Сабақ және оның кезеңдері. Кіріспе сабақ, ерекшеліктері. Көркем мәтінмен жұмыс жүргізу кезеңдері Көркем шығармаларды талдау мәселесін қарастырғанда ең маңыздысы, керекті нысандарға тоқталып, әдеби мәтінді қабылдау үдерісін талдау жұмысына ұластыру, В.Я.Стоюниннің айтуы бойынша талдаудың басты мақсаты шығарманың форма мен мазмұн бірлігін сақтай отырып, идеялык өзегін талдаудың өн бойында жүргізу.
Көптеген адіскерлер мен психологтар «өнертану» дегенді талдаудың нәтижесіне балайды. Көркем шығарманы түсініп, түйсіну, кабылдау үдерісі оқырмандықты қалыптастыру міндеттерінен тысқары емес. Оқырмандықты қалыптастыру барысында оқушының дүниетанымын, рухани әлемін, тұлғалық болмысын қалыптастыру кезделеді. Жас деңгейі шамалас бір сыныптың оқушыларының өзі шығарманы әртүрлі оқып, әртүрлі қабылдайды. Шығарманы үйде оқып кабылдау бар да, сыныпта оқу немесе тыңдау арқылы (аудиалды) қабылдау көздері бар. Шығарманы оқу, кабылдау үдерісін үнемі дамытып отыру, оқушының осы оку əрететін үнемі бақылау мен есепке алу нәтижесінде ғана жүзеге асатыны белгілі.Әдістемелік тәжірибеде оқушының қабылдауын ұйымдастыру мен аныктаудың бірнеше әдіс-тәсілдері белгілі:
■ шығармадағы кейбір сөздер мен ұғымдардан туындайтын ассоциа цияны анықтау:
■ көркем шығарманы оқығаннан кейінгі әсері туралы әңгіме жүргізу;
■ көркем шығармадан алған алғашқы жер мен талдау барысында қалыптас-қан ой- пікірлерін салыстыру;
■ көркемдік құралдарды ауыстыра қолдану;
■ шығарма мәтінін композициялық бөліктерге бөлу;
■ мәтіндегі логикалық, психологиялық екпін түскен сөздерді белгілеу,
■ мәтіндегі дауыс ырғағы мен көңіл-күй реңкін айқындау;
■ көркем шығармадан туындаған жері туралы әңгіме, эссе жазу т.б. Мәтінді қабылдау үдерісін жетілдіру мақсатындағы жұмыстар мен әдіс-тәсілдерді жүйелеп көрейік:
Бірінші кезектегі тікелей қабылдау ерекшеліктерімен байланысты әдістер. Бұл әдіс көбінесе мәтінді танудың бастапқы кезеңінде қолданылады, сынып оқушыларының мәтінді жүргізіп оқуы төмен болған жағдайда керекті әдістер. Мәтінді шапшаң оқуға төселдіру әдістері, мәтінді тыңдау, дауыстап оку, буын мен бунакка белу, екпін мен кідірістерді анықтау т.б әдіс тәсілдерді жатқызуға болады. Шығарманы асығыс оқыту, үзу. алдын-ала шешім қабылдауға ұмтылу қауіпті. Әсіресе күнделікті сабақта әдіс-тәсіл бағытын оқушылардың ынта-ықыласына қарай кұру маңызды.
Екінші, мектеп оқушыларының белгілі бір дәрежедегі оқу қабілеттеріне сүйене отырып, талдау жұмыстарын кеңейте жүргізу әдістері. Бұған мәтінді мәнерлеп оқу, жатқа айту, екпін мен кідірістерді қолдана отырып мәтін оқу. Прозалық мәтін болса, синтаксистік құрылымды бунакка бөлу, өлең мәтіні болса құрылысын анықтау, дауыс ырғағымен композициялық құрылымын анықтай оку. Мәтіндегі идеялық салмақ түсіп тұрған сөздерді белгілей отырып оқу т.б. Бұл кезеңде оқушылардың шығарма композициясын анықтауы, көркем образды сөздерді, негізгі ойға трек сөздерді табуы т.б. жұмыстарында мұғалім идеяның астарын ашуға, ой-пікірдің тереңіне бойлатуға бағыттап отыруы керек.
Үшінші, оқушылардың талдау қабілетін дамытуда максатында қолданылатын, окушынын әдебиетті өнер сабағымен ұштастыра меңгеруін көздейтін әдістер. Бұл әдістерде көркем оқу сабақтары жолға қойылады. Көркем мәтіндерден кұралатын композициялык койылымдармен қорытындыланады. Үшінші кезеңнің нәтижесі оқушылардың мәнерлеп оқу дағыларының қалыптасуымен есепке алынады.
Шығарманың жекелеген із жолдарын талдау да кабылдаудан басталады. Шығарманы қабылдау үдерісін дұрыс ұйымдастыру, оқушының оқырмандык тәжірибесінің алғашқы «жемістерін» орынды есепке алу алдағы талдау жұмыстарының нәтижелі болуының да шарты. Түптеп келгенде, шығарманы оқу, қабылдау жұмыстарының барлығы оқушыны дамытуға бағытталады.