Орындаан Уайділдә Айдын 302-топ Жамбыл шығармаларының Ұлы Отан соғысы кезіндегі әсері, тәрбиелік мәні



бет8/9
Дата07.02.2022
өлшемі44,17 Kb.
#82301
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
20 ғас Уайділдә Айдын 302-топ

Сырбай Мәуленов (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 
1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. С. Мәуленов — қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. 
Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. "Жолдас" (1954), "Жас жүрек" (1956), "Жол үстіндегі жалындар" (1963), "Жұлдыз жырлар" (1963), "Қызыл арша" (1969), "Боз қырау" (1976), "Тау гүлдері", "Шалқар", "Жалын" (үшеу де 1979). "Жаңбырсыз күз" (1980), өлендері "Шуақ", "Алтын тасқын" өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); "Жұлдыз жүрек" (1985) жинақтары шықты.
Таңдамалы шығармалары", "Алтын тасқын" 1-т. 1981, "Өлеңдері" 2т.-1983; "Өлеңдері", 3т. 1984 жарияланады. Мәуленов — белгілі журналист бола отырып мерзімді баспасөзге белсене қатысты, көптеген публицистикалық мақалалар мен очерктер жазды. "Жар нәрі" атты әдеби портреттер мен очерктер жинағында 1966 республика еңбекшілерін халық шаруашылығын өркендетудегі еселі еңбегін туысқан республикаларға барған сапарларынан алған әсерлерін суреттейді. "Ал Үркер төбеде тұр" 1971 жыл кітабы естеліктер мен портреттерден этюдтерден құралған. Бұл жинақта Абай, Ыбырай; Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Қ. Аманжолов, Н.С. Тихонов, М. Тұрсын-заде тағы басқа өмір жолын қысқа әрі көркем бейнеленген. Шындағы шұғыла атты мақалалар мен очерктер жинағында 1972 Отанымыздың 50 жыл ішіндегі қол жеткен табыстары баяндалған. Мәуленов балаларға арнап "Барлаушы бал" (1961), "Құлыншақ", "Бала жолбарыс" (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы "Қорқақ торпақ" (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды. Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығынаң лауреаты (1970). 1-дәрежелі Отан соғысы; "Қызыл Ту", "Халықтар Достығы", "Құрмет Белгісі" ордендерімен және медальдармен марапатталды.

Ұлы Отан соғысында ерлігімен айрықша көзге түскен батырлар ерлігі өлеңге өзек болып, тақырыптық сипатына ықпал жасады. Осы орайда Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин туралы Ғ.Ормановтың, Б.Момышұлы, А.Тоқтаров туралы Ә.Тәжібаевтың, X.Қасымбеков, Е.Қойшыбаев, т.б. жайында А.Тоқмағамбетовтің, М.Мамыраев туралы Қ.Аманжоловтың, М.Ғабдуллин, М.Мәметова жайында Д.Әбілевтің, Н.Әбдіров хақында Ә.Сәрсенбаевтың, т.б. алуан ақындардың өлеңдерін атауға болады.


Ал ендігі бір шоғыр туындылар өлең-хат, өлең-жоқтау, өлең-естірту түрінде жазылды. Мәселен, қазақ даласына кең тараған Жамбылдың жоқтау-тебіренісі, шөгіп жатып алған қарт жырауға Кенен Әзірбаевтың өлеңмен әндетіп көңіл айта келіп, күйзеліп күйреген қарт ақынды жұбатуы немесе Ж.Саинның ерлікпен мерт болған жауынгер досы Ә.Жанұзақұлына арналған жоқтауы, т.б. туындылар поэзияның жанрлық сипатын, көркемдік бітімін байқатады.
Кезең шындығын шымыр да ширақ, әрі жедел жинақтап, көркем бейнелеуге оңтайлы жанрлардың бірі – баллада. Сұрапыл соғыстағы оқыс оқиға, драмаға толы қақтығыстарды, тосын сәттерді бейнелейтін Ә.Тәжібаевтың «Қан тамырлар», Ғ.Ормановтың «Қаһарман», Т.Жароковтың «Ол туғанда», Қ.Бекхожиннің «Партизандар анасы», Ж.Молдағалиевтың «Батыр туралы баллада», т.б. балладалар бұл жанрда да татымды туындылардың дүниеге келе бастағанын көрсетті.
Шағын эпикалық туындылардың көркемдік сипаттары өмір шындығын бейнелеу мен қамту мақсатына байланысты. Мұндай шығармалар қазақ ақындарының көркемдік тәжірибесі мен шеберлігін толықтыра түсуіне айтарлықтай жәрдемін тигізді. Жауынгерлердің ерлік әрекеттері, Отан үшін жасанған жаудан айбынбай, атой салғаны, қайсарлығы, патриоттығы балладалардың идеялық тынысына айналып, ақындарымыз сұрапылдың сойқан шындығын түрлі көркемдік мәнермен таныта білді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында от кешкен жауынгерлер де, күн-түн демей еңбек еткен тылдағылар да ендігі тіршілік нұры тек Жеңіспен байланысты екенін терең түсінді, жете түйсінді. Осы сезім мен ұғым Отанға деген махаббатты еселей түсті. Отансүйгіштік, туған жерге деген сағыныш баршаға қуат берді. Қ.Аманжоловтың «Елге хатындағы»:
Жылытып бауырымды ып-ыстық қан,
Кезімде өлі досты барып құшқан,
Үстіме сен кеп төніп тұрғандай-ақ
Болушы ем, атамекен, Қазақстан! –деген сөзі майдан даласындағы барша жауынгерлердің көкейіне тұнған лебізі еді.
Сонымен, қырқыншы жылдардың алғашқы жартысындағы поэзияның шағын жанрларында замана ағымына үн қосуға икемді, болмысты көркемдік тұрғыдан таразылауға қолайлы алуан түрлері бой көрсетті. Саяси лирика, азаматтық лирика, табиғат лирикасы, көңіл күй әуендері, толғау публицистикалық үгіт өлеңдер, сатиралық поэзия, өлең-жоқтау, өлең-көңіл айту, өлең-естірту, өлең-хат, өлең-очерк, өлең-естелік, баллада тәрізді шағын жанр үлгілерінде ақындар уақыт талабына сай үн қосуға ұмтылды.
Ал күрделі эпикалық жанр – поэмада болмысты түрлі тұрғыдан тану мен таныту талабы эстетикалық нысанасы әр алуан шығармалардың дүниеге келуінен аңғарылады. Халық ақындары жауынгерлердің ерлік әрекеттерін таныстыруға келгенде ертедегі батырлардың қаһармандығымен салыстыра сабақтастырып отырса, жазба ақындар да солар секілді соғыста ерен ерлігімен ерекшеленген, белгілі тарихи адамдарды өз шығармасына өзек етті, сонымен бірге өз тұжырымдамасын – ой-толғамын ұсынды. Таным мен таланттың табиғатына сәйкес құбылатын мұндай идеялық-эстетикалық сипаттардың түрленуі және молаюы – қазақ поэзиясының көркемдік әлемінің күрделене түскенінің мысалы.
Бұл ретте соғыс жылдары өз мәнерімен келген бір топ жас ақындар – Хамит Ерғалиев, Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Қуандық Шаңғытбаев, тағы басқалар да поэзиямыздың жаңа бояулармен жаңғыруына айтарлықтай үлес қосты.
Өмір шындығын суреттеуде, болмысты байыптау үшін кәдеге жарайтын көркемдік бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалануда шектеу мен тежеу көрсе де, қазақ поэзиясы аталған кезеңде тақырыптық жағынан да, жанрлық жағынан да салалана түсті. Шынайы дарындар шығармашылығының көркемдік тәжірибе, шеберлік деңгейі биіктеп, әдебиетіміздің көркемдік әлемі ұлғаюына, әрі жанрлық-көркемдік, әрі тақырыптық стильдік тұрғыдан түрлене, толыса беруіне өзіндік ықпал жасады.
Қазақ ақындарының отызыншы жылдары жаппай жазықсыз жазаланып, аса сиреп қалған қатары соғыстан кейінгі жылдары сан жағынан әжептәуір толыға түсті. Соғысқа дейін де өздерінің алуан жанрдағы шұрайлы шығармаларымен поэзиямыздың дамуына мол үлес қосқан, енді ғана алдыңғы буын өкілдеріне айналған С.Мұқанов екі таңдамалысы (1950,1954)мен екі шығармалар жинағын (1948,1951), А.Тоқмағамбетов дастандарын (1949), таңдамалысын (1953), «Агроном көктемі» (1955), «Алыптар туралы ертегі» (1948), өлеңдері мен дастандарын (1958), «Шыңға» (1950) атты жинақтарын ұсынса, Ә.Тәжібаев өлеңдері мен поэмаларын (1949), «Сүйген жүректер» (1951) секілді топтамаларын көпшілік талқысына салды.
Ғ.Орманов таңдамалысы (1950) мен «Өмір дастанын»(1948), Қ.Әбдіқадыров 1943-1946 жылдары жазған өлеңдерін (1948), Ж.Сыздықов таңдаулы өлеңдері мен дастандарын(1949), «Алтын қалам» (1949), «Қос қыран» (1948), «Майкөл тамы» (1950), «Өлеңдерін» (1951) жариялады. Т.Жароков таңдамалысы (1951) мен «Жапанды орман жаңғыртты» (1953), «Қырда туған құрышын» (1954) тарту етті.
Отызыншы жылдардың екінші жартысында есімі елге мәлім болып қалған ақындар– Қ.Аманжоловтың «Біздің дастан» (1949), «Дауыл» (1948) атты жаңа өлеңдерінің, таңдаулы туындыларының (1953), сондай-ақ , 3 томдық (1955) шығармаларының жинағы, Ж.Саинның таңдамалысы үш рет (1948, 1952, 1954),сонымен бірге «Алтай» (1950), «Дастандар» (1951) секілді кітаптары баспа бетін көрді.
Аталғандарға қоса, Д.Әбілевтің екі таңдамалысы (1949, 1953), «Алтай жүрегі» (1953), «Жас азамат» (1948), «Тұлға» (1947), «Шалқымасы» (1950) оқырмандарға жол тартты. Ә.Сәрсенбаевтың «Ақша бұлт» (1947), «Өлеңдер» (1949), «Отан таңы» (1952), «Төлдер айтысы» (1949), «Туған өлке» (1948), Қ.Бекхожиннің «Достық даусы» (1954), «Көктем» (1948), «Мәриям Жагорқызы» (1955), Х.Ерғалиевтың таңдамалысы (1954) мен «Біздің ауылдың қызы» (1950), «Екі дастан» (1949), «Сенің өзенің» кітаптары да осы кезеңнің жемісі. С.Мәуленов пен Ж.Молдағалиевтің әрқайсысы төрт жыр жинағын, Ә.Ахметов пен М.Әлімбаев, З.Қалауова, Қ.Мұқышев, С.Сейітов, А.Шамкенов, М.Хакімжанова екіден өлең кітаптарын жариялады.
Жас ақындар Б.Аманшин, Е.Әукебаев, Ж.Тілеков, А.Лекеров, М.Рәшев, Ә.Оңалбаева, Қ.Сатыбалдин, Т.Бердияров, Қ.Ұябаев, З.Шүкіров жырлары жеке-жеке жинақ болып, басылып шықты.
Ел өміріндегі һәмма өзгерістерге сергек қарап, жедел үн қосуға қашанда құлықты халық ақындарының да бірталай топтамалары өз оқырмандарының кәдесіне жарады. Олардың қатарында К.Әзірбаевтың «Әли батыр» (1955), «Өлеңдер мен дастандары» (1952), «Өлеңдер, дастандар, ән текстері» (1953), Н.Байғаниннің шығармалар жинағының I,II томы (1950), «Өлеңдері» (1949),И.Байзақовтың «Шығармалары» (1949), екі рет таңдамалы шығармалары (1948, 1949), Н.Бекежановтың «Домбыра сазы» (1950), Жамбыл шығармалары төрт рет, Т.Көбдіковтің «Алып күшті Отаным» (1948), «Өмір жыры» (1953) сияқты жыр кітаптары жарық көрді. Кітап жылнамаларындағы деректерге қарағанда, 1940-1955 жылдар аралығында поэзия әлемінде екі жүзден аса кітап шығыпты. Бұл сан, әлбетте, бұрнағы қай кезеңдермен салыстырғанда, әлдеқайда салмақты. Ал сапа жағынан осынша мол дүниенің ішінде асылынан жасығы молырақ. Кейінгі күннің кәдесіне жараған, уақыт сүзгісінен өте алғандары санаулы ғана.
Әйтсе де татымды табыстардан көркемдік тәлім үйренуге бастайтын, тәжірибе салыстыра келе, қайшылықты да сәтсіз мысалдардан ащщы сабақ алуға мәжбүр ететін, сәтсіздіктерінің өзі идеология тізгінін ұстағандарға ой салатын осындай әр қилы ізденістер әдебиеттің тоқырап қалмай, жанды ықпал-әсерімен, жас, жаңа шығармашылық күштермен жанданып отыруына хал-қадарынша әсер етті.
Соғыс жылдарынан бастап, өршіл даусымен, қуатты қызу, жалынды екпінімен ерекшеленген ақын – Қасым Аманжолов. Оның «Дауыл» (1948), «Нұрлы дүние» (1950) атты жинақтарына енген өлеңдері, «Абдолла» (Ақын өлімі туралы аңыз) атты асқақ рухты поэмасы қазақ поэзиясының айрықша құбылысына айналды. Қ.Аманжолов шығармашылығы – қазақ поэзиясында бұған дейін болып көрмеген тың эстетикалық игіліктерді әкелді. Бірде бұрқанған дауылды, бірде өрттей шарпынды, сұңғыла сезімтал, мейірбан, кейде ойшыл ақын халқымыздың көркемдік ойын жаңа биікке көтерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет