СӨЖ 7
Топ- 307
Орындаған: Асқар Айдана
Қабылдаған:Қосымова Гүлбану
Көне қыпшақ тiлi туралы ең алғаш мәлiмет берген автор – М.Қашқари. Ол өзiнiң белгiлi еңбегiнде қыпшақ тiлiнiң кейбiр грамматикалық ерекшелiктерiн талдап, көптеген лексикалық мысалдар келтiрiп отырады. Қыпшақ тiлiн ол әрдайым атай отырып, заманындағы көп тараған көрнектi тiлдердiң қатарына жатқызады.
Түркi тiлдерiндегi есiм сөздер – мағынасы жағынан, морфологиялық белгiлерi және синтаксистiк қызметi жағынан да өзiне тән ерекшелiктерi бар сөз таптары болып табылады. Зат есімнің басқа сөз таптарынан мағыналық белгілері тек заттардың атын білдіретін сөздер ғана болып қоймай, сонымен бірге, әр алуан оқиғалардың, құбылыстардың аттарымен байланысты заттық, қимылдық, мезгілдік мәнді әр түрлі болып келеді. Зат деген ұғым күнделiктi өмiрде кездесетiн әдеттегi жай нәрселердi ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмiрдегi ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсiнiктердi де қамтиды. Бұдан есiм сөздердiң лексика – семантикалық сипаты салалы да, қарымды екенi байқалады.
Зат есім деп аталатын сөздердің өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері бар. Олар өздерінің лексика-семантикалық сипаттарына қарай, сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсетіндіктен, сол қатынастарға аса қажетті көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады. Зат есімдер тілдегі өзге сөздердің барлығына әрі ұйтқы, әрі өзек болып қызмет атқарады.
Тілімізде зат есімдерді семантикалық және грамматикалықсипаты жағынан талдап қарастырсақ, олардың бір саласы адам атаулары, екінші саласы адамнан өзге жан-жануарлар мен заттардың атаулары болып келеді. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды, туыс атауларын, іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын, әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын, кісі аттарын және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз. Адам атаулымен байланысты ұғымдардың аттары және кісі аттары енетіндіктен, оларды осы семантикалық ерекшеліктеріне қарай адамзат есімдері деп атауға болады.
Мал атаулары: қочқар-қошқар (КК), теге-теке (КК), сыйыр-сиыр (КК), улақ-лақ (КК), бей-бие (КК), қулун-құлын (КК),
Құрт-құмырсқа атаулары: қымырса-құмырсқа (ХШ), қасартқы-кесертке (КК),
Қару-жарақ атаулары: Қылыч-қылыш (ХШ, Г, Мн), чоқмар-шоқпар (КК),
Қора-қопсы атаулары: хырман-қырман (Мн),
Үй мүлiктерiнiң атаулары: ағ-ау (ХШ), кiлiм-кiлем (ХШ), чырағ-шырақ (ХШ), ешiк-қапұқ-есiк (Мн, КК), араба-арба (КК), бычақ-пышақ (КК), бiл-қайрақ (КК), қуймыч-шөмiш (КК),
Аспан денелерiнiң атаулары: фәләк-аспан (Мн), нәсiмi-самалы (Мн), ахтар-жүлдыз (Мн), йулдуз-жұлдыз (КК), құйаш-күн (Мн), мүнәууар-нұр (Мн), хал-жер (ХШ), бұлт-булут (ХШ), .
Құстардың, аңдардың атаулары: құш-құс (Г), куш-құс (КК), күгарчiн-көгершiн (Мн), лачын-лашын (Мн), усдыр-лашын (КК), тавуқ-тауық (ХШ), шұңқыр-сұңқар (Мн), түлкү-түлкi (ХШ), кадлiк-киiк (ХШ), киiк-киiк (Г), сычқан-тышқан (ХШ), арслан-арыстан (Г), арыслан-арыстан (Мн), иылан-жылан (Г), йел-пiл (Мн), чымган-қырғауыл (Мн), тонғуз-доңыз (КК), .
Өсiмдiк атаулары: санаубар-қайың (Мн), пiста-пiсте (Мн), ғоз-жаңғақ (Мн), бұғдай – бидай (ХШ), ғоз-жаңғақ (ХШ), қоз-жаңғақ (КК), қамыш-қамыс (Г), чечак-гүл (Мн), пiста-пiсте (Мн), ағач-ағаш (КК).
Сын есімдер синтетикалық, аналитикалық, семантикалық тәсілдер арқылы жасалады. Синтетикалық тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады. Аналитикалық тәсіл бойынша туатын сын есімдер жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы, негізгі сын есімдер мен туынды сындардың бір-бірімен тіркесуі арқылы, зат есім мен туынды сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы, негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы арқылы жасалады. Семантикалық тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің семантикалық жағынан бірте-бірте дами отырып, адьективтенуі арқылы жасалады. Бұл тәсілдердің ең өнімдісі синтетикалық және аналитикалық тәсілдер, ал семантикалық тәсіл тіпті өнімсіз. Қазақ тiлiнде сөз жасауға қатысатын негiзгi тұлғаларға түбiр мен қосымша жатады. Сөз жасау үшiн түбiр сөзжасамдық ерекшелiктерiн негiзгi тұлғаның бiрi ретiнде танылуы қажет. Түбiр сөздiң лексикалық мағынасы жаңа пайда болған сөздiң лексикалық мағынасына арқау болады. Жаңа сөз жасауға тiлдегi барлық түбiрлер қатысады.
Мағыналық жағынан туынды сын есiмдер өздерi жалғанатын түбiр сөздердiң мағынасымен орайлас келедi. Қазақ тiлiнiң академиялық грамматикасында, Н.Сауранбаев, Ж.Шәкенов, Ә.Төлеуов, А.Ысқақов, М.Серғалиев еңбектерiнде сын есiмдердi жасайтын жұрнақтардың мынадай түрлерi кездеседi: -лы, -лi, -ды, -дi, -ты, -тi, -қы, -кi, -ғы, -гi, -сыз, -сiз, -қыш, -кiш, -ғыш, -гiш, -шыл, -шiл, -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес, -улы, -улi, -ша, -ше, -шақ, -шек, -мыс, -мыш, -ыс, -iс, -с, -ын, -iн, -н, -ағаш, -егеш, -қалақ, -келек, т.б.
Сан есімдер сан мөлшерін абстракт түрде айтайын сөздер болғанымен, олар семантикалық, морфологиялық және синтаксистік жағынан іштей алды – алдына жеке категориялар ретінде танырлықтай бірнеше топтарға бөлінеді. Түркі тілдерінде қолданылып жүрген жіктеулік жүйе бойынша жазба ескерткіштер тіліндегі сан есімдер бірнеше топтарға жіктеледі. Сан есімдердің іштей жіктеліс топтарының кейбіреуі заттың, зат есімнен туған сынның немесе амалдың дәл санын я есебін білдіретін болса, кейбіреулері ретін білдіреді.
Есептік сандар нақтылы сандық ұғымды білдіреді, нақтылы сандық ұғымдарды атайды. Сан есім сөз табының негізін есептік сандар құрастырады. Олар сан есімнің басқа семантикалық топтарының жасалуына да негіз болады. Сондықтан сан есім құрамында есептік сандар ерекше орын алады, олардың атқаратын қызметі зор. ХІІІ – ХІV ғасырдағы жазба ескерткіштер тілінде есептік сан есімдердің өзіндік маңызы өте зор.
Қазiргi қазақ тiлiнiң қалыптасуы мен дамуындағы тарихи процестердi ашып-айқындау – бүгiнгi күннiң өзектi мәселесi. Орта ғасыр ескерткiштер тiлi мен жаңа тiлдiң сабақтастығын айқындауда және оларға лингвистикалық тұрғыдан баға беруде ХIII-ХIV ғасыр жазба ескерткiштерiнiң маңызы зор.
Қазақ әдеби тiлiнiң бастау көзi ретiнде ХIII-ХIV ғасыр жазба ескерткiштерiнің мәнін зерттегенде ондағы құбылыстарды диахрондық тұрғыдан да, синхрондық тұрғыдан да қарастыру қажет. Осы мақсатта ХIII-ХIV ғасырдағы жазба ескерткiштер тiлiндегi есiм сөздердiң жасалуы жан-жақты қарастырылды. Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің өзіндік жасалу тәсілдері сипатталды. Жазба мұрағаттар тілінде синтетикалық тәсіл арқылы есім сөздердің жасалуы ең негізгі әдістердің бірі екендігі дәлелденді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қашқари М., Түрік сөздігі. А., Хан – І том, 1997-590 б.
2. Құрышжанұлы Ә. Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер. 1975. 44-65 б..
3. Сауранбаев Н.Т. Некоторые черты древнекипчакского языка // Сб. Сауранбаев Н.Т. Проблемы казахского языкознания. –Алма-Ата. Ғылым, 1982. –С.254 //Сб. Вестник АН Каз. -1948. № 12.
4. Наджип Э.Н. Исследование по историй тюркских языков ХI-ХV в.в. Москва: Наука. 1989. –120 с.
5. Наджип Э.Н. О новонайденных арабописьменных списках “Мухаббат – наме” Хорезми / Советская тюркология. 1973, № 3. –94-100 с.
6. Сүйіншәлиев Х. VІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –Алматы: Мектеп, 1989. -223 б.
7. Құрышжанов Ә., Ибатов Ә. Ескi түркi жазба ескерткiштерi хақында. Кiт.: Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы мен даму жолдары. Алматы: Ғылым, 1981 ж. 97-124 б.
Достарыңызбен бөлісу: |