Орындаған: Есиркепов Е. Тобы: жм-001Ғ


Жүрекшелік ПТ-ң ЭКГ-белгілері



бет3/5
Дата26.12.2023
өлшемі382,9 Kb.
#199421
1   2   3   4   5
Байланысты:
елдос мед сим

Жүрекшелік ПТ-ң ЭКГ-белгілері:

  • Жүрекшелік ПТ-ң ЭКГ-белгілері:
  • 1. Жүрек ырғағы бұзылмаған күйде жүректің жиырылу жиілігінің кенеттен 1 минутта 140-250- ге жетуі жəне оның кенеттен сиреп, бұрынғы қалпына оралуы.
  • 2. Əр қарыншалық QRS комплексінің алдында аласарған, деформацияланған, қос фазалы немесе теріс мəнді Р тісшесінің болуы.
  • 3. Ұстама басталғанға дейін болған қалыпты өзгермеген QRS комплексіне ұқсас QRS комплексінің сақталуы.
  • 4. Кейбір жағдайда АВ-өткізгіштігінің бұзылып, АВ-блокаданың І немесе ІІ дəрежесінің бой көрсетуі, сол себепті мезгіл-мезгіл кейбір QRS комплексінің түсіп қалуы (тұрақсыз белгі).

Жүрекшелік пароксизмальды тахикардия электрокардиографиялық критериі оңай – бұл қатарынан топтасып тұрған жүрекшелік экстрасистолалар, бірақ саны 7ден асады.

Емі

  • Ең алдымен кезбе нервісін механикалык тітіркендіру әдістерін кол-данып көреді, бұлар әсер етпегенде дәрмектерге көшеді.
  • Чермак-Геринг сынамасы — каротидтік массаж (қалқанша тәрізді шеміршектің жоғарғы шетінің төс-бүғана-емізік бұлшықетімен қиылысқан нүктеде ұйқы артериясын 10-20 с басу). Алдымен оң үйқы артериясын, ал одан оң әсер болмаса, 1-3 минуттан кейін, сол ұйқы артериясын басады. Жүректің тоқтап қалу қаупінен екі артерияны қатар басуға болмайды.
  • Құсу рефлексін туғызу.
  • Шарды үрлеп максимальды керу.
  • Бетті салқын суға батырып, 10-30 с дем алмау — «суға сүңгу» рефлексі.
  • Вальсальв сынамасы демді барынша ішке алып, 5-10 с күшену.
  • Данини-Ашнер сынамасы — бармақтардың ұшымен науқастың жабық көздерін, 1-3 минут аралықпен кайталап, 4-5с басу.

Медикаментозды емі

  • Кезбе нервісін тітіркендіру әдістерінен көмек болмағанда антиаритмиялық дәрмектерді келесі реттілікпен қолданады: калий дәрмектерімен бірге АТФ—ты 1% ерітіндісінің 1—2 — 4 мл вена ішіне бір өзін| ағызып енгізеді (түйіндік тахикардияда ең жақсы әсер етеді), ол әсер етпесе — верапамил 2,5% ерітіндісінің 4 мл бір өзін вена ішіне баяу енгізеді (минутына 0,4 мл), ол әсер етпесе -новокаинамидтің 10% ерітіндісінің 10мл физиологиялық ерітіндінің 10 мл-не қосып венаға енгізеді.
  • Жүрек шамасыздығы болса — тахикардия ұстамасын басу үшін жүрек гликозидтерін қолданған тиімді (дигоксин 0,025% — 1 мл, строфантин 0,05% — 0,5 (1 мл). Бірақ, WPW синдромында қарыншалар фибриллциясының даму қаупінен, гликозидтерді қолдануға болмайды. Оның орнына ритмилен, аймалин, этацизин, этмозин ритмонормды пайдаланады.
  • Пароксизмдік тахикардияның салдарынан және антиаритмиялық дәрмектердің әсерінен артериялык қысым күрт төмендеуі мүмкін. Мұндайда норадреналин 0,1%- 1 мл немесе мезатон 1% — 0,5 мл вена ішіне тамшылатып енгізеді.
  • Дәрмектік ем әсер етпесе жүрекшеішілік электрокардиостимуляция немесе электрлік дефибрилляция жасалынуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет