Орындаан Уайділдә Айдын 302-топ Жамбыл шығармаларының Ұлы Отан соғысы кезіндегі әсері, тәрбиелік мәні


Әуезов Абай туралы деректерді қалай жинады?



бет3/9
Дата07.02.2022
өлшемі44,17 Kb.
#82301
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
20 ғас Уайділдә Айдын 302-топ

Әуезов Абай туралы деректерді қалай жинады?
Мұхаң 20-дан енді асқан жап-жас кезінен, яғни 1920 жылдардың басынан ақын мұрасын зерттеуге ден қойды. 1924-1925 жылдар аралығында Абай мұрасы төңірегінде Семей оқу орындарында дәріс оқып, «Таң» журналына ақынның өмірбаяны мен шығармаларын жариялады.
1924 жылы Семейде Абайдың қайтыс болуына 20 жыл толуына орай әдеби кеш те ұйымдастырды. Онда ақынның замандастарына естеліктер айтқызып, әңгімелерін тыңдады. Бұл кезде Абайдың көзін көргендер аз да болса, бар еді.
Жазушы алдымен Абай өмірбаянын жазуды бастады. Өзі ол туралы: «Әуелі оның өмірін зерттедім. Көптеген деректер тобын жинастырдым. Көкбаймен, атаммен, Ділдәмен, ақынның достары, жауларымен жеке-жеке кездестім. Көкбай, Ділдә, Әйгерім, Нұрғаным... оларды көрдім, әңгімелестім», – деп еске алса, тағы бір жазбасында: «Мен роман жазбақ болғаннан кейін керекті материалды әртүрлі жолмен жинай бастадым. Сондықтан мен оның балалық, жастық шағын, жігіт кезін көрсету үшін Абайды көзбен көрген адамдардың аздаған естеліктеріне сүйенуге мәжбүр болдым. Рас, өзімнің сол Абай шыққан жердің қазағы болғандығымның біраз пайдасы тиді: жасаңдау кезімде Абайды жақсы білетін адамдармен – кемпір-шалдармен кездескенім бар. Олардың кейбіреулері тіпті Абайдан бірнеше жас үлкен адамдар еді», – деп жазады.
Не артында қалдырған қолжазбасы, не күнделігі, не естелігі жоқ «өз заманы үшін жұмбақ жан күйінде өткен ғажайып ақын» туралы бір ғана жазушының осыншалық телегей теңіз мәлімет жинап, үлкен монография мен төрт томдық өмірбаяндық эпопея жазып шығуы расымен таңданарлық құбылыс еді.
Әуезов Абайды көрген әр адамның жүзінен ақынның өмір жолын іздеді. Ділдә, Әйгерімдердің сол кездегі келбетіне қарап отырып, бір кезде Абайды ынтықтырған сұлу қыз көркін елестету жазушыға оңай тимегені анық. Ал ақынның шәкірті Көкбайдың бізге жеткен естеліктері Әуезов арқылы келсе де, ол өмірден өткенде «Абай туралы толық жазып ала алмадым-ау» деген өкінішінің өзі неге тұрады?!
Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын жазуға 30 жыл уақыты кетті. Он тоғыз жасынан Абай туралы жазуды ойға алып, 17 жыл толассыз ізденіп, 12 жыл тапжылмай отырып, жазып шығады. Эпопеяға кіріспес бұрын жазған ақынның ғылыми өмірбаянының өзінің төрт нұсқасы бар. Алғашқысы 1927-1933 жылдар аралығында жазылса, екіншісі 1940 жылы, үшіншісі 1944 жылы, соңғысы түгелдей толықтырылып 1950 жылы жазылды. Арасында «Абай» трагедиясы да дүниеге келеді. Ал ғалым М.Мырзахметов «Абайға келудің жолы» мақаласында: «Абай мұрасын танып-білудегі М.Әуезовтің қол жетпес екі ұшар шыңы болды: оның бірі толассыз ұзақ ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы дүниеге келген келелі еңбегі – «Абай Құнанбаев» деп аталатын монографиясы, екіншісі – Абайды қайраткер ақын ретінде бүкіл әлем халқына танытқан «Абай жолы» эпопеясы болатын», – дейді.
Ақыры не керек, Абай өмірбаяны жөнінде түрлі тақырыптарға барып, көл-көсір дерек пен мәлімет жинаған жазушы негізгі еңбегін жазуға дайын еді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет