Орындаған: Әбдірайм Қызжан


Қазақ хандығы және Патшалық Ресей тұсындағы Ислам діні



бет5/6
Дата17.10.2023
өлшемі65,87 Kb.
#185979
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тарих2d (копия)

Қазақ хандығы және Патшалық Ресей тұсындағы Ислам діні.


XV ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығы құрылар кезеңде, Орталық Азия мен Дешті Қыпшақта Ислам дінін насихаттаған негізінен Яссауи және Нақшабанди тариқаттары (сопылық мектептер).
Яссауи тариқаты көшпелілердің дәстүрлі кодификациясы –Шыңғыс ханның Ұлы Ясасымен шариғат заңдарын қатар ұстанып, дәстүр мен дінді ұштастыра білсе, Нақшбанди тариқаты шариғаттың фундаментальды қағидаларын қатаң ұстануымен ерекшеленген.Бұл кезеңде көшпелі қазақ халқының табиғатымен шариғаттың фундаментальды қағидалары үйлесе бермейтін. Мәселен, шариғаттың ағайынды адамдардың некелесуіне рұқсат беруі – жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін берік ұстанатын рулық-тайпалық құрылымдағы түркі тайпаларының мүддесіне теріс келетін. Сондай-ақ, шариғаттағы ниқаб кию дәстүрі түркі халқының дәстүріне мүлдем сәйкес келмейтін. Қазақ әйелдері кимешек, орамал, жаулық киген. Бірақ, ешқашан аузы-мұрнын тұмшаламайтын.Қазақ хандығы құрылған шақта (1465 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас аймақтарында негізін салды), бұл мемлекеттің ресми діні – Ислам діні болды, әрі мұсылмандық құқықтық нормаларға жүгінді. Ислам дінін ұстанған түркі тайпалары Қазақ хандығына мүшелікке өтті. Ал Ислам дінін қабылдамаған тайпалар қазақбола алған жоқ. Мысалы, көрші ойрат, ұранқай, қырғыздың құрамында Қазақ халқын құраушы Найман, Қыпшақ. Керей, Қоңырат сияқты тайпалардың аталықтары кездеседі. Бұлар Ислам дінін қабылдамағандықтан, Қазақ хандығына мүшелікке өте алмады. Яғни, Қазақ халқын бір кеңістікте өмір сүрген діни сенім-нанымы, салт-дәстүрі, саяси мүддесі бір түркі тайпалары құрды. XVIII-XIX ғасырларда Қазақстан жерін отарлай бастаған Ресей империясының Ислам дініне деген қарым-қатынасы да қазақтардың исламдану үдерісіне шешуші рөл атқарды. XVII ғасырда Ресей үкіметі көшпелі халық арасына христиан дінін тарата бастады. Патша үкіметі христиан дінін тықпалаумен қатар, Ислам дінін әлсірету саясатын ұстанды. Қазақтардың шығыс елінде мәселен, Түркияда оқуына тыйым салды. Молдалардың қызметіне үкімет тарапынан қатаң бақылау орнатылды. Әр болыста бір ғана молда болды. Көшпелілер арасында молда Ресей империясына шын берілген қазақ болуы тиіс деді. Мешіт салу үшін генерал- губернатор рұқсаты керек болды. Молдалардың, жергілікті тұрғындардың сауатын ашу үшін уезд басшысының рұқсаты талап етілінді.
Дегенмен, қоғамдағы дін ықпалының қаншалықты күшті екенінің негізігі көрсеткішін ғибадатханалар мен діни білім беру жүйелерінің көптігінен көруге болады. XIX ғасырдың 60 жылдары Түркістан қаласында 20-ға жуық мешіт, 2 медресе болған. Ал, 1917 жылы Қазан төңкерісіне дейін Ақтөбе аймағында 200-дей, Жетісу өлкесінде 269, Бөкей ордасында 78, Әулие ата қаласында 15 мешіт болған. Зерттеулер орыс отарлауына дейін Түркістан өлкесінде білім берудің негізгі түрі дәстүрлі мектептер мен медреселер болғандығын көрсетеді. Кейбір зерттеулерде XX ғасыр басында 5892мектеп пен 353 медресе болғандығын мәлімдейді. Бұлардың басым бөлігі «заңнан тыс» ашылғандар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет