Орындаған: Есиркепов Е. Тобы: жм-001Ғ



бет2/5
Дата26.12.2023
өлшемі382,9 Kb.
#199421
1   2   3   4   5
Байланысты:
елдос мед сим

2)Вентрикулярлық

  • Бұл екі түрін бір бірінен Р тісшесі арқылы айырады,ал Т тісше мен Р тісше қабаттаса оларды айыру қиын.Сондықтан оларды біріктіріп ,қарыншаүстілік тахикардия немесе QRS комплексі жіңішке тахикардия деп атайды,өйткені ол деформацияланбаған.

  • I - жүректің өткізгіш жүйесінің схемалық көрінісі: 1 - синус түйіні, 2 - жүрекше ішілік жолдар, 3 - атриовентрикулярлық түйін, 4 - атриовентрикулярлық түйіннің жалпы діңі, 5 - Гис шоғырының потенциалының шығу аймағы, 6 - бума тармақтары, 7 - Пуркинье талшықтары; II – электрокардиограмма (ЭКГ): жүрекшелер мен QRS кешені арқылы қозудың таралуына сәйкес келетін, қарыншалардың қозуын көрсететін P толқыны; III – атриовентрикулярлық қосылыс электрограммасы (жүректің оң жақ бөліктеріндегі зонд-электрод): А толқыны – оң жақ жүрекшенің төменгі бөлігіндегі потенциал, Н толқыны – жүрекше қарыншалық шоғырының потенциалы, V – қарыншалық потенциал.
    Электрокардиограмма элементтері мен жүрек ішілік электрограмма (гистограмма) арасындағы байланыс схемасы.

    Суправентрикулярлық пароксизмальдық тахикардиялар

    • Жиі сау адамдарда кездеседі (идиопатиялық пароксизмальдық тахикардия). Ең жиі себептері: қарыншалардың мезгілінен бұрын қозу синдромы, жүректің органикалық аурулары, жүрек гликозидтерімен улану жəне т.б.
    • Негізгі механизмі – жүрекшелер мен атриовентрикулярлық құрамаларда орналасқан эктопиялық орталықтардың клеткаларының автоматизмінің күшеюі мен қайта енетін импульстің айналма қозғалысының күшеюі.
    • Эктопиялық активтіліктің күшеюі жүрекшелік ПТ-ң, қозудың қайта енуінің механизмі атриовентрикулярлық тахикардияның жəне қарыншалардың мезгілінен бұрын қозуы синдромында болатын суправентрикулярлық тахикардияның пайда болуының негізін құрайды.

    Клиникасы.

    • Науқастың басты шағымы – кенеттен жүректің өте қатты жəне жиі соға бастауы. Бұған қоса əлсіздік, бас айналуы, кейде ентігу, кейде кеуденің немесе іштің ауыруы байқалады.
    • Спазмдық несеп бөлу симптомы – ұстама кезінде поллакурия мен полиурияның пайда болуы
    • ПТң осы түріне тəн белгі. Объективті тексергенде: терінің қуқыл тартуы, кейде мойын тамырларының солқылы байқалады. Тыңдағанда: жүрек ырғағы бұзылмаған, жүректің жиырылу жүйесі 1 минутқа 130- 250 тең болады, ІІ тон əлсіреген. Пульс əлсіз, жұмсақ, пульс тапшылығы (дефициті) жоқ, жиі АҚҚ төмендеген болады. Шок немесе өкпе шемені дамуы мүмкін. Ұстаманың ұзақтығына қарай тұрақсыз ПТ-ны (ұзақтығы 30 с дейін), тұрақты ПТ-ны (ұзақтығы 30 с жоғары) жəне созылмалы (тұрақты қайталамалы) ПТ-ны ажыратады.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет