Базальді мембранада орналасады,пішіні пирамида тәрізді. Ядролары дұрыс пішінделмеген. Цитоплазмасында түйіршіксіз эндоплазиалық тор, Гольджи кешені жақсы дамыған. Микротүтікшелер,микрофиломенттер,лизосома қосындылары болады. Бүйір беттерінде ойықтар болады,бұл жерде сперматогониялар,спермотоциттер,сперматидалар орналасқан. Тіректік жасушалардың арасында байланыстар қалыптасып,сперматогенді эпителийді екі бөлікке бөледі-сыртқы базальды және ішкі адлюминальды. Базальді бөлігінде сперматогонялар орналасады. Адлюминальды бөлігін сперматоциттер,сперматидалар және сперматозоидтар құрайды.
Сустентоциттер қорғаныш қызметін атқарады, зақымданған жыныс жасушаларын фагацитоздауға қабілетті,жыныс гармонын тасмалдайтын андроген байаныстырушы ақуызын бөледі. Тіректік эпителиоциттердің екі түрін ажыратады – ашық түсті, аденогипофиздің ФСГ бөлуін тежейтін ингибин бөледі және күңгірт түсті, жыныс жасушаларының бөлінуін арттыратын арттыратын фактор бөледі.
Аталық жыныс жасушаларының пайда болуы иректелген ұрық түтікшелерде өтеді. Алғашқы сатысында сперматогенді эпителийдің шетіне қарай орналасқан сперматогонялар көбее бастайды. Сперматогониялардың екі түрін ажыратады: 1) А типі бағаналық сперматогонялар, олардың өзі екіге бөлінеді:ұзақ өмір сүретін бағаналық жасушалар және тез жаңарып отыратын жартылай бағаналы жасушалар. 2) А және В типті дифференцияланушы сперматогониялар.