II-съезд. Дүниежүзілік және дәстүрлі дін лидерлерінің Екінші съезі 2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде болды. Екінші съезге дүниенің түкпі-түкпірінен 29 делегация қатысты, жоғары деңгейдегі діни лидерлер мен қоғамдық қайраткерлер қатысып, әлемдік масс-медианың шоғыры көп болды. Дүниежүзілік және дәстүрлі дін басшыларының Екінші съезінің тақырыптамасы «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» деп аталды. Съездің қорытындылары бойынша бүгінгі әлемде діннің рөлі туралы олардың түсінігін бекіткен Декларацияда жаһандық бейбітшілікті орнату үдерісіндегі дүниежүзілік дінбасыларының рөлін нығайтуға бағытталған үш жылдық диалог пен бірлесіп істеген жұмыс кезінде қол жеткізілген уағдаластық өз көрінісін тапты. «Дүниежүзілік және дәстүрлі дін басшыларының Екінші съезінің Декларациясы» атты қорытынды құжатпен қатар «Дінаралық диалог қағидалары» қабылданды.Съезге қатысушылар жер бетіндегі барлық діндердің ізгі адамдарына үндеу жариялады:
– оларды өзара жауласудан, ұрыс-керістен, жеккөрушіліктен бас тарутға және өзара құрмет, шынайылық және мәдени, діни және өркениеттік саналуандылықты тану ахуалында өмір сүруге шақырамыз;
– діндерді не бөлетініне емес, оларды не біріктіретініне назар аудара отырып, соқыр нанымды, басқа діни дәстүрлерді елемеушілік пен бүұрмалап түсіндірушілікті еңсеру үшін бірлескен күш-жігер қолдануға деген өз табандылығымызды жариялаймыз;
– барлық формадағы лаңкестікті айыптаймыз, өйткені, әділдікті қорқыныш пен адам қаны арқылы тұрғызуға болмайды, ал мұндай құралдарды дін мақсатында пайдалану ізгілік пен үнқатысуға шақыратын кез келген діннің қағидаларынан ауытқушылықты білдіреді;
– діннің агрессияшыл болмысы туралы барлық жалған ойлар мен қасаңдықтарды, сондай-ақ қандай да бір дінді лаңкесшілдікпен байланыстыру әрекетін қабылдамаймыз;
– бүкіл діндерді адамзаттың аман-саулығын, қадір-қасиеті мен бірлігін уағыздайотырып, лаңкесшілдіктің барлық себептерін жою жолында бірлесе еңбектенуге шақырамыз;
– бін діндіұстанушыларды екіншісі айналдыруға бағытталған қандай да бір қысым көрсету мен күштеу әрекеттерін өзіміздің қабылдамайтынымыз туралы мәлімдейміз;
– өзара түсіністікке, ынтымақтастық пен әлеуметтік үйлесімге қол жеткізу ісіндегі білім берудің, жастар саясаты мен ортақ мәдениетке тәрбиелеудің өзекті рөлін қуаттаймыз. Бұл съезге қатысушылар келесі алқалы жиынды үш жылдан кейін Астанада өткізуді бірауыздан мақұлдап, Съездің бұдан былайғы қызметіне қолдау білдіруге БҰҰ Бас Ассамблеясының назарын аудару керек деп шешті.