Әр жастағы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін бақылау мен зерттеу нәтижесінде бірнеше тұжырым жасауымызға болады. Мәселен, кішірек жастағы балаларды шығарманың жеке эпизодтары қызықтыруы мүмкін. Олар кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне бір жақты кесімді пікір айтуға жақын болады. Кейде өздерінің сүйікті кейіпкерінің іс-әрекетіне еліктеп, оларды жай-күйін бастан кешіргендей болуға бейім келеді.
Ал, жасөспірімдерді кейіпкерлер бойындағы мінез ерекшеліктері, адам табиғатындағы тұлғалық қасиеттер қызықтыратыны байқалады. Кейіпкер характерінің жасалуына, оның шындық өмірдегі адамдарға ұксастық жакта -рына ден қояды. Шығармадағы кейіпкер тұлғасынан өмірдегі адамдар әлемі- нің болмысына, шынайы құндылықтарға ойыса бастайды. Кейіпкердің моральдік бейнесінен өмірдегі адамдардың сипатын тануға бейімделе түседі. Кейіпкерлердің қалыптасу жолына, іс-әрекетінің мотивін іздеуге қызығушылықтары артады.