Норматив – норматив, қалыптама. Бұл терминді де норматив деп қалдырған жөн деп ойлаймын. Себебі, қалыптама сөзі жалпыға түсініксіздеу болады әрі бұл сөз көп қолданыста емес.
Озноб – қалтырау. Қалтырау сөзі жалпыға түсінікті әрі көп қолданады. Қосымша, синоним ретінде дірілдеу баламасын ұсынамын.
Лысина – қасқабас, тақырбас. Сөздікте лысина терминіне қос балама ұсынылған. Қасқабас сөзі көп қолданылмайды, көп адамға түсінікті емес. Сондықтан тақырбас баламасымен қалдырған жөн деп ойлаймын.