Орындаған: Әмірхан Даулет Қабылдаған: Жолсейтова Мағрипа Тобы



бет6/7
Дата27.04.2022
өлшемі94,72 Kb.
#140996
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әмірхан Дәулет БӨЖ д

VII-съезд. 2021 жылы жазда Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезі өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты келесі жылға шегерілді. Елордада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХІХ отырысының қорытындысында VII съезд өтетін орын мен мерзімі белгіленді. Атап айтқанда, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі 2022 жылғы 14-15 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Аталған форумда пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі кеңінен талқыланбақ.
3.Қорытынды
Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алты Съезінде діндер мен өркениеттер арасындағы қақтығысқа қарсы бағытталып, діннің бейбіт сипатта болатынын және әртүрлі діндердің бейбіт қатар өмір сүре алатынын алдыға тартты. Ежелден Еуразияның ұлан-байтақ даласында әрқилы діндер мен мәдениеттердің тоғысында орналасып, дәстүрлі исламның жібінен ұстап, өзіндік мәдениет қалыптастырған қазақ халқының маңдайына осы әлемдік және дәстүрлі діндердің көшбасшыларын өз жеріне шақырып,мәмілеге келтірудің тарихи миссиясы жазылған сыңайлы. Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билік басына келгеннен бастап өз елінде дінаралық келісім мен сұхбаттың негізінде қоғамның тұрақтылығын басты стратегиялық саясат ретінде ұстанып қана қоймай, бұл мәселенің әрі аймақтық әрі әлемдік деңгейдегі өзектілігі мен маңыздылығын ұғына білді. Нәтижесінде дінаралық сұхбаттың қазақстандық үлгісі халықаралық сахнада мойындалып, Қазақстанның жасампаз бастамалары Астанада үш жыл сайын өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съездерінің қорытынды құжаттарында көрініс тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет