4.Дебат
«Нашақорлықпен күрес» тақырыбында дебат ойыны.
Дайындаған : 31 КО «АЖ» -топ студенттері: Бердәулет, Сәуле.
Дебаттың мақсаты: оқушылардың қоғамдағы білім беру мәселелері, білім ресурсы туралы ақпараттық тұрғыда ой қозғауы. Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.
Сабaқтың түрі: дебат сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер,тақырыпқа сай дидактикалық материалдар,суреттер,плакаттар,слайд. Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап беру,ситуация туғызу,шешу жолын айту,нақты дәлелдер келтіру.
Даттаушы: Бердәулет.
Жақтаушы: Сәуле.
Сәуле: Мен жақтаушы ретінде айтарым, я бұл нашақорлықтың пайдасы жоқ, ал зияны жетіп жаттыр. Өз ойымды айтатын болсам. Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.Есірткі - химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады. Олар түрлі топтарға бөлінеді:
- таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар ( марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар)
- химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар( гашиш майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк);
- синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);
Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл-ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болды. Ата-бабамыздың ең сүйікті сусыны - дертке дауа, жанға шипа қымыз еді. Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол - оңай алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияақты. Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар – кісінің көз жасынан , қайғы – қасіретінен алтын ақша тауып отырған қаныпезерлер. Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда. Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық»
Достарыңызбен бөлісу: |