Аналық жыныс жүйесі мүшелерінің морфофункционалдық жағдайы адамның жасына және нейроэндогендік жүйенің белсенділігіне байланысты.
Жатыр. Жаңа туылған қыз балада жатырдың ұзындығы 3см аспайды, ол біртіндеп өсіп,жыныстық есею кезінде толық жетіледі.
Қыз балада аналық жыныс бездері милық заттың өсуі арқылы көлеміне ұлғаяды. Климакс кезеңінде менструальді циклдың тоқтауы аналық жыныс бездердің көлемін кішірейтіп,фолликулдардың жойылуымен және және олардың қан тамырларында склероздық өзгерістердің дамуымен сипатталады.
Сүт безі.
Сүт бездері- тері бездерінің өзгеріске ұшыраған түрі. Қызметтік маңызына байланысты сүт бездері аналық репродуктивтік жүйеге жатпайды,өйткені сүт бездері нәресте дүниеге келген соң оның бастапқы кезеңдегі қоректенуімен қамтамасыз етеді.
6-7 аптада аптада сүт сызығы түрінде пайда болады, кейін сүт нүтелері қалыптасады. Олардан мезинхимаға қарай тығыз эпителиальдық созындылар өседі. Кейін бұл эпителиальдық созындылардың дистальды ұштары тармақталып,сүт бездерін қалыптастырады. Ер және кыз балаларда сүт бездерінің бастамасының дамуы бірдей өтеді. Сүт бездерінің толық дамуы жүктілік кезде жүреді.
Сүт бездері 15-20 бөлшектерден тұрады. Олардың арасында майлы және борпылдақ дәнекер тіндер өтеді.Сүт шығару жолдары кеңейіп сүт синустарын құрайды,бұл жерде сүт жинақталады.
Аталық және аналық жыныс жүйелері репродуктивтік және эндокриндік қызметтерді атқарады.Жыныс жүйесі мен зәр шығару мүшелерінің дамуы бір – бірімен тығыз байланысты.Аталық және аналық жыныс жүйелерінің атқаратын қызметтері ұқсағанымен, олардың құрылысы бір – біріне ұқсамайды.
Қолданылған әдебиеттер:
“Цитология,эмбриология және гистология” Ж.О.Аяпова. Алматы 2007 263-282 бет.
«Зәр шығару және жыныс жүйелерінің гистологиясы» К.Т.Нурсейтова. Қарағанды 2009ж 27-67 бет.