1.А – сары қапшықты эпителий 1.Б- гонодобластар 1.В – гонаданың ұрықтануы 2. Алғашқы бүйрек(мезонефроз)
Аталық жыныс жүйесі
Аталық жыныс жүйесіне: Ұрық жүретін жолдар, көпіршекті бездер, қуық асты бездер, аталық бездің қосалқысы, бульбауретральды бездер, аталық жыныс мүшесі.
Жыныстық хромасомалар ХУ болады. Аталық жыныс жасушаларының дамуы сперматогинез, төрт сатыдан тұрады.
I.Сперматогоний
А типті В типті
II.Бірінші ретті сперматоцит
III.Екінші ретті сперматоцтит
IV.Сперматида сперматозоид
Дамуы.
Аталық жыныс безінің дамуы алғашқы бүйректің үстінгі бетінде дәнекер тіндік капсуланың қалыптасуынан басталады. Капсула жыныстық бауларды жыныстық үйемелерден оқшаулайды. Баулардан ұрық түтікшелері мен аталық жыныс бездердің торы дамиды.
Аталық жыныс безінің торының түтікшелері тығыз талшықты дәнекер тінінен тұратын капсулаға жақындап келіп,шығарушы түтікшеге жалғасады. Ал ол аталық жыныс безінің қосалқысының түтігіне ұласады. Оның проксимальді бөлігі шиыршықталып қосалқысының денесін құраса,дистальді бөлігін ұрық шығарушы өзек түзіледі. Парамезонефральді өзек ер адамдарда кері дамыған,оның жоғарғы және төменгі шеттері ғана сақталады. Төменгі қалдығын простаталық жатырша деп атайды. Ол зәр шығару түтігіне ұрық шығарушы өзектің түйіскен жерінде орналасқан. Парамезонефральды өзектің кері дамуына әсер ететін ген 19-хромасоманың қысқы иығында орналасқан. Простата мен ұрықтың көпіршектері зәр және жыныстық синустардың өсіндісі болып табылады. Эбрионалдық дамудың 22 аптасынан кейін гоноциттер сперматогонияларға айналады.
Сыртынан сірлі қабықша жауып тұрады. Оның астында тығыз талшықты дәнекер тінінен тұратын ақ қабық орналасады. Аталық жыныс безінің артқы бөлігінде ақ қабық қалыңжап көкірекше қалыптасады. Одан бездің ішіне қарай дәнекер тіндік тосқауылдар кіріп, безді бөліктерге бөледі, әрбір бөліктің ішінде 1-4иректелген ұрық түтікшелері орналасады. Ұзындығы 30-70 см болып келеді. Көкірекше тарылған кезде иректелген ұрық түтікшелер бірігіп, тік түтікшелерге,ал олар аталық бездің торының түтікшелеріне ұласады. Олардан 10-12 шығарушы түтікшелер шығып қосалқысының өзегіне жалғасады. Ұрық үтікшесінің қабырғасын меншікті қабықша құрайды. Базальды қабаттан,миоидты қабаттан,талшықты қабаттан тұрады. Түтікше ішінен эпителиосперматогенді қабат қаптайды. Базальды қабат екі базальды мембрананың арасында орналасқан,коллаген талшықтарынан тұрады. Миоидты кабат миоидты жасушалардан тұрады,құрамында актин филаменттері болады. Түтікшелердің жиырылуына көмектеседі. Сыртқы талшықты қабат екіқабаттан тұрады. Миоидты жасушалардың базальды мембранасы иек коллаген талшықтарынан тұрады. Сыртқы қабат фибробласттарға ұқсасжасушалардан тұрады.