Овориальды цикл әйелдердің репродуктивтік кезеңінің әрбір 28-30 күнінде қайталанып отырады. Үрдісі бойынша екі сатыға бөлінелі: фолликулярлық және лютеиндік. Цикылдың маңызы үрдістердің бірі овуляция болып табылады- Граафов көпіршігінің жарылып, екінші реттік фолликулдың құрсына шығуы. Оп овариальды циклдың ортасында өтеді.
Жұп мүше,олар құрсақ қуысымен жатыр қуысын байланыстырады.
Жатыр түтікшелері парамезонефральды өзектердің жоғарғы бөлігінен тұрады.
Құрлысы бойынша үш қабаттан тұрады: шырышты, бұлшық еті және сірлі.
Шырышты қабықшаның ірі, тармақталған, бойлай орналасқан қатпарлары бар. Ол екі қабаттан тұрады: эпителийден және шырышты қабықшаның меншікті табақшасынан. Эпителий бір қабатты призма пішінді. Кірпікшелі және безді жасушалар болады. Безді жасушалар шырыш бөледі. Негізгі қызметтері; аналық жыныс жасушаларының жатырға қарай жылжуын қамтамасыз етеді, секреторлық ( шырыш бөлу ), эмбриональдық дамудың бастапқы сатыларын қамтамасыз етеді.