Ұрық шығару өзектің дистальді бөлігінен шыққан өсінділері түрінде пайда болады. Жұп безді мүше, сперманы мұйылтуға қатысатын фруктозаға ба, әлсіз сілтілі, сұйық шырышты өнім бөледі. Шырышты қабықшады көптеген тармақталған қатпарлар бар. Базальді мембрада орналасқан бір қабатты бағаналы эпителиймен қапталған, меншікті табақшасында эластикалық талшықтар көп. Бұлшық етті қабықшасы жақсы дамыған. Адвентициальді қабықша құрамында эластикалық талшықтары басым тығыз талшықты дәнекер тәннен тұрады.
Ұрық көпіршігі. Бояуы: гематоксилин - эозин. х 140. 1-кілегейліқабықтыңқатпарлары: а- эпителий; б-кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы; 2-ұрық көпіршігінің секреті; 3- етті қабық; 4- адвен-тиция мен ондағы қан тамырлары (И.В. Алмазов, Л.С. Сутулов бойынша).
Қуық асты безі.
Простата бұлшық еті –безді мүше. Ол зәр шығару түтігінің жлғарғы бөлігінде орналасады.
Эбриональдық дамудың 11-12 аптасында зәр шығару түтігінің эпителиінен мезинхимаға қарай өскен 5-6 сщзындылар түрінде пайда болады. Жатырша мен ұрық шашушы өзек арасында орналасыды.