Орынбай Бертағыұлы


Шортанбай ақын мұрасының жариялануы мен зерттелуі жайлы жазыңыз



бет16/23
Дата27.12.2022
өлшемі157,63 Kb.
#164682
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
19 ғ әдебиет жауаптары
6 лекция Омарова, Традиции нарадов мира
70. Шортанбай ақын мұрасының жариялануы мен зерттелуі жайлы жазыңыз.

Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылғой шешен жырауы. Өзі өмір кешкен заман шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей – кеншік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері. Жан-жақты талан- таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын тайға таңба басқандай бейнелей білген білгір жазушы. Кеңес заманында толғаулары мен айтыстары С. Сейфуллиннің «Ескі әдебиет нүскаларында» (1931), С. Мұқанов, К. Бекхожин құрастырған «қазақ әдебиетінің хрестоматиясында» (1942), «Айтыс» (1965) жинағында жарияланды. Ш-дың өз кіндігінен Алда- берген, Аязбай деген ұлдары, Бәйіш атты қызыболған. Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген.


Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топта, т.б. Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатарлар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді. Оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегіқайғы қасіреттің де шынайы суреті жасалады.
72. Шортанбайдың Орынбай ақынмен айтысының мән-мазмұны түсіндіріп жазыңыз
Бағзы заманнан бері қарай өмір сүрген ақын, жыраулар қазақ жеріндегі замана көшінің бағыт-бағдарын елден бұрын бағамдап, өмір ағымының беталысын, тіршілігінің тынысын тамыршыдай дөп басып танып отырған. Іштен, тыстан келетін қауіп-қатерлерді алын-ала сезіп білген. Бұл өзгелерден артық туған ақын, жырауларға тәңірдің берген тән қасиеті болса керек. Олар қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай заман болса, шаттана, масаттана жырлаған. Ел басына күн туған аласапыранда отты жырларымен қалың қазақтың жігерін жанып, тұтастық пен бірлікке шақырған. Ал туған жеріне жатжұрттықтар сұқ көздерін сүзіп, шеңгелдеп қол сала бастағанда жыландай жылжып келе жатқан қасіреттен халқын сақтандырып жырмен зар жылаған. Жат пиғылдылардың елдің іргесін ірітіп, ырысын шашып, қазынасын қасықтап та, шөміштеп те таситынын елден бұрын аңғарған. Ақындар алмағайып заманда елдің жігерін жанып, төнген қауіптің бетін қайтаруға халықты үндеп отырған.
Біздің дәуіріміздің ХVІІІ ғасырынан бастап Ресей патшалығы қазақ жерінде де отаршыл, озбыр саясат жүргізе бастады. Орыстар қазақ елін еріксіз билеп-төстеп, елдің шұрайлы, құйқалы өңірлерін емін-еркін егеленіп, халықты жерінен, әдет-ғұрпынан, дінінен бездіруге әрекет жүргізді. Әлімсақтан атадан балаға мирас болып, сан ғасырлар бойы алтын тіндей жалғасып келе жатқан қазақ қоғамындағы қалыптасқан құндылықтар орыс озбырлығының әсерінен өзгеріске түсті. Ел басқарудың жүйесі бұрынғыдан басқа сипат ала бастады. Халықты қисыны жоқ салықтармен, ретсіз алымдармен қанап, түкпір-түкпірде отаршылдықтың дендеп енуі, одан халықтың зардап шегіп, күйзеліске ұшырауының ақыры — тарих сахнасына елдің мұңын мұңдайтын бір шоғыр «зар заман ақындарын» шығарды. Олар қазақ халқының сол кезеңдегі мұң мен зарын, тарта бастаған азабын, көріп отырған теперішін, алдағы күнін ойлаған ұлт қайраткері дәрежесінде танылды. Өз заманының тамыр соғысын елден бұрын сезетін, өмір ағысының беталысын алдын ала біліп отыратын көріпкелдей сұңғыла ақындар күңірене небір толғауларды толғады, күрсіне тіл қатты. Ұлтқа қауіп-қатер жақындай түскенін естірте отырып, елді ата-баба дәстүрін қаймағы бұзылмаған күйінде сақтауға, ұлттық болмыстан ажырап қалмауға жалынды жырларымен үндеді. Осы арқылы халықты ел басына төніп келе жатқан қасіреттен сақтандырды.
Зауалды заманда ғұмыр кешіп, отарлық езгіге, орыс патшалығының қанауына түскен халықтың тағдырын запыранды зармен, күңіренген мұңмен жырлаған ақындар шоғырын қазақтың әдебиеттану ғылымына «зар заман ақындары» деп атайтын термин пайда болды. Бұл терминді ғылымға Мұхтар Әуезов 1927 жылы енгізген және зар заман ақындарының дәуірін бір ғасыр көлемі деп көрсеткен.
Осы зар заман ақындары шоғырында елге белгілі ақындар Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асандар болды.
Халықты зар илеткен зобалаң заманды жыр еткендердің бірі — ақын Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Қаратау өңірінде, Түркістан жерінде туылып, 1881 жылы Қарағанды облысы­ның Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылында өмірден озған. Шортанбайдың өз кіндігінен Алдаберген, Аязбай деген ұлдары мен Бәйіш атты қызы болған. Сыр бойы мен Түркістан аймағындағы ірі дін өкілі Мәді (Маһди) қажы — (Диуана) қожаның ұрпағы Шортанбай жас шағында арабша оқып білім алған. Көкірек көзі ояу, білімпаз Ш.Қанайұлы көрген-білгендерін көңіліне түйіп, санасына орнықтырып отырған. Тәңірдің берген дарынының арқасында ол ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ халқының тарихындағы ірі қоғам қайраткерінің бірі болған ақын. Өз дәуірінің өмір шындығын айқын көрсете білген бірден-бір көреген ақын заманның, қоғамның әр саласын кеңінен қамтып, шынайы өмірді көзбен көргендей етіп бейнелеп берген ірі суреткер, өткір тілді жампоз жырау болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет