Еңбекақы қоры — бұл персоналдың жалақысына арналған барлық шығыстар, оның ішінде қаржыландырудың кез келген көзінен сыйлықақылар, үстемеақылар, өтемақылар. Осы көрсеткіштің көмегімен әртүрлі құрылымдық бөлімшелер мен санаттардағы қызметкерлердің жалақысына шығындар талданады, шығындарды реттеу және оңтайландыру, мөлшерлемелерді, жалақы мен бағаларды түзету жүзеге асырылады. Заңнамада көзделген барлық төлемдер Қордың сомасынан есептеледі: зейнетақы аударымдары, сақтандыру жарналары және т.б.
Еңбекақы қоры — кәсіпорынның шығындарын ұтымды етудің, қызметкерлерді ынталандырудың маңызды құралы.
Жалақы қоры – белгілі бір уақыт кезеңінде қызыметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін қарастырылатын ақшалай қаражаттың жалпы сомасы. Негізгі және қосымша жалақыдан тұрады. Сондай-ақ кәсіпорынның штатына жататындығына қарай тізімдік құрам қорына және штатынан тыс құрам қорына бөлінеді.