В.В.Давыдов, Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов,В.М.Монахов технологияларымен қатар қазақстанда Ж.А.Караевтың,
А.А. Жүнісбековтің, М.М Жанпеисованың технологиялары қолданып келеді.
Қазқастан Республикасының «Білім туралы Заңы» оқытушыларға өз қалауы бойынша оқытудың ең тиімді әдісін, технологиясын таңдап алып жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызып отыр. \Осыған орай қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінің сапасын арттыру үшін мектептердің мұғалімдері жаңашыл әдістерді игеруге талаптанулары керек.
Оқып,үйреніп, басшылыққа алынып отырған жаңашыл әдіс-интерактивті әдіс., яғни
жоғары белсенділікті дамыту әдісі. Бұл әдіс кез-келген дәстүрлі сабақтың да, жаңа технологиямен құрылған сабақтың да айнымас, құрамдас бір бөлігіне айналуы тиіс.
Бұрын жалпы бұл әдістеме осылай аталып, білім беру жүйесінде пайдаланылмағанмен, кейбір оқытушылардың тәжірибесінде сирек те болса қолданылып жүрген рөлдік ойындар, іскерлік ойындар тағы басқа ойын түрлері осы интерактивті әдістеменің белгілері болып табылады.
Сонымен, жоғары белсенділікті дамыту әдістемесінің қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудағы ұтымдылығы неде?
Жоғары белсенділікті дамыту әдісі деген не? Бұл оқытушы үшін ең қасиетті, ең керек түсінік. Бұл әдістеме тілдік таным, қатысымдық танымды тудырады, адамдар қатынасының негізі болып саналады. Екеуара және топ болып бір мақсатқа жету үшін бір-бірімен сөйлеседі, түсінеседі. Сондықтан тілді үйренудегі ерекше жол-ол интерактивті қатынас құру. Коммуникативті қарым-қатынас жоғары белсенділікті дамыту әдісіне екпін жасайды, себебі бұл әдіс белгілі бір проблемалық сөйлеу жағдаятында мәселені шешу үшін әртүрлі сөйлем құрамында тілді қолдана алады. Ал тілді үйретудің ең алғашқы кезеңінде-ақ үйренушілерге интерактивті жағдайға дағдыландыру керек. Жоғары белсенді қатысым арқылы сөздің қорын байытады, сөйлеуге үйренеді, алған білімін дамытады, өзіне-өзінің сенімі артып, білімге деген құлшынысы жоғарылайды. Мұндай қарым-қатынас тілдің икемдігін орнықтырады.
Дәстүрлі әдістемеде оқушы оқытылатын объект түрінде болады, ал интерактивті әдіс бойынша оқушылар қарым-қатынасқа түседі, бірін-бірі сыйлауға, дұрыс бағалауға, білмегені білгенінен үйренуге тырысады.мысалы, 10 класта өтілген «Шоқан Уәлиханов» тақырыбы бойынша нәтиже сабағы кезінде сөзжарыс өткізуге болады. Ол үшін мұғалім сөз жарысын тудыратын сұрақ қоюы керек. «Шоқанның ғалым болуына қандай жағдайлар себебін тигізді?» Бұл сабаққа дейін мұғалім Шоқанның ата-тегі, балалық шағы, қызметі туралы қызықты деректер береді.Класс 2 топқа бөлініп, әр топ көсемдері сайланады.
Жарыс басталысымен оқушылар 3 минут Шоқан туралы білетіндерін еске түсіріп, қайталайды. Содан соң 2 топ кезектесе отырып Шоқан туралы айтып шығады, бірін-бірі толықтырады. Ал топ көсемдері қарсы топтан естіген кейбір қызықты деректерді жазып алады, естіген пікірлерді жинақтап, ой түйеді. Сөзжарыс соңында әр оп көсемдері қойылған сұраққа байланыста тұжырымдамасын айтады. Кімнің жауабы дұрыс, дәлелді болса, сол топ «жеңімпаз» атанады.
Немесе осы тақырыпқа пікірталас жүргізуге болады.Бұның артықшылығы-сөйлеу 1-ші орында тұрады. Оқушылар қойылған сұрақты талқылайды,сөздеріндегі грамматикалық форманы бұзып айту қателерін мұғалім не білетін бала жөндейді. Демек, лингвистикалық материал қайталанады. 2-ші артықшылығы-ойлау қабілеті дамиды, лексикалық, грамматикалық дағды қалыптасады.
Әрбір топ өз пікірін дәлелдейді, ортақ пікірді оқытушы өзі жасайды.
Оқу процесінде лексикалық, грамматикалық тақырыптар түрлеріне қарай ойындар, сөйлеу жағдаяттарын пайдалануға болады. Мысалы, морфологияны өткенде мынадай коммуникативті ойындар ұйымдастыруға болады:
«Танысу», «Кім не істейді?», «Суретшілер», «Мамандық», «Сыншылар», «Сиқырлы қоржын», «Сөзді көркемде», «Затты тап», «Қалаға саяхат», «Эстафета», «Сиқырлы қоржын», «Бәйге». Сонымен қатар мынадай күрделі ойындарды пайдалануға болады:
« Көңілділер, тапқырлар клубы», «Брейн-ринг» т.б. Осындай ойындар арқылы оқушылардың коммуникативтік қабілеті, іздену қабілеті артады, сөйтіп, жоғары белсенділігі дамиды.
Жоғары белсенділікті дамыту әдістемесінің негізгі принциптері мыналар:
1.Өзінен-өзі пайда болатын ұстаным( автоматизация). Негізгі идеясы грамматикаға көңіл бөлмей, тақырыптың мазмұнына көңіл аударылады.
2. Ішкі сезім уәждемесі. Негізгі идеясы-оқушылар сөйлескенде өздерін еркін сезінеді.
3. Стратегиялық, қуаттылық.Негізгі идеясы-стратегиялық білімін қолдануды талап етеді.
4.Тәуекелге бару. Интерактив белгілі бір тәуекелге бел байлауды қажет етеді.
5. Тіл мен мәдениет арасындағы байланысы. Негізгі идеясы-жоғары белсенділікте сөйлеу мен жазу мәдениеті тіл мәдениеті ерекшеліктерін сақтауды талап етеді.
6.Тіл үйрену жолында көптеген қателерден кейін таза және дұрыс сөйлеуге дағдыланады.
7. Коммуникативті принцип.
Негізгі идеясы-жоғары белсенділік өзара қарым-қатынаста коммуникативтік принциптің барлық элементтерін қамтуы тиіс. Олар: грамматика,сөйлеу, лингвистика.
Интерактивті әдістің дұрыс ұйымдастырылуы, оқытушылардың шеберлігіне байланысты.
Ол әрі бақылаушы, әрі жетекші, әрі ұйымдастырушы.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет